Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

     


    Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер  тізімі 2015-2016 оқу жылы

     


    Тегі, аты,
    әкесіның аты
    қызметі курстың тақырыбы,
    сертификат алған уақыты
    өткен жері
    Шайкенова Сауле Серикбаевна Қазақ тілі мен
    әдебиет пәні мұғалімі

    Жалпы білім беретін мектеп
    педагогтарының
    біліктілігін арттыру курсы
    бірінші (ілгері) деңгей,18.12.13ж. Астана қаласы

    Астана қаласы
    Наурызбекова  Бакыткул  Ныгимановна Ағылшын тілі мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші
    (базалық) деңгей, 29.12.12ж. 

    Астана қаласы
    Астана қаласы

    Уктаева  Маржанай   Амановна
    Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей, 29.12.12ж.

     Астана қаласы
    Астана қаласы
    Уайсова  Кызгалдак  Тлеугабыловна Бастауыш сынып мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей,29.12.12ж. Астана қаласы

    Астана қаласы
    Юсупова Зульфия Амангазиевна Тарих пәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы  үшінші (базалық)деңгей,29.12.12ж,Астана қаласы

    Астана қаласы
    Кожахметова Кулшат Әбілхасқызы Бейнелеу және сызу пәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы  үшінші (базалық)деңгей,29.12.12ж Астана қаласы

    Астана қаласы
    Амирханова Айсауле Куанышбаевна Ағылшын тілі мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей, 26.08.13ж.Астана қаласы

    Астана қаласы
    Ахметова Кымбат Асигатовна Биологияпәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей, 26.08.13ж.Астана қаласы

    Астана қаласы
    Әбдікәрімова Шынар Әбдікәрімқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы  үшінші (базалық)деңгей, 26.08.13ж. Астана қаласы

    Астана қаласы
    Джусупова                           Лязат Касеновна  Орыс тілі мен            әдебиет  пәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей,17.05.13ж. Астана қаласы

                    Астана
    қаласы

    Таубай Пернегуль

    бастауыш мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші
    (базалық)деңгей, 17.06.13ж. Астана қаласы

    Астана қаласы

    Мухтарова  Аягуль

    Амангельдиновна
    Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 

    Біліктілігін арттыру курсы екінші (негізгі) деңгей,04.11.13ж. Астана қаласы 

    Астана қаласы

    Құттыбаева

    Ботагөз Амирсанаевна
    Химия пәні мұғалімі 

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші
    (базалық)деңгей, 29.12.12ж. Шығыс
    Қазақстан облысы

    Өскемен қаласы

    Асқарова  Сауле

    Амангельдиевна
    Ағылшын тілі мұғалімі 

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей, 18.12.13ж.Астана қаласы 

    Астана қаласы
    Куанышбаева Салима Батырбаевна Биологияпәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей,18.12.13ж.Астана  қаласы

    Астана қаласы

    Болат  Индира

    Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей,Астана қаласы  18.12.13ж

    Астана қаласы

    Алшынбаева Рахима

    Бегмановна
    Бастауыш сынып мұғалімі Біліктілігін арттыру курсы екінші (негізгі) деңгей,Алматы қаласы Алматы қаласы

    Канафина  Інкар

    Канашевна
    Бастауыш сынып мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей, Астана қаласы

    Астана қаласы

    Рысбеков Сагат

    Жетенович
    Тарих пәні мұғалімі

    Біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық)деңгей,Астана қаласы

    Астана қаласы

    Амирканова Татьяна Турсынбековна

    Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

    Жалпы білім беретін мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру курсы бірінші (ілгері) деңгей, Астана қаласы
    (аяқтаған жоқ)

     Астана қаласы

                              2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

                                  ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ

                                       НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

                                                      Әдістемелік нұсқау хатта

     Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің  біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады.

    Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен мониторинг үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдануға дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.

    Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

    -     жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.

    Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

    -     менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.

    Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

    -     мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг үдерісін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;

    -     білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.

    Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген, желілік қоғамдастықты құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы мектептер (жетекші мектеп) арқылы бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.

     Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуын мониторингілеу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық  іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:

    (Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

    -     бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

    -     сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.

    (Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

    -     бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

    -     сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;

    -     мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

    -     әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

    -     бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойыншаәріптестер тобының оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

    -     әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.

    (Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша оқып шыққан  мұғалімдерде)

    -     бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

    -     мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;

    -     деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау  жұмыстарын жүргізу қажет екендігі көрсетілген.

