Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    Баланың психологиялық дамуындағы ата-ананың бақылауының ролі.

     Құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің жаңа оқу жылындағы алғашқы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!

    Ата-анаға көз қуаныш,

    Алдына алған еркесі.

    Көңіліне көп жұбаныш

    Гүлденіп ой- өлкесі, - деп  Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

    Сондықтан ата-аналар Қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелеу және жақсы үлгі болу үшін не істеуіміз керек, сол жайында сіздермен пікірлесейік.

    «Бала – балқытылған алтын, қалыпқа қалай құйсаң солай қалыптасады.» «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», деген салмақты да салиқалы ойларға жүгінсек, қалыпқа құюшы алдымен тағы да ата-ана, сосын мектеп қабырғасында  жүргенде мұғалімдер.

    Қазір сіздерге қызықты сұрақтар қойылады, сіздер тез жауап бересіздер.

    -Балаңыздың туған күні?

    -Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

    -Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

    -Балаңыздың парталас көршісі кім?

    -Бүгін сабақтан қандай баға алды?

    -Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

    -Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

    -Балаңызды  еркелетіп қандай сөз айтасыз?

    -Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

    Баланы жастан бақпасаң,

    Жамандықтан қақпасаң.

    Қадірден жұрдай қасқа боп,

    Кешкенің өмір босқа тек,-

    Дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Бұгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі,бойын түзейді.

    Ата-аналардың қолына шар беріледі.Шарды үреді. Енді жартысы шарда жарады. Қалғаны жаймен шығарады.Мынау ашу ызаға толы шар делік, ашудың қалай шыққаны ұнады, бірден жарылғаны ма, жаймен шыққаны ма?Жақсы қарым-қатынас үшін  баламен болсын, адамдармен болсын ең алдымен сабырлылық, салиқалылық керек.

    Бала өмірге ақылды және мейірімді адамзат болу үшін келеді. Сондай болып өсуі ол әрине тәрбие берушіге байланысты.

    Осы жерде бір мысал келтірейін:

    Кішкентай ұл бала анасына жүгіріп келіп:

    -Анашым,сіз мені жақсы көресіз бе?

    -Сен жақсы бала болғанда жақсы көремін, ал жаман бала болғанда жақсы көрмеймін! ,- деп жауап береді.

    Сонда сәби анасына мұңайып қарап:

    -Ал мен сізді анашым, әрдайым жақсы көремін.....

    Міне көрдіңіз бе, балалар бізден, ересектерден ақылдырақ.Олар жай ғана жақсы көре біледі.

    Сондықтанда бала тәрбиесінде ұсақ-түйек нәрседен қате жібермей,үлкен жауапкершілікпен қарай білейік.


    Ата-аналарға психологиялық кеңес

    Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

    -Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру.

    - Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй  шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

    -Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

    -Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.

    -Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

    -Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

    -Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.

    -Бақылау, тексеру, бағалау.

    -Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу.

    Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

                                                                                    "Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті,
                                                                                      Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
                                                                                       жылы жүрек"
                                                                                              АБАЙ.
    Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
    Психологаялық көмектің бағыттары.
    Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
    Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. 
    Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
    Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек. 
    Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
    Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.
    Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.

    Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

    • - Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.
    • - Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

     Күн тәртібі:

    • * күнді үш бөлікке бөл;
    • * Тестке күніне 8-сағат дайындық;
    • * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;
    • * 8-сағаттан кем ұйықтама;
    • * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

    Тамақтану:
          Күніне  3-4 рет витаминге толы тағамдармен  тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

    Тестке 1-күн қалғанда

    • 1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.
    • 2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.
    • 3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.
    • 4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз,  керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.
    • 5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.
    • 6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.
    • 7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

    Тест күні

    1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол

    • үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.
    • 2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық  жаттығулар жасауын қадағалаңыз.
    • 3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

    Тест күнгі тамақтану үлгісі:

    • 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және  мүлдем тамақтабауғада болмайды.
    • 2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
    • 3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.

    Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?

               Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау,  ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.

    Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар.

    • 1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы
    • 2. Есте сақтаудың төмендеуі
    • 3. Сұрақты соңына дейін оқымауы
    • 4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы
    • 5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау
    • 6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық
    • 7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу
    • 8.  Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.
    • 9. Жүрек айну, іш ауру

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки