Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    БО өзекті мәселелері, қиындықтар мен жетістіктерді анықтау, ата-аналарға  балаларының дұрыс таңдау жасауына, қазіргі заманға қажетті мамандықтарға қол жеткізулеріне қолдау көрсетулеріне ықпал ету мақсатында 06.02.2015 ж. ашық есік күні ұйымдастырылып, №202 кабинетте 9-сынып оқушыларының ата-аналары мен  Астана қаласындағы колледж өкілдері арасында «Мамандықты таңдау-болашақты таңдау» тақырыбында кездесу өткізілді. Жиынға 9-сынып оқушыларының (9 А-22, 9Ә-24, 9Б-24, 9В-24, 9Г-23, 9Ғ-23) 59 ата-анасы қатысты. 

    Колледж өкілдері ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, қызығушылық тудырған мәселелер төңірегінде сұқбат құрды. 
    «Құрылыс-техникалық колледжінің» өндірістік шебері Нұрлан Мүсіпқазыұлыкәсіптік ақпарат беруде өз тобындағы студенттердің қол жеткізген табыстары мен еңбекке орналастыру тәртібіне тоқталып өтті. 

    «Құрылыс-техникалық колледжінің» математика пәнінің мұғалімі Салтанат Амантайқызы студенттердің практикадан өту тәртібімен, шәкіртақы және еңбекақының төленуі туралы сөз қозғады.

    Астана қаласы әкімдігінің Энергетика және байланыс колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі Бекбаев Дәурен Капашұлы әлеуметтік серіктестер туралы мол ақпарат беріп, студенттердің  білім алуды одан ары ЖОО-да жалғастыру мүмкіндіктері мен тәртібі туралы, әскери мамандықтарға қалай баруға болатыны жайлы таныстырды.

     «Еуразия гуманитарлық институтының колледжінің» өкілі Хаменова Айгүл Калиоллақызы студенттердің колледждегі тыныс-тіршілігі, қол жеткізген табыстары, колледжден шыққан танымал тұлғалар туралы баяндады.

     «Көпбейінді колледж» МКҚК өкілі Усманова Гүлжан Қамбарқызы колледждегі ерекшеліктер туралы сөз қозғап, ата-аналардың да қысқа мерзімді курстарда оқып жатқандығы туралы айтып өтті.

    Ата-аналар жиыннан мол ақпарат алып, көкейтесті мәселелер жөнінде диалог құрды. Ұйымдастырушыларға  алғыстарын білдірді. Колледж өкілдерімен жеке сұқбаттасып, ақпарат алмасты. БО Сапарбаева Р.Т. мектептегі кәсіптік бағдар кабинетіне келіп, ақпарат алуға, сұрақтарға жауап табуға болатынын айтып,, ата-аналардың балаларымен бірге келіп, мектеп психологымен бірге жұмыс істеп, балаларға дүрыс бағыт беріп, тұщымды кеңес алуға шақырды. 

    Жиын соңында №52МГ психологы  Сутемгенова Алма Білісбекқызы «Отбасылық құндылық» тақырыбында видеоматериалдар көрсетіп, ата-аналар мен оқушылардың арасында «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың ұлт болашағы үшін маңызды екенін түсіндірді. 

    Кездесу соңында ата-аналар мен оқушылар Астана қаласындағы арнайы оқу орындарының өкілдерімен естелікке фотосуретке түсті.

     Білімді ұрпақ – жарқын болашақ

     Білімді ұрпақ - қазақстан­дық­тардың азаттық рухында тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен қарайтын жаңа буын. Бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұрпақтары – жан-жақты білім алып, мамандық иесі атану мақсатында болашаққа жоспарлар құруда…

       №52 мектеп-гимназиясында Директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары Cапарбаева Раушан Тәжібайқызының ұйымдастыруымен  « Анам - ..., әкем - ... Мен кім боламын? » тақырыбы аясында 3 «Ә», 4 «Г» сыныбының оқушылары ғылыми жоба жазып қорғады. Мақсаты: шығармашылық жобаны жазу барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, өзінің болашағына деген ойларын жетілдіре білуге,іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

       Осы мақсатпен 3 «Ә» сыныбынан:

    1. Мейрамбек Сағыныш
    2. Каримов Амир
    3. Кешубай Шырын

    4 «Г» сыныбынан:

    1. Нурмуханова Сая
    2. Тасболат Галина
    3. Жумабаев Мерей қатысты.

       Шығармашылық жоба - әр оқушының орындайтын өзіндік жұмысы.Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, жазатын жобаны зерттеуіне, материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты. Жобаны жақсы деңгейде жазып,белсене қатысқаны үшін – Мейрамбек Сағыныш, Каримов Амир, Кешубай Шырын марапатталды.

       Егеменді елдің ертеңі – келешек ұрпақ  қол жеткізген табыстар мен жетіс­тік­те­р тек қана оқушылардың ғана емес,мектептің жетісітігі деп санаймыз. 

    3ә сынып жетекшісі :    Г.Калмурзина

    Астана қаласының Білім басқармасы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «Жұмыс күші – Қазақстан экономикасының локомотиві» тақырыбында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары үшін 2014 жылғы сәуірдің 2-17 аралығында қала кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырды.

    Аталған іс-шара негізінде 03.04. 2014ж. мектебімізден 25 оқушы «Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не экскурсияға барды. 

     

     Оқушылар қала әкімдігінен арнайы бөлінген автобуспен «Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не уақытында жетті.