                                 № 52 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі 

                         Алшынбаева Рахима Бегманқызының  коучинг сессияның жоспары.     

                                                                                                          14 қазан 2014 жыл.

    Тақырыбы:

    Сын тұрғысынан ойлау әдісін оқытуда қолданудың тиімділігі

    Мақсаты:

    Бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру  және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды мұғалімдердің бойында дамыту және оқушыларды оқытуда өз  практикаларына  енгізуге бағыттау

    Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші:

    Мұғалімдер:

    • Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не екенін түсінеді;
    • Сын тұрғысынан ойлауды оқытуда қолданудың тиімділігін біледі;
    • Сын тұрғысынан ойлауды  практикаға қалай енгізуге болатындығын жоспарлай алады;

    Жұмыс түрі:

     Топтық, жұптық, жеке.

    Қолданылатын тәсілдер:

    «Білемін, білгім келеді, білдім»; «ойлан, топтас, пікірлес»; «Ақылдың алты қалпағы»

    Керекті құрал-жабдықтар:

    Интерактивті тақта, компьютер, флипчарттар, маркерлер, А4 форматындағы парақтар, түрлі – түсті стикерлер

    Коучтің  жазбалары:

     

    Сабақ кезеңдері

    уақыты

    коучингке қатысушылардың  әрекеті

    Ескертпелер

    1.  

    І.Танысу

    а) «Биопоэма» танысу ойсергегі

    ІІ. Топқа бөліну

    ә) «кемпірқосақ» ойыны бойынша топқа бөліну және тақырыпты анықтау

    ІІІ. Тақырыпты анықтау

     

     

    12    мин.

     

     

     

    2 мин

     

     

     

    5 мин

    Қатысушылар берілген уақыт ішінде берілген параққа төмендегі сұрақтарға негізделіп жауаптарын жазады. Содан кейін көршісімен парағын алмасып бір-бірін берілген мәтін бойынша таныстырады.

    Параққа мына сұрақтар негізінде жауап беріп таныстырылымын жазады:

    1. Есімім
    2. Мен қандаймын? (өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз)
    3. Сүйікті іс-әрекеттерім(қол бос уақытта айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хоббиіңіз)
    4. Неден қорқамын, сескенемін? (өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)
    5. Өмірлік қағидам
    6. Сүйікті тағамдарым
    7. Менің жетістіктерім
    8. Менің арманым (бір арманыңызды атаңыз)

    ІІ.  «кемпірқосақ» ойыны бойынша топқа бірігеді және түстер бойынша шыққан пирамидаға парақшаларды дұрыс орналастыру арқылы   коучингтің тақырыбын  ашады. 

    1-      ші топтың алдына Ұстаным, көзқарас, шешім, іс-әрекет сөздері бар парақшалар жатады

    2-      ші топ: мұғалімнің үш көмекшісі- бас, қол жүрек

    3-      топқа : Блум таксономиясының дағдыларын реттілікпен  орналастыру - білу,түсіну, қолдану, талдау,  жинақтау, бағалау.

    Әр топ пирамида бойынша орналастырғандарын хабарлайды және себебін түсіндіреді.

    Коуч  пирамидаға орналасқан парақшалардың дұрыс орналасқанын бақылай отырып, мұғалімдер өз пікірлері мен идеяларын айтып болған соң дұрыс орналасуын көрсетеді және сол арқылы тақырыпты хабарлайды

     

    1.  

    ІV. «Проблеманы айқындау» кезеңі

    «білемін, білгім келеді, үйрендім» ББҮ кестесін толтыру

    1 Сұрақ :

    Сын тұрғысынан ойлау туралы не білесіз немесе не білемін деп ойлайсыз?

    2 сұрақ:

    «Сын тұрғысынан ойлау туралы не білгілеріңіз келеді?» ББҮ кестесінің екінші бағанасын толтырыңыздар

    7 мин

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    №1 тапсырма (5 мин)

    1. Жеке жұмыс.Әр қатысушы «менде осы тақырып бойынша қандай білім, ойлар мен ұстанымдар бар?» деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт мезетінде жекелей ой қозғайды,  ойларын дәптерлеріне жазады
    2. Топтық жұмыс Шағын топ ішінде бір-бірімен жазғандарын бөліседі, білгендерін толықтырады, проблемаларды анықтайды.
    3. Жариялау. Әр топ берілген сұрақ бойынша кестенің білемін бағанасын толтырып болған соң 3 мысалдан келтіріп, тақтадағы кестені толтырады.

