Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    "Жас талант" үйірмесінің кестесі
    Таңертен  
    Сәрсенбі 10:00-12:00
    Жұма
    11:00-13:00

     
     
    Түсте
    Сенбі                           15:00-18:00
     
       
    «Жас талант»сурет үйірмесінің сабақ жоспары

                                                               жетекші мұғалімі: Жәйірбек Қайрат

    мерзімі: 06.10.2015ж

     

    Тақырыбы: Жәй сызба.Үлгі сызбаға немесе нақты затқа қарап  сызып қол жаттықтыру

     Сабақ мақсаты: оқушылардың сурет салудағы шеберлік қаблиетін жетілдіру,заттарды бақылау,өзара салыстыру арқылы композициялық құрылымды анықтауға дағдыландыру.

    1. білімділік. Жай сызба дегеніміз кең уақытпен заттардың жарық көлеңкесі барынша дәлдікпен бейнеленген графикалық сурет жанры.
    2. Заттарды қағаз бетіне бейнелеп түсірудің ереже қағидаларын меңгеру.
    3. оқушылардың көркемөнерлік талғам өрісін қалыптастыру. эстетиканы сезіну,эстетиканы жарату, эстетиканы сүйу сезімдерін ояту.

    Көрнекілік:теріден  торсық, ағаш қасық, ағаш ожау, шыны ыдыстар, алма, қызыл, жасыл маталар және осы заттардан құрылған тыныш күйдегі заттардың тізбесі.

    Керекті құрал-жабдықтар мен материалдар: А3 пішінді графикалық қағаз, графикалық қарындаш, өшіргіш, малберт, скуч

    Сабақтың барысы:

    А) алдыман оқушылардың үйден орындап келген сызбаларына  салыстыра талдау жүргізіп, артық кемшіліктерін ескерту.

    Б)қазақы ерекшелкте құрылған тыныш күйдегі заттар тізбесінің композициялық құрылымын оқушыларға түсіндіріп өту, үлкен мен кіші, алыс пен жақын, ілгерінді және кейінді, қаттылық және жұмсақтық қарым қатынас ұғымдарын приспективті тұрғыдан қарап, бақылап қағазға оларды қалай орналастырудың әдіс амалдарын практикада көрсету.

    В) оқушыларды тыныш күйдегі заттар тізбесіне қарап сурет салып машықтануға ұйымдастыру.

    Г) ішінара оқушылардың машық кезінде құрылымды қағазға түсіруде жіберген қателіктерін көрсетіп, не үшін солай болғандығы жөнінде өздеріне сұрау қоя отырып түзету енгізуіне мүмкіндік беру.

    Сабақты қортындылау: Орындап болған жұмыстарды қатар қойып өзара салыстыра бағалау. Оқушылардың өздеріне өз сызбаларындағы кемшін тұстарын талдату. Жақсы орындалған жұмыстарды мадақтау.

     Үйге тапсырма:тез cызба тәсілімен  10 парша еркін тақырыпта сурет салып келу.

     

    введите текст
    введите текст

    Рухани жаңғыру

    Оцените школьный сайт:

    Голосовать

    Полезные ссылки