Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

       

    Қашықтықтан оқыту бойынша ата-аналар үшін

    ҰСЫНЫМДАР

    Қашықтықтан оқытуды енгізу үшін сізге:

    §  Интернетке кіру мүмкіндігі бар кез-келген электронды құрылғы (смартфон, планшет, ноутбук, компьютер) болуы керек;§  Сынып жетекшісінен мектепте қашықтықтан оқытудың электронды порталы туралы ақпарат алыңыз (Zoom, GoogleClassroom, Hangouts, Moodle, Skype);§  Сынып жетекшісінен бекітілген сабақ кестесін алыңыз;§  Оқушылар өздерінің логин және паролімен Kundelik жүйесіндегі жеке кабинетке кіре алады, тапсырмаларды жүктеп алады, содан кейін мұғалім белгілеген мерзімде үй тапсырмасын жүктей алады;§  Кестеге сәйкес қашықтықтан оқытуға уақытылы қосылуын, сабақтарға, тапсырмаларға қатысуын бақылау;§  Сұрақтар туындаған жағдайда сынып жетекшіге хабарласыңыз.







    Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

     "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 306 Қаулысы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

             Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

     Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі– Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін өзінің не баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіптік техникалық және жоғары білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге қолайлы мүмкіндік.

    Аталған білім беру депозитіне банктен 10%  дейін (сіз таңдаған қатысушы банкке байланысты)  пайыздар мен 5% немесе 7% мемлекеттен жыл сайын сыйлықақы есептеледі.

    Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын банктің сыйақыларымен бірге есептегендегі салымдағы жалпы сомаға, бірақ бір жылда 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде аударылады: 

       –7% басымдылықты санаттағылар үшін: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы отбасынан шыққан және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар;

      –5% басқа санаттағы ҚР азаматтары үшін. 

    Минималды бастапқы жарна - 3 АЕК (5 946 теңге).

    Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.

    Білім беру депозитін ашу үшін бар-жоғы екі-ақ құжат қажет:

    -          Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі.

    -          Баланың туу туралы куәлігі және ЖСН. 

    Грантқа ие болған салымшының құқықтары:

    -          депозиттен жинақты алу; 

    -          ақшаны басқа баланың атына аудару;

    -          білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

    Білім беру жинақтау депозитінің ерекшеліктері:

    -          білім беру жинақтау депозиті мемлекет сыйлықақысымен көтермеленеді;

    -          мемлекет сыйлықақысы табыс түрі ретінде салықтан босатылады;

    -          білім беру жинақтау депозиті жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру қорының нысаны болып табылады (10 млн.теңгеге дейін);

    -          мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен Банктен білім кредитін алуға мүмкіндік бар.

    Салымды ашу үшін не қажет:

    1-қадам – Біздің байланыс телефондарымыз арқылы «Қаржы орталығы» АҚ-дан кеңес алу.

    2-қадам – Қатысушы банктердің бірін таңдау. Білім беру жинақтау депозитін ашу. Бастапқы жарнаны енгізу.

    3-қадам – Банктен сыйақы және мемлекеттен сыйлықақы алу.

    4-қадам – Қазақстанның немесе шетелдің колледждерінде/ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу. Грант бойынша оқуға түскен жағдайда банктің және мемлекеттің пайыздарын түгел алу. 

     

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

    Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы

          Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi және осы жүйенiң жұмыс iстеуiне байланысты оның қатысушылары арасындағы қатынастарды, сондай-ақ оның мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi.