     

     

    2 тапсырма (5мин)

    1. Жеке жұмыс. Берілген сұрақ төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғайды.
    2. Топтық жұмыс. Шағын топта өз сұрақтарын ортаға салады, талқылайды
    3. Жариялау. Әр топ жауап алғысы келетін ең маңызды сұрағын тақтадағы ББҮ кестесінің екінші бағанасына толтырады.

     

    1.  

    ІІІ. Проблеманы шешу кезеңі

    «Ойлан, топтас, пікірлес» әдісі

    № 3 тапсырма

    ББҮ кестесінің екінші бағанасы бойынша сұрақтың жауабын мұағалімдерге табу және мұғалімге арналған  нұсқаулықтағы мәтінмен таныса отырып «Үйрендім» бағанасын толтыру

     

    20 мин

    №3 тапсырма бойынша

    1)      Қатысушылар 1-ден 3 –ке дейін нөмірленеді және көлемді мәтінді 3-ке бөліп, әр қатысушы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды.

    1-ші номерлі : 43-45 бет; 2-ші номірлі: 45-47; 3-ші нөмірлі: 47-49 аралығын оқып танысады.

    2)      Әр топтағы нөмірлері бірдей қатысушылар бір топқа бірігіп ақпараттарымен алмасып, талдайды, түсіндіреді: «Не үйрендік?» ;

    3)      Әр қатысушы бастапқы топтарына оралады, басқаларды мәтіннің өз бөлімімен таныстырып, талқылайды, үйретеді және ең соңында барлығы ортаға шығып, тең бөлікке бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрып коридор құра отырып талқылаған тақырыптары бойынша бір-біріне сұрақ қойып қорытындылайды

     

    1.  

    ІҮ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі

    «ойлан, топтас, пікірлес»

    № 4 тапсырма

    Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарын қолдануды үйрену

     

    Сергіту сәті  «Қара жорға» биі

     

     

    10мин

    Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдары

    Коуч топқа жаттығу тапсырмаларын   береді:

    1 тапсырма: фотосуреттер мен суреттерді белгілі тақырып негізінде топтастыру, салыстыру, жинақтау, сұрақ қою және  дәлелдеу

     

     

     

     

     

    Қатысушылар қара жорға биін билеп жарысады, коуч бидің соңында бағалау есебінде  түрлі-түсті алма стикерлерін береді. Келесі топтар осы түстер  бойынша құрылады.

    2-тапсырма:  әр топтан 2 қатысушы

    Шляпа жасау және шляпаның түсі бойынша рөлге еніп,  EXPO-2017  Астанада  өтуі дегенге ой қозғай отырып шешімдерін айту .

      топтың қатысушылары   6 шляпа жасап ,  шляпаларын киіп ортаға шығады, қалған әр топтағы бір  қатысушылардан топ бағалаушы  қызметін атқарады.

     

     

    1.  

    1)Рефлексия

    Сұхбат Сабақ тақырыбы бойынша не үйрендіңіздер және өз сабақтарыңызда қалай қолданасыздар? 

    2) үйге тапсырма

     

    7 мин

    ББҮ кестесінің «Үйрендім» бағанасын толтырады .

     

    Бүгінгі сабақтан   алған  жағымды әсерлеріңізді  жасыл түсті стикерлерге жазып  тақтаның оң жағына, ал ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды  сары түсті стикерлерге жазып тақтаның сол жағына іліңіздер.

     

    1. Коучингке қатысушылар бүгінгі тақырып бойынша сабақ жоспарын құрады және сол жоспар бойынша сабақ өткізу

     

      

                                                            Коучинг-сессия туралы есеп

          Өзімнің оқып келген  бағдарламамды жүзеге асыру мақсатында  әзірге шамалы болса да,  әріптестерімнің кәсіби дамуына  көмек беруді өз міндетім деп  қабылдадым. Коучингтің маңызын түсіну  мені өз әріптестеріме қалай көмектессем және қалай жеткізсем деген ойларға жетелейді. Менің міндетім  бетпе-бет кезеңінде танысқан 7 модуль идеяларын өзара ықпалдастыра отырып, мектеп пен әріптестерімнің сұраныстарына сай етіп бере білу деп түсінемін  және өз жұмыстарымды да сол бағытта жүргізуге ұмтыламын деп жоспарладым. Коуч ретінде өз міндетімді  әріптестердің қиындық көріп жүрген проблемаларын шешіп беру емес, олардың бойында сол мәселелерді шешуге  көмектесетін түрлі ойлау  дағдыларын дамыту және  түрлі жағдайда  дұрыс әрекет ете білуге, тиімді шешім қабылдай білуге жол көрсету деп қабылдадым. Сондықтан өткізетін  коучинг-сессияларда  да осы міндеттерді іске асыруға жоспарладым.

