Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    2013-2014 оқу жылындағы каникулдар:

    - Күзгі каникул- 8 күн (4-11 қарашаны қоса алғанда) ;

    - Қысқы каникул- 10 күн (30 желтоқсаннан 2014 жылғы 8 қаңтарды қоса алған аралықта) ;

    - Көктемгі каникул- 12 күн ( 21 наурыздан -1 сәуірді қоса алған аралықта) ;

    - Мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул-8 күн

    - (4-11 қарашаны қоса алғанда);

    - Қысқы каникул- 14 күн (28 желтоқсаннан 2014 жылғы

    - 10 қаңтарды қоса алған аралықта) ;

    - Көктемгі каникул- 15 күн ( 20 наурыздан - 3 сәуірді қоса алған аралықта) ;

    - Мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші сыныптың оқушылары үшін қосымша каникул 7 күн ( 2014 жылғы 3 ақпан-

    - 9 ақпанды қоса алғанда).

    Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:

      1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

      5-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;

      10-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде 1-2курс оқушылары үшін -35градустан төмен болғанда;

      Сабақты тоқтату туралы ақпарат:

    - «31-канал», СТВ теледидар арнасының жүргітпе жолында сағат 6.30-дан. 7.00-ге дейін (бірінші аусым үшін) және 12.15-тен 12.45-ге дейін (екінші аусым үшін);

    - сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9.00-ден – 18.00-ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

    - ата-аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

    Сабақ тоқтату параметрлері туралы Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтынан оқуға болады.



    ПСИХОЛОГ КЕҢЕС БЕРЕДІ 
     
     ШЫНАЙЫ АТА-АНА КОДЕКСІ
     

    * Егер ата-ана баласының кітаптарды қызыға оқуын талап етсе, онда олар өздері де уақыт тапшылығына қарамастан кітаптарды қызыға оқиды. 

    * Егер ата-ана балаға өтірік айтпа деп талап қойса, онда ата-ана өзіне де, баласына да, басқа адамдарға да өтірік айтпайды. 
    * Егер ата-ана баласын еңбекқорлыққа үйретсе, онда ата-ана еңбек етуге жағдай жасап, баланың еңбекке қызығушылығын оятады. 
    * Егер ата-ана баласының ұрлық жасағанын қаламаса, онда олар соған итермелейтін жағдайлардан аулақ болу қажет. (тіпті ұсақ-түйек болса да) 
    * Егер ата-ана баласының ерте жастан спирттік ішімдіктерге әуестенсін демесе, онда олар отбасында ішімдік ішуден аулақ болуы керек. Ол дегеніміз, ата-ана баланың туылған күні мерекесінде де спирттік ішімдіксіз тойлағаны абзал. 
    * Егер ата-ана баласының ата-әжелерді құрметтегенін қаласа, онда ата-ана өздері үлгі болып, ата-анасын құрметтеп, аялайды. 
    * Егер ата-ана баласын жалғыздықтан арылтқысы келсе, баланың достарының көп болуына жағдай жасап, оларды үйге шақыруына рұқсат береді. Бұл ата-ананың өздерінің шынайы достары болып, олардың достық қарым-қатынасын бала көрген жағдайда ғана жүзеге асады. 
    * Егер ата-ана баласының оқу мен мектепке немқұрайлы қарағанын қаламаса, онда олар өздері балалық шағын жылылықпен еске алып отыруы тиіс. 
    * Тек ата-ананың жақсы үлгісі ғана өз жемісін береді. Есіңізде болсын, тәрбие берудің үш нышаны бар: жеке үлгі, талап қоя білу және қадағалау.

     
    БАЛА ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Document

    Полезные ссылки