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

          Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  
        1) білім беру жинақтау салымы – енгізуші (салымшы) немесе үшінші тұлғалардың жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын қатысушы банктегі салымшының шотындағы ақшалай қаражат;    
       2) білім беру жинақтау салымы туралы шарт – енгізуші (салымшы) қатысушы банкпен жасасқан білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банк салымы туралы шарт;     
      3) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыларға жеке тұлғаның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім бағдарламаларын игеруге бағытталған қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі;     
      4) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;     
      5) білім беру ұйымы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;     
      6) енгізуші – салымшының пайдасына жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарттың тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес;     
      7) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік еткен ұйымның кепілдігіне білім беру кредиттерін ұсыну туралы Бас келісімді жасаған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;    
       8) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың оған банк қарызы шартымен белгіленген уақыт ішінде келісілген лимит шегінде ақшалай қаражатты беру жөніндегі заңды түрде рәсімделген міндеттемесін ұсыну;       9) қайтадан оқу – білім алушының «қанағаттанарлықсыз» деген қорытынды баға алған пәнін қайтадан оқуы немесе Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда білім алушының алдыңғы курста қайта қалдырылуы;   
        10) қарыз алушы – кредитормен білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін жетіспейтін сомаға банк қарызы шартын жасаған салымшы;      
    11) қатысушы банк – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамада белгіленген талаптарға жауап беретін және оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасаған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;      
    12) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) – жыл сайын белгіленген мерзімде білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай қаражат;     
      13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және екінші деңгейдегі банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға екінші деңгейдегі банктің сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын есептеуге негізделген білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;      
    14) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленетін, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;      
    15) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – ынтымақтастық туралы келісім) – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру шеңберінде оператор мен қатысушы банк немесе білім беру ұйымы арасындағы өзара іс-әрекеттердің шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;    
     16) салымшы – оның пайдасына білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасалған Қазақстан Республикасының азаматы.

     

    «Ата-ана бақылауы» қызметі

    «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Астанателеком» ҚТО Астана қаласында телекоммуникация қызметтерінің ірі жеткізушісі «Ата-ана бақылауы» қызметін іске қосты.

    Қызмет балаларды және ересек балаларды интернеттің жағымсыз әсерінен, атап айтқанда экстремизм, діни ағымдар, құмарлы ойындар, наркомания, порнография, хакерлік, суицид және социум үшін қауіпті басқа да бағыттардағы зиянды сайттардың жағымсыз әсерінен қорғауға мүмкіндік береді.

    Бұл өнім абонеттің үйіндегі кез келген құрылғылардан интернетке қатынау кезінде қорғауды қамтамасыз ете отырып, контентті фильтрлеуді жүзеге асырады.

    Қызметтің артықшылығы:

    -жағымсыз контентті фильтрлеу сервисін беру арқылы, интернетке қауіпсіз қатынауды қамтамасыз ету;

    -контентті блоктауды (санаттау) таңдау мүмкіндігін беру;

    - жүйе баланың жасына қарай, оның қауіпті контентке қатынауына шектеу қоюға мүмкіндік береді:

    * 7 жасқа дейін-жоғары блоктау деңгейі;

    * 7 жастан 12 жасқа дейін – орташа блоктау деңгейі;

    * 12 жастан жоғары-төмен блоктау деңгейі;

    -блокталған сайттар туралы есеп алу мүмкіндігін ұсыну.

    Бұл қызметке  Megaline және iDNet абонеттері  www.cabinet.idport.kz  жеке кабинеті арқылы толық қосыла алады. Ай сайынғы төлем – 200 тг.

     

                                           


    Аман-есен жүрейік жол ережесін білейік!  Жолда жүру ережесі Абайла, балалар!

    Мақсаты: 1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

    2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;

    3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер. Барысы. Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды.

    Елімізде жол апаты салдарынан көз жұматындар жүрек, қан-тамыр ауруы салдарынан қайтыс болатындардан кейінгі екінші орында тұр. Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан қайтыс болып немесе жарақат алатындардың көпшілігі жас жеткіншектер екен.

    Мұндай мәлімдемені Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары айтуда. Осылайша еліміздегі автокөліктердің көбеюімен бірге жол апатынан зардап шегетіндердің саны да арта түскен.

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының айтуы бойынша бір ғана Алматы қаласының өзінде былтыр 3 мыңға жуық жол апаты болып, соның салдарынан 47 адам көз жұмыпты. Ал биылғы жылдың басынан бері Алматы қаласында 473 жол апаты оқиғасы тіркелген 