             Осы коучинг сабағым да ІІ деңгей бағдарламасы идеялары аясынан алынып, тапсырмалары да үлестірмелік материалдармен орайластыра жасалды. Мен әріптестерімді осы идея әдістерімен таныстыра отырып, бүгінгі оқушыға керек дағдыны оларға қалыптастыру  үшін, алдымен өздері  жаңаша ойлап, өздерінің іс-әрекеттеріне  сыни тұрғыдан қарай білу керек екенін түсіндіргім келеді. Оған қоса, философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ және технологиялық зерттеуші

     

    Дональд Шон айтқан өз іс-әрекеті туралы толғаныс жасай алатын рефлексивті практик бола білуге  жетелегім келеді. Коучинг тапсырмаларын құрастыруда тапсырмалардың мұғалімдер үшін маңызды болуына, кейін оқу үдерісінде қолдануға көмегі болатындай және өздері ары қарай дамытып әкететіндей болуына, басқа да балама ойлар туғызуға ықпалдылығына  көңіл бөлдім. 

           Осы  өткізген коучинг сабақтан кейін мен бұл сабақтардың мұғалімдерге жағымды әсер туғызатынын байқадым. Олар өздерінің оқуға қатысты проблемалары туралы, сабақтағы сәттіліктері мен қиындықтары туралы ойларымен  бөлісіп,бір-бірімен пікірталасқа беріле түсті. Бұл жағдайлар маған да әртүрлі ой туғызды. Мұғалімдерге өз тәжірибелері туралы ой-пікірлерін бөлісетін, тығырыққа тірелген сәттерінде көмек сұрайтын, жол көрсететін, кәсіби тұрғыдан жетілуіне ықпал ететін орта керек екен деп ойладым. Бұл жердегі әңгіме шағын топтар туралы екенін айтқым келеді. Жалпы болашақта өзіме коучинг сабақтарды нақты көмек беруге бағыттап, бір әдісті терең, жан-жақты үйретуді және сол үйренгенін сабаққа қолдануға дейін жеткізуді мақсат еткен тиімді болар деп ойлаймын. Бұл істі әбден жан-жақты ойланып,асығыстық жасаудың қажеті шамалы екенін ұғамын . Коучинг сабақтардан мұғалімдерге ұнағаны топтық жұмысты ұйымдастыру болды.

     Осы пікірлерді ескеріп, топтық жұмыс – өмірдің шағын моделі деп айтсақ та болады.           

    негізінде жұмыс істейтін мұғалім үшін  оқушының ойлау дағдысын дамытуы тұрғысынан қарағанда, сұрақ қоя білудің, түрлендіре білудің  маңыздылығын бағалап, бұл бағытта болашақта жұмыс жүргізуді жоспарладым. Осы айтылғандардың негізінде өзімнің алдағы істерімді былайша жоспарлауды ұйғардым:

    Коуч ретінде өзімнің дағдыларымды жетілдіремін;

    Әріптестерімнің кәсіби дамуын жетілдіруге үнемі ықпал етуді жалғастырамын;

    ІІ деңгей бағдарламасының түйінді идеяларын оқу, түсіну жұмыстарын және оларды  оқу үрдісіне ықпалдастыра енгізу тәжірибесін дамытамын.

    Сұрақ қоюдың түрлерін сабақта тиімді қолдану үшін біліктілік дағдыларымды дамыту бағытында жұмыстар жүргіземін.

    Оқу мен оқытудың жаңа әдістері жайлы ағымдағы ақпараттармен, идеялармен танысып отырамын.

    «Маңыздысы жеңіске жетуге құштарлық емес, - ол бәрінде бар. Маңыздысы – сол жеңіске жетсем деген әзірлікке құштарлық», - дегендей, болашақта өз бойымнан осы ұлы істе  жеңіске жетсем деген әзірлікке құштарлықты көргім келеді. Бүгінгі коучингке қазақ тілі,бастауыш сынып,химия биология пәндерінің мұғалімдері қатысты.Коучиг соңында рефлексияға екі ұсыныс,бір тілектерін жазды.Коучинг жақсы өткен сияқты.

     Алшынбаева Р.Б.

     

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Document

    С заботой о детях

    Полезные ссылки