Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    2015-2016 оқу жылының факультатив сабақтарының кестесі
    Бейінді оқытудың онкүндігі

     №52  мектеп-гимназиясында 13.11.2014ж. - 23.11.2014ж. аралығында
    «Шығармашылық ізденіс – кәсіби шеберлік негізі» тақырыбында бейінді оқыту онкүндігі өтті.

    Мақсаты:

    Оқушылардың кәсіби бағдарының қалануына септігін тигізетін оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын қолдану арқылы мамандардың кәсіби-әдістемелік шеберлігін дамытуға ықпал ету.

    Бейінді оқытудың онкүндігі барысында атқарылатын іс-шаралар жоспары МГ директоры тарапынан бекітіліп, жоспарлы іс-шаралар мерзімінде орындалды.

     Онкүндік  «Мамандықты таңдау – болашақты таңдау» тақырыбындағы саптүзеумен ашылды.

    9 «Г» сынып жетекшісі Құттыбаева Б.А. өз сыныбымен «Мамандық таңдау-болашақты таңдау» тақырыбындағы саптүзеумен онкүндіктің ашылуын жауапкершілікпен, әсерлі етіп өткізді. Саптүзеуде оқушыларға мамандық таңдаудың сыры, мамандық таңдаудағы қателесудің адам тағдырына әсері, оқушыларға мамандық таңдаудағы қиындық тудыратын мәселелер және олардан шығудың оңтайлы жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Оқушыларға өз мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт беретін видео материалдар мен слайдтар көрсетілді.

     

    Барлық сыныптарда «Мамандық таңдау-болашақты таңдау» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

    Оқушылардың кәсіби ой ниетін анықтау мақсатында 2-4 сынып оқушыларынан «Кім болам?», 5-7 сынып оқушыларынан «Мен таңдаған мамандық», 8-11 сынып оқушыларынан «Мені қызықтырған әлем» тақырыптарында шығарма алынды.
                           
    15.11.2013ж.  сағат  13:05-те  №417 кабинетте  «Әдебиет беттері» факультатив курсынан Жақыпова М.Н. 11 «Ә» сыныбында «Мөде батыр туралы аңыз» тақырыбында ой бөліс сабағын өткізді. Оқытушы сабақтың негізгі түйінін оқушылардың өздеріне тапқызды. Оқушылардың теориялық меңгерген білімін практикада қолдана білуге машықтандыру, ізденіске бағыттау жолға қойылған.
    Пікір қорғау – шешендік негізі, шығармашылық  ізденістің бастауы

                                          

    15.11.2014ж.  сағат 14:50-де  №315 математика кабинетінде «Көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер,теңсіздіктер» курсынан 11 «А» сыныбында пән мұғалімі Абдыкаликова Ш.К. «Бірінші дәрежелі логарифмдік теңдеулерді шешу» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізді.

    Сабақта факультатив сабаққа қойылатын талаптар жүйесі толық орындалды.

    15.11.2014ж.  сағат 15:00-де  №202 мультимедиялық кабинетте  8-10 сыныптардағы «Зерттеушілік зертханасы» факультатив курсынан пән муғалімі Кайсенова В.И. «Баламалы энергия көздері және ЭКСПО-2017» тақырыбында қала көлеміне  шеберлік сыныбын өткізіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

                             

    Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі В.И. Кайсенованың   «Баламалы энергия-жарқын болашақ» тақырыбында өткен  шеберлік сағатына (мастер класс) қала мектептерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысып, әріптестерінің шеберлігіне тәнті болып кетті.

    16.11.2014ж.  сағат 12:00-де  №406 кабинетте 11 «А» сынып жетекшісі Набиева Б.Қ. «Қазаққа қандай мамандық қажет?» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізді.       

    Дөңгелек үстелде қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтарды санамаланып, қазақ балаларының сұраныстағы мамандықтарға емес, өз қызығушылықтары мен ата-аналарының таңдап берген мамандықтарына қарай баратындықтары жайлы статистикалық деректермен, ақпараттарды мысалға келтіріп қызу пікірталас жүргізілді

    16.11.2014ж. №208 қазақ тілі кабинетінде 5 «Б» сынып оқушыларымен «Әдебиет беттері» факультатив курсынан «Абай. Өнер, білім, ғылым туралы» тақырыбында пән муғалімі Аукенова Т.Қ. Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқудан сайыс өткізді.

     

     Сайыс республикалық Абай оқулары сайысының шарттарымен жүргізілді. Оқушылардың сахна мәдениеті, өлең оқу машықтары қалыптасқан.

    18.11.2014ж. Қазақ-Ресей университеті жанынан құрылған Қазақ-Ресей университетінің «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығында  Әбдікәрімова Ш.Ә.  «Әдебиет - сырлы әлем» факультатив курсынан «Абайдың қара сөздеріне шолу» тақырыбында пікір қорғау сабағын өткізді.


    Сабақты бастамас бұрын музей меңгерушісі Алмахан Мұхаммеджанқызы музей экспонаттарымен таныстырып, оқушыларға А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы және абайтанушы ғалымдар М. Әуезов пен Қ. Мухамеджановтың зерттеу еңбектері жайында көп мәлімет берді. Сабақ барысында оқушылар А.Құнанбаев жайында ізденген ақпараттық зерттеулерін ортаға салып, ақынның өлеңдері, қара сөздері, аудармаларын жатқа оқып, мазмұндық-құрылымдық талдау жасады. 9 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Райымбек А.Құнанбаевтың образын сомдап, қазақ жастарына Абай Құнанбаевтың «толық адам» философиясын насихаттады.

    «Биохимфиз»  курсында біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Кайсенова Валя Иман-Мәлікқызы зерттеу-жобалау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіспен қатар оқушының өзі таңдап отырған мамандыққа да бағыттап, нәтижелі жетістіктерге  жетіп жүр. 

    18.11.2014ж. Кайсенова В.И. 11 «А» сыныбында «Биохимфиз» таңдау курсынан «Конденсаторлар» тақырыбында зерттеу-жобалау сабағын өткізді.

    Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Кайсенова В.И. «Биохимфиз»  курсында жобалау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіспен қатар оқушының өзі таңдап отырған мамандыққа да бағыттап отырады.
    19.11.2014ж. сағат 13:05-те №406 кабинетте  Ахметова А.А. 10 «А» сыныбында «Мәтінді есептер» факультатив курсынан  менің жұлдызды сәтім ойыны формасында «Экстремумға арналған есептер шығару» тақырыбында сабақ өтті.

    19.11.2014ж. сағат 13:05 Жәйірбек Қайрат 7 «Б» сыныбында «Халық  өрнектері» факультатив курсынан  «Жүннен жасалған бұйымдар. Сырмақтың түрлері» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар теориялық меңгерген білімдерін практикалық жолмен қорғады. Сабақ барысында өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме жасады. Оқушылардың пәнге, ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылықтары өте зор. Пән мұғалімі Жәйірбек Қ. әрбір оқушының жұмысын жіті қадағалап, дер кезінде түзету жасатып, өңдетіп, дұрыс бағыт беріп отырады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ тақырыбына байланысты өздеріне берілген мақал мәтелдердің мәнісін талқылап, өзара пікір білдірісіп жатты.Мұғалім оқушыларға жүннен жасалған бұйымдарды әр түрлі көрнекіліктермен түсіндіріп, халқымыздың киізшілік өнерімен, сырмақшылық өнерін практикалық ойын түрінде көрсетіп берді.

     19.11.2014ж. сағат 17:35-те №302 кабинетте Амирканова Т.Т. «Сөзжасамдық  норма» факультатив курсынан 5 «Ә» сыныбында «Негіз сөз» тақырыбында ізденіс сабағын өткізді.

    «Cөзжасамдық норма»  факультатив курсында  Татьяна Тұрсынбекқызы

    оқушыларды шығармашылық ізденіспен қатар оқушының өзі таңдап отырған мамандыққа да бағыттап оқытады.

    Сабақта суретші, күйші, әнші, инженер, құрылысшы, заңгер т.б. мамандықтарды таңдап отырған жеткіншектер тілдік материалдарды өз мамандығымен байланыстырып өз жобаларын қорғады. Балалардың пәнге қызығушылығы зор.

    5 «Ә» сынып оқушысы Орынбай Таңшолпан мұғалім болып, сабақта ұстазына орынбасарлық қызмет жасады.
    20.11.2014ж. сағат 13:05-те №317 кабинетте 8 «А» сыныбында
    Мукашева Ш.Ж. «Қызықты математика» курсынан «Санау жүйелеріне берілген есептер,қалжың есептер, көңілді сұрақтар» тақырыбында топтық жұмыс жүргізді.
    20.11.2014ж. сағат 14:00-де №309 кабинетте 10 «Ә» сыныбында Юсупова З.А. «Қазіргі алып құрылыстар» курсынан «Әзірет сұлтан мешіті» тақырыбында пікірталас сабағын өткізді.
    20.11.2014ж. 12:00-де №411 кабинетте 7 «Г» сыныбында Ахметова Қ. А. «Жел энергетикасы, ауа бассейінінің экологиясы» тақырыбында зерттеу-жобалау сабағын өтті. «Шығармашыл», «Үнемшіл», «Болашақ» топтарындағы оқушылар дәрігер, геолог, географ, тарихшы, эколог, этнограф болып, желдің Астана қаласына экологиялық зардабын дәлелдеді. Дәрігер қандай аурулар пайда болып жатқанын, географ желдің бағытын, жер бедеріне әсерін т.б. қорғады.
    21.11.2013ж. сағат 10:45-те №411кабинетте  9 «Б» сыныбында Рыспеков С. Ж. «Дінтану» курсынан  «Христиан ілімінің негіздері» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

      21.11.2014ж. 13:05-те №316 кабинетте 6 «Ә» сыныбында Қожахмет Т.Ә. «Туған өлкенің тарихы» курсынан «Ә.Х.Марғұлан» тақырыбында зерттеу-жобалау сабағын өтті.
    21.11.2013ж. 14:00-де №406 кабинетте 11 А сыныбында Дюсенова Г.А. «Микробтар әлемі» тақырыбында  танымдық зерттеу жұмысын БжС технологиясы негінде өткізді. Сабақ құрылымы оқушы білім-білігін шапшаңдықпен қорғауға, оқушылардың ақпараттық зерттеулерін қорғауға құрылған. Сабақта факультатив сабаққа қойылатын талаптар жүйесі толық орындалды.

    «Микроағзалар»  курсында біліктілігі жоғары деңгейдегі химия-биология пәнінің мұғалімі

    Дюсенова Гуляим Амиразаданқызызерттеу-жобалау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіспен қатар оқушының өзі таңдап отырған мамандыққа да бағыттап, нәтижелі жетістіктерге  жетіп жүр.

    21.11.2013ж. сағат 18:20-да 7 «Б» сыныбында  №212 кабинетте  Боранбекова Ж.Ш. «Зерттеушілік зертханасы» курсынан «Архимед күші» тақырыбында тәжірибе сабақ өтті.
    22.11.2013ж. 13:05-те №401 кабинетте 6 «В» сыныбында Уктаева М. А. «Сөзжасамдық норма» курсынан «Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі» тақырыбында шығармашылық ізденіс сабағын өтті.
    22.11.2013ж. 14:00-де  мектептің акт залында 9 «Б» сынып жетекшісі Өкей М. «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен әр түрлі маман иелерінің кездесу кешін өткізді. Кешке Астана қаласы әкімдігінің жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры Жұмысшы жастар мен еңбекке орналастыру бөлімінің бас маманы Жұмағат Аяжан Тілекжанқызы қатысты. Кеште кәсіптік бағдар беріліп, кездесуге шақырылған қонақтармен оқушылар арасында диалог құрылды. Концерттік бағдарлама көрсетілді.

    Онкүндік Әбдікәрімова Ш.Ә. мен Юсупова З.А. ұйымдастырған  «Мамандықтар шеруі» атты танымдық-ақпараттық қорытынды кешпен қорытындыланды. Онда оқушылар өздері таңдап отырған мамандықтары жайлы алғашқы әсерлерінің жобасын  слайд, бейнефильм, инсценировка түрінде көрсетіп, сол мамандықты қашан таңдағаны, оны таңдауға себеп болған жайды, өздері қалаған мамандықтары жайлы ізденістері және оның нәтижелері туралы ақпараттарын ортаға салып, өздерін сол мамандықтың қыр-сырын игерген маман ретінде қалай елестететіндерін, мамандығының туған елге пайдасы мен болашағы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

    Апталық барысынды атқарылған іс-шаралар әзірлемелері жинақталып, түптелді.

     Бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасар:  Сапарбаева Р.Т.

     



    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки