Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    Бастауыш сынып бірлестігі

    Тақырыбы:Бастауыш  сыныпта  білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  технологияны  қолдану 

    Мақсаты:  Білім беру  жүйесіндегі  жаңа  технологияларды  қолдана   отырып  оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,  ақыл-ой еңбегі мәдениетіне енетін дағдылар мен әдіс- тәсілдерді, ойын  элементтерін  қолдана  отырып  ауызша  және жазбаша сөйлеу қабілетін дамыту.

     Міндеттері:

    • Жаңа оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын    қалыптастыру;
    • Оқушылардың  білімді өз бетімен  меңгеру  іскерлігін қалыптастыру;
    • Оқушылардың логикалық ойлау білімін жетілдіру. 


    « Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы»

         Қазан айының  21-31 жұлдызы  аралығында  бастауыш сынып  бірлестігінің  онкүндігі болып өтті.

         Тақырыбы:  « Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы»

    Мақсаты: Шығармашылық жұмыстар сапасына ғылыми-әдістемелік сараптама жасау арқылы шығармашылық жұмыстарын қолдану.

         Міндеттері:  Мұғалім өзінің әріптесінің іс-тәжірибесі туралы ақпарат алуға ықпал ету.

    • Педагогикалық жаңашыл технологиялық үрдістерді сатылап енгізу.

     «Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы» тақырыбында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің жоспары бекітіліп, көрме ұйымдастырылды. Жоспар ашық сабақтармен, сыныптан тыс сабақтармен және инттелектуалды білім сайыстарымен қамтылды.

                4 «А» сыныбының мұғалімі Таубай П. математика пәнінен «Өткенді пысықтау» атты ашық сабағында жазбаша көбейту мен бөлу кезіндегі амалдар тәсілін тәжірибеде пайдалана білуді топтарға бөліп, балалармен қызықты тапсырмаларды  ұтымды ұйымдастыра білді.

               2 «В» сынып жетекшісі Кенжебаева А.Н  математика  пәнінен  «Өткенді пысықтау» атты ашық сабағында Алдар көсемен  «Математика еліне саяхатқа» шығып, әр аялдамадағы киіз үйлердің артындағы түрлі тапсырмаларды орындады.

           1 «Ә» сынып мұғалімі Уайсова Қ.Т математика  пәнінен  «5 саны мен цифры» тақырыбында ойын түрінде ашық сабақ өткізді Мұғалім өзінің сабағында оқушыларға геометриялық денелер туралы қосымша мағлұматтар бере отырып, бастауыш сыныпта ойынның оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда тиімді тәсіл екендігін дәлелдей білді.

          1 «Б» сыныбының мұғалімі Р.И. Орынбасарова  математика пәнінен «Қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы» тақырыбындағы ашық сабағында  қосу мен азайту амалдарының байланысын түсіндіріп, сандар құрамын кеңейте білді.

          4 «Г» сыныбында Алшынбаева Р.Б әдебиеттік оқу пәнінен «Ата айтады» тақырыбында  өткізген ашық сабағында  өлең мазмұны мен идеясы арқылы қазақтың ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрпы  туралы көптеген мәлімет берді. Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны  тиімді пайдаланып, тәрбиелік жағына көп мән бере білген.

    1 «Ж» сыныбының мұғалімі Кенжебаева А.Н сауат ашу  пәнінен өткізген ашық сабағында «Е дыбысы мен әрпін» таныту жағдайларын қарастыра отырып, жапан түзде өскен емен ағашын тазалап, емдеу үшін көптеген тапсырмаларды ұтымды орындата білді.

    Даярлық тобының жетекшісі Жораева Г.Т сауат ашу пәнінен «Т дыбысы мен әрпі» атты ашық сабағында әріпті таныстырып, сөздерді буынға бөлді.Сөздердің мағынасын түсіндіре білді.

    2 «Ә» сыныбының мұғалімі Калмурзина Г.К. матаматика пәнінен «Жақшалы өрнектер» тақырыбындағы ашық сабағында «Ертегілер еліне» саяхатқа шығып, жақшалы өрнектердің шығарылу жолын түсіндірді.

          2 «Д» сыныбында  Канафина И.К әдебиеттік оқу пәнінен «Қызық дәстүр» деген тақырыпта халқымыздың ізгі-қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлерді оқушылардың бойына сіңіру үшін көптеген мәліметтерді бере білді.

      2 «Г» сыныбында  қазақ тілі  пәнінен  «Дауыссыз н мен ң» деген тақырыпта Адильханова Ж.С. ашық сабақ өткізді. Сабақты топпен жұмыс түрінде ұйымдастырып, сабақтың  қорытынды бөлімінде н ме ң-ның салыстырмалы Венн диаграммасын әр топтың оқушылары кезекпен жауап берді.

     4 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу  пәнінен Кенішбаева Қ.Д-ның «Тоқсан жолдың торабы» атты тақырыпта өткізген ашық сабағындағы ерекшелік ретінде оқушылардың алдындағы сол сабаққа арналып жасалған парақшаның  болғандығын ерекше атап өтуге болады. Өйткені ол парақшада әр баланың сабақ барысындағы белсенділігі мен білім дәрежесін бағалаудың жоспар бойынша 8 бағыты көрсетілген (Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау). Дүниетану, география, қазақ тілі, математика пәндерімен ұтымды байланыстырды.