     

    ЖШС қызметкерлері оқушыларды жылы қабақпен қарсы алып, мекеме бөлімдерін аралатты. 

     

    Оқушылар жұмысшылардың жұмыс сәтін бақылап, өздері де жұмысшылар қызметін атқаруға мүмкіндік алды.

     

    -                     Бәрін көзбен көрген керемет екен, осындай жұмыс процесін теледидардан көрген болатынмын, дегенмен  нақ қасында тұрып бақылаудан басқаша әсер аласың,- дейді 9 «В» сынып оқушысы Тоқсанбек Индира.

    «Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не жасаған таным жорықтан оқушылар жақсы әсермен оралды. Көрген-білген, көкейге түйгендері туралы қызу пікірлесіп, ой бөлісті.

     

    04.03.2014 ж9-сынып оқушыларына «Copyright Vinod Chopra Films» киностудиясы 2009 жылы түсірген«Үш нақұрыс»(Три идиота) кинофильмі көрсетілді.

    Фильмнен алған әсерлері туралы оқушылар «Менің ойға түйгенім» тақырыбында жазған ойтолғауларында «Бүгін мен не білдім, не үйрендім, кейіпкерлер бейнесінен кімді таныдым, өзіме қалай қарадым, режиссер ойы қандай?» деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітіп, өзіндік пікірлері, көзқарастары туралы, болашақ мамандықтарын қалай таңдағандары, қазіргі дайындық әрекеттері жайында баяндаған. Оқушылар шығармашылығындағы «Өмірден өз орнымда табамын, Отаным үшін, болашақ ұрпақ, ізбасарларымыз үшін қызмет етемін және өз мамандығымның кәсіби шебері атанып, биіктерді бағындырамын. Қазақ елінің абыройын асқақтатамын!» деген жүрек жарды лебіздерінен балалардың дұрыс таңдау жасап, арманның асқарына құлаш ұрып, таңдап отырған мамандықтарына мақсаткерлікпен талпынып отырғаны көңілге сенім ұялатады.

     
     


     Ашық есік күнінде ата-аналарға бейіндік оқыту мәселелері мен кәсіптік бағдар жайында ақпарат берілді.

     Мақсат: БО өзекті мәселелері, қиындықтар мен жетістіктерді анықтау. ата-аналарға  балаларының дұрыс таңдау жасауына, қазіргі заманға қажетті мамандықтарға қол жеткізулеріне қолдау көрсетулеріне ықпал ету.

     21.01.2014ж №202 кабинетте 9- сынып оқушыларының ата-аналарымен  Астана қаласындағы колледж өкілдері арасында кездесу өткізілді.

     №52 МГ-ның бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасар Сапарбаева Р.Т. мектептегі ашық есік күнін ұйымдастырудың мақсаты, бейіндік оқыту мәселелері мен  ата-аналарға кәсіптік  бағдар жайында ақпарат берудің маңызын түсіндіріп өтті. 

    Кездесу барысында Д.А. Қонаев атындағы колледж өкілі Әлмағамбетов Шайзат Зейноллаұлы, «Қаржы академиясы» АҚ колледжінің өкілі Абдина Айнұр Рахметоллақызы, медико-техникалық колледж өкілі Ақылбеков Ж.К. энергетика және байланыс колледжінің өкілі Сәулебекова Ж. «Көпбейінді колледж» МКҚК өкілі Усманова Г.Қ. Қазақ технология және бизнес университетінің өкілі Сақтапбергенова Ү.Ә. арнаулы оқу орындарының материалдық-техникалық базасы, колледждер мен колледж түлектерінің жетістіктері туралы слайдтар, бейнероликтер көрсетіп, оқу орнына түсу үшін қойылатын талаптар мен оқу ақысы, оқудағы жеңілдіктер, түлектерді еңбекке орналастыру тәртіптерімен таныстырды. 

                             «Қаржы академиясы» АҚ колледжінің өкілі Абдина Айнұр Рахметоллақызы.


                                   Энергетика және байланыс колледжінің өкілі Сәулебекова Ж. 

     

     

                            Д.А. Қонаев атындағы колледж өкілі Әлмағамбетов Шайзат Зейноллаұлы
     

                                                 Медико-техникалық колледж өкілі Ақылбеков Ж.К

    Жиынға 9-сынып оқушыларының (9 А-28, 9Ә-24, 9Б-25, 9В-28, 9Г-30) 51 ата-анасы қатысты.  Колледж өкілдері ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, қызығушылық тудырған мәселелер төңірегінде сұқбат құрды. Дуальді оқыту мәселелері жан-жақты түсіндіріліп, студенттердің оқу орнындағы және тәжірибе алаңындағы тыныс тіршіліктері, шәкіртақы мен тәжірибеден өту кезеңіндегі еңбекақы көлемі, қолжетімді жеңілдіктер туралы сөз болды. 

    Жиын соңында ата-аналарға оқу орындары туралы ақпарат қағаздар таратылды. Ата-аналар кездесу кешінің өзектілігін ұғынып, ұйымдастырушыларға  алғыстарын білдірді. Оқу орындарын түгел аралап шығуға жұмысбастылықтан қол тимейтінін, басқа да оқу орындарының өкілдерімен осындай кездесулер болашақта тағы да ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.

                    Бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасар:              Сапарбаева Р.Т.

     

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Document

    С заботой о детях

    Полезные ссылки