                                                              Ата-аналардың назарына! Астана қаласының Білім басқармасы Сіздердің назарларыңызға қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынады. Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді: 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 10-11(12) сыныптарда, коледждерде (1-2 курс оқушылары) үшін -35 градустан төмен болғанда; Сонымен қатар, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда, ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).   Сабақты тоқтату туралы ақпарат -          «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ» арналарының жүгіртпе жолында сағат 6.45-тен – 7.00-ге дейін (I ауысым) және 12.15-тен – 12-30-ға дейін (II ауысым), «Алма ТВ,  Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпаратттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі; -          «Нетринг сервис» кабельдік жзүйесіне қосылған болсаңыз , «31-арнаның» жүгіртпе жолында сағат 6.45-7.00-ге дейін (I ауысым) және 12.15-12.30-ға дейін (II ауысым) беріледі; -          «Хабар», «Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» сағат 6.45-7.00-ге дейін (I ауысым) және 12.30-ға дейін (II ауысым) беріледі; -          «Радио-Астана», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-Радио», «Шалқар» радио толқындарынан хабарлама сағат 6.45-7.00-ге дейін (І ауысым), және 12.15-12.30 –ға дейін (ІІ ауысым)  беріледі. -          118-01 (8.00-ден- 18.00-ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарынан қоңырау шалуға болады. -          Астана қаласы әкімдігінің www.astana.gov.kz сайтынан 6.45-тен (І ауысым), 12.15-тен (ІІ ауысым) бастап ақпарат беріледі; -          Білім басқармасының www.bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген; -          Ата-аналар үшін балары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады;  Ескерту: Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат жаднамада көрсетілген уақытта беріледі. Сабақты тоқтату туралы ақпарат берілгенше күтіңіздер, өйткені ақпарат беру мекемелердің жұмыс кестесіне байланысты. Қыс мезгілінде ауа райының суықтығын ескеріп, балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.

                               Ата-аналардың (заңды тұлғалардың) және басқа тұлғалардың

                                                               мектепте болу тәртібі

    1. Білім беру мекемесінде болу мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
    2.  Белгіленген кездесу туралы мектеп қызметкері алдын ала күзет қызметіне жазбаша түрде хабарлайды.
    3. Сынып жетекшілері сыныптың ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің отырыстары және бөгде адамдардың қатысуымен өтетін өзге де іс-шаралар туралы мектепке келушілерді есепке алу журналына міндетті түрде жазып, алдын ала мектеп әкімшілігіне және кезекші күзетшіге хабарлауға міндетті.
    4. Бастауыш сынып мұғалімдері оқу күнінің аяқтау уақыты туралы ата-аналарға алдын ала айтуы керек, сабақ аяқталған соң балаларды киіндіріп, мектептен бірге шығарып салады.
    5. Балаларын мектепке сабаққа, қосымша сабақтарға (секциялар, үйірмелер, факультативтер) алып келген немесе алып кетуге келген ата-аналар балаларын мектептің 1-қабатындағы вахтаның жанында холлда күтіп тұрады.
    6. Мектепте болу кезінде мыналарға

    ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

    • қоғамдық тәртіпті бұзуға;
    • өзімен бірге оқ атылатын, газ, пневматикалық және суық қару, пиротехника, арнайы қорғаныс құралдарын, есірткі заттарын алып жүруге,
    • спирт ішімдіктерін өзімен алып келуге және ішуге, темекі шегуге;
    • мектеп қызметкерлеріне, оқу үдерісіне кедергі жасауға;
    • өзімен бірге жануар ертіп келуге;
    • сауда жасауға және жарнама жұмысымен айналысуға.
    1. Мектеп қызметкерлері мектепке келушіні мынадай тәртіп бұзған жағдайда шығарып жіберуге құқылы:
    • қоғамдық тәртіпті бұзған және объектіге қауіп туғызған жағдайда;
    • мектеп аумағында мақсатсыз жүргенде және объектінің қалыпты қызметіне кедергі жасағанда;
    • мектеп ішіндегі және сыртындағы мүлікке қол сұққан жағдайда;
    • мектеп қызметкерлері мен оқушыларына дөрекілік танытқанда;
    • мектепке келуші өз іс-әрекетіне жауап бере алмағанда, жанжал туғызғанда, басқа келушілердің ар-намысына тигенде.
    1. Шұғыл жағдайдағы барлық мәселелерді кезекші әкімші шешеді. 
    1. Ата-аналардың мектепке кіруіне мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
    2. Мектептің басқа қызметкерімен кездесу үшін мыналар қажет:
    • кездесу уақыты мен орны туралы алдын ала келісу;
    • мектепке белгіленген уақытта жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі;
    • вахтерге келіп , өзінің келгенін тіркеуі керек: аты-жөнін айту, келу мақсатын, кездесу белгіленген мектеп қызметкерінің аты-жөнін айту, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы;

     Естеріңізде болсын! Мұғалімдермен кездесу тек оқу үдерісі аяқталған соң ғана жүргізіледі!

    Сабақ кезінде мұғалімді және оқушы шақырып алуға тыйым салынады! 