    1 «Г»  сыныбының  мұғалімі Оспанова С.К  «Б дыбысы мен әрпі» атты тақырыбын ойын-сабақ  жобасында дүниетану пәнімен байланыстыра білді. Балаларға түрлі тапсырмалар беру арқылы Б әрпі мен дыбысын жан-жақты таныстыра білді.

    2 «А» сынып жетекшісі Таубай П. әдебиеттік  оқу пәнінен «Таудай бол!» атты ашық сабағында жақсы сөз, жақсы тілек айтуды өмірмен байланыстыра отырып, сыныптағы оқушыларды топтарға бөлді.

    3 «Д» сыныбының мұғалімі Темирболатова А.К  математика пәнінен «Өткенді пысықтау» атты ашық сабағында 2-5 сандарының көбейту және бөлу  кестесі туралы аоған білімдерін қайталап, көптеген тапсырмаларды ойын түрінде орындады.

    3 «А» сынып жетекшісі Жетібаева М.Е қазақ тілінен «Сөйлемді еске түсіреміз» атты ашық сабағында сөйлемнің түрлерінен өткенді қайталай отырып, алған білімдерін толықтыруға жағдай туғыза білді.

    1 «А» сыныбынң мұғалімі Сахариева Н.К сауат ашу пәнінен «И дыбысы мен әрпін» таныту арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйретуде гүл күлтелеріндегі тапсырмаларды орындады.

    4 «В» сыныбының мұғалімі Орынбасарова Ұ.С «Қожанасыр әңгімелерінен» атты ашық сабағында мәтінді рөлге бөліп оқып, сахналады.Топтармен жұмыс жүргізілді. «Ой қозғау» кезеңінде оқушыларға мультфильмнен үзінді беріліп, ары қарай өздері жалғастырды.Сабақ соңында оқушылар «Өзін-өзі» бағалады.

          2 «Ғ» сыныбының мұғалімі Қарабалаева К.Е «Есептер шығару» атты ашық сабағында Вастерман технологиясын пайдаланып есептер құрастырып,шығара білді.

          Осы онкүндікте 4-сыныптар арасында «Математикалық шайқас»  интеллектуалды-танымдық ойын болып өтті. Жауапты мұғалімдер Таубай П, Алшынбаева Р.Б,Сарсенова Д.Ү. Ойынды ұйымдастыру  барысында мұғалімнің техникалық құралдарды тиімді пайдаланып тапсырмалар мен сұрақтар оқушыларға слайд түрінде көрсетіліп отырылғандығымен қоса, осы  сұрақтар мен тапсырмаларды даярлауда мұғалімнің көп ізденгендігін байқауға болады. Бұл ойынға 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б», 4 «В», 4 «Г» сыныптары қатысты. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысты. Әр түрлі логикалық тапсырмалар берілді, оқушылар жылдам әрі тез жауап беріп отырды. Оқушылар ойынға белсене қатысты. Сайыс жоғары деңгейде өтті.  

    Бас жүлдені «Пирамида» тобы жеңіп алды. Бұл топ мақтау қағазымен марапатталды.

                 1-4 -сыныптар арасында «Таланттарды іздейміз» сайысы өткізілді. Жауапты мұғалімдерЖетібаева М. Темірболатова А.К. Бұл сайыста оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Сыныптың безендірілуі талапқа сай, оқушылар ерекше көңіл күйде болды. Талантты балалар осы сайыста байқалды. Жақсы өнер көрсеткен оқушылар онкүндіктің жабылу салтанатына қатыстырылды. Осы сайыста 2 «Д» сынып оқушысы Қуандық Шыңғысқан «Робот» биімен әділқазыларды таң қалдырып, бас жүлдені жеңіп алды

     2-сыныптар арасында «Күз аруы-2013» сайысы болып өтті. Жауапты мұғалімдер Тұрсынбекқызы К .Канафина И.К. Маханбетова Г.А.

    Онкүндіктің жабылу салтанатына орай «Өнер» мектебінің ұйымдастыруымен  өткізілген «Тапқыр тышқан ертегісін» бастауыш сынып оқушылары қызыға тамашалады.

          31 - қазан күні бастауыш сынып бірлестігінің жабылу салтанаты болып өтті.Жауапты мұғалімдер Орынбасарова Ұ.С. Кенжебаева А.Н. Онкүндік аясында өткізілген іс-шараларда үздік шыққан және жақсы өнерімен ерекшеленген, «Абай өлеңдерін» нақышына келтіріп, мәнерлеп оқитын оқушылар жалпы жұртқа өз өнерлерін паш етті.

    Мектебіміздің директоры Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы балаларды ерекше атап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Алдағы уақытта балалардың өнерлерін ары қарай шыңдай түсуіне тілек білдіріп, үлкен сахналардан көрінуіне сәттілік тіледі.

     

     

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки