"Әлемнің әміршісі - еңбек"
Үлкенді құрметтеу, еңбектің қадірін түсіну мақсатында "Әлемнің әміршісі - еңбек" тақырыбында өткен еңбек ардагерлерімен онлайн кездесулер. Еңбекті қадірлеп, ғұмырын өзінің сүйікті ісі мен бала тәрбиесіне арнаған қарттарымыз аман болсын. Ұрпағы үшін алаңдайтын асыл жандардың таңдары нұрлы, түндері тыныш, өмірлері ұзақ болсын!
.
#карттаркүні
https://www.instagram.com/p/CFyft8ohopS/?igshid=iy8tf0e83b2m
Экосабақ
Оқушыларға табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың тығыз байланысын, экологиялық мәдениеттің ауадай қажет екендігі жөнінде насихаттау, табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында онлайн форматта Экосабақ өтті. Жүргізген 8"А" сынып оқушылары Омарбеков Мырзабек пен Сағынай Ақтұмар.
Табиғатты аялау сіздің және біздің міндетіміз.
"Қарттарым, аман сау жүрші"
"Қарты бар үйдің қазынасы бар"
"Қарты бар үйдің қазынасы бар" деп демалысын ата-әжелерімен өткізетін ұрпақ рухани байлыққа кенелгенін қалаймыз. Тек демалысын ғана емес өмірлерінің әр сәтінде ата-әжелеріне еркелеп, өнегелі істерінен үлгі алғанға не жетсін. Оқушыларымыз ата-әжелерімен әңгімелескенін, бірлесе кітап оқығанын, айтқан ақыл-кеңестерін болашақта пайдаға асырады деп сенеміз.
https://www.instagram.com/p/CFwBrUkhAi_/?igshid=1rd6i059zys6j
Тәуелсіздігім-тірегім
"Отбасы - бақыт мекені" атты апталық кезеңінде мәдени мінез-құлықты дамыту мақсатында Тәуелсіздік сарайында оқушылармен мәдени серуенде болдық. Зәулім сарайдың ашылу күнінен бастап, ішіндегі қаламызға сыйлық ретінде тартылған әсем сувинирлар мен тәрбиелік мәні бар картинкаларды, терең мағыналы мүсіндерді тамашалап қайттық.
#otbasybakytmekeni2020 #тәуелсіздіксарайы #отбасыкүні #отбасыкүні2020 #мәденисеруен #меніңотбасым
"Отбасы- бақыт мекені" атты апталықта үздік видео ретінде оқушымыз Бекежан Бағланның видеосы "Білім беруді жаңғырту орталығының" фэйсбук парақашасына жүктелді. Жарайсың!
#otbasybakytmekeni2020 #тәуелсіздіксарайы #отбасыкүні #отбасыкүні2020 #мәденисеруен #меніңотбасым
https://www.instagram.com/p/CFJaeENheRz/?igshid=khpw0oxjp748
«Біз таза елорданы қолдаймыз!»
Сенбілікке 5-11 сыныптар бойынша 840 мектеп оқушысы шықты. Көңілді музыка әуенімен мектеп ауласына жиналған оқушылар «Таза аула – мектеп мақтанышы», «Біз таза қаланы қолдаймыз!», «Тазалық - денсаулық», «Аялдамаларда, саябақтарда өзімізді мәдениетті ұстап, жан- жағымызды ластамайық», «Қоғамдық көлікте өзімізді дұрыс ұстайық!», «Астанамыздың көркі – өз қолымызда!», «Мектебім – менің мақтанышым!» ұран сөздерімен сенбілікке сынып болып үлес қосатындықтарын мақтанышпен жеткізді. «Өзін –өзі басқару» ұйымының «Салауат» бағытының көшбасшысы Қайдар Әділ оқушылармен ширату жаттығуларын жасатты. Мектеп директоры Ұ.Байтасова оқушыларға тазалық – Астана мәдениетінің негізі болатындығын түсіндіріп, сенбілікке тілектестік білдірді.
Оқушылар белгіленген учаскелерде ағаш түптерін қопсытып, әктеу, сыпыру, қоқыстарды шығару жұмыстарымен айналысты. 50 түп тал отырғызылды. Сенбілік барысында көтеріңкі көңіл-күймен, жоғары белсенділікпен ат салысты.
Сенбілікті мектеп әкімшілігі жанынан құрылған комиссия қорытындылады. Жақсы жұмыс атқарған сыныптарға алғыс айтылды.
24 сәуір 2018 жыл
Иә (210) | 210 |
Жоқ (107) | 107 |