    1. Ата-аналардың мектепке тіркелмей кіруіне тек мына жағдайларда ғана рұқсат беріледі:
    • Ата-аналар жиналысы;
    • Ашық есік күндері;
    • Мерекелік іс-шаралар.

                                                    

    2015-2016 оқу жылындағы каникулдар:

    -    Күзгі каникул-  04-11 қарашаны қоса алғанда ;

    -   Қысқы каникул- 30 желтоқсаннан 2014 жылғы 8 қаңтарды қоса алған аралықта ;

    -   Көктемгі каникул- 21 наурыздан -1 сәуірді  қоса алған аралықта ;

    -   1 сыныптар үшін 01 ақпаннан 06 ақпанды қоса алған аралықта.

     Мектептегі полиция инспекторы Тургинбаева Лаура Андыбековна хабарласуға және электрондық почта бойынша жүгінуге болады.

    Электрондық почта:school52@ast.dvd.mvd.kz

    Тел: 87014278795

    Ата-анаға жаднама

    Электрондық оқыту жүйесін (ЭОЖ)

    пайдалану жөніндегі ата-аналарға арналған жадынама

    Сіздің балаңыздың бағалары журналына қол жеткізу, күнделікті бағалар мен үй тапсырмасын белгілеу туралы СМС-хабарламаға жазылу, білім ұйымдарының порталы арқылы сынып жетекшілері мен оқытушылармен байланысу ЭОЖ пайдаланудың негізгі мүмкіндіктері болып табылады.

    1) Қалай ЭОЖ пайдаланушысы болуға болады?

    Ата-аналардың есептік жазбасы (логині) оқу ісі меңгерушісі оқушының ата-анасының деректерін енгізумен автоматты түрде құрылады және сынып жетекшісімен беріледі.

    Ескерту:Құру кезінде барлық логиндер үшін пароль – 12345. ЭОЖ-ға алғаш кірген кезде парольді өзгерту қатаң ұсынылады.

    2) Пайдаланушылардың нұсқаулығы қайда орналасқан?

    ЭОЖ пайдаланушысының нұсқаулығын қарау үшін Сізге мыналарды орындау қажет:

    1. https://e.edu.kz сілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
    2. «Нормативтік құжаттар» бөлімін таңдаңыз
    3. «ЭОЖ пайдаланушылардың нұсқаулығы» қосымша бетін басыңыз
    4. Тізімнен ата-налар үшін пайдаланушы нұсқаулығын таңдаңыз

    3) Күнделікті бағалар туралы СМС-хабарлама мен үй тапсырмасын белгілеу туралы хабарламаға қалай жазылуға болады?

    Жазылуды жүзеге асыру үшін мыналарды орындау қажет:

    1. «Басқару» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
    2. «Қосымша» - «Хабарламалар менеджеріне» басу керек
    3. Пайда болған терезеде мобильдік телефон нөмірін көрсету, хабарлама түрін таңдау, «Сақтауды» басу керек
    4. «СМС теңгерімін толтыру» түймешігін басу қажет
    5. Ащылған терезедегі нұсқауларды сақтау және СМС теңгерімін толтыру керек.

    4) ЭОЖ арқылы сынып жетекшілерімен/оқытушылармен қалай байланысуға болады?

    Мәтіндік хабарлама құру және жіберу үшін мынадай әрекетті орындау қажет:

    1. https://e.edu.kz сілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
    2. «КІРУ» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
    3. «ӨТУ» қосымша бетін басу керек
    4. Ашылған тізімнен «ЖЕКЕ КАБИНЕТТІ» таңдаңыз
    5. «Жаңа хабарламаға» басыңыз
    6. Кімге жолында оқытушының ТАӘ теріңіз, кейіннен хабарлама терезесінде мәтінді теріңіз  және «Жіберуді» басыңыз. Жіберілетін хабарламаға файлды қосымша тіркеуге болады

    5) Пайдаланушылармен кері байланыстар үшін Біздің байланыстар:

     Сіз екі тәсілді жақсарту бойынша сұрақтар қоя аласыз және ұсыныс қалдыра аласыз:

    1. 1414 немесе 8 800 080 7777 (Қарағанды қаласы үшін 8 800 080 7777) анықтама қызметіне тегін қоңырау шалу
    2. «ҰАТ» АҚ жергілікті өкілдігіне қоңырау шалу, ЭОЖ бойынша жауапты қызметкерінің байланыс деректерін https://e.edu.kz сілтемесі бойынша табуға болады

     

     

     

     

     

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки