Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    Жас тілшілер үйірмесінен
     Мектебімізде биылғы оқу жылынан бастап жас тілшілер үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге қатысушылар «Мектеп жаршысы» газетінің дамуына өз үлесін қосуда.  Алғашқы  «Мектеп жаршысы» газеті 2012 жылдың қазан  айынан бастап қайта жарыққа шыққан. Мектебіміздің талантты, дарынды, жалынды  жас қаламгерлерін осы газеттің әрі қарай дамуына ат салысуға шақырамыз! Өздеріңіздің шығарған жүрекжарды өлеңдеріңізді осы газетке жіберулеріңізге болады. Бағыт беруге газет қызметкерлерінің есігі ашық. Келіңіздер, бақтарыңызды сынап көріңіздер! Сәт-сапар, саған «Мектеп жаршысы»!  

    3 Г сынып оқушысы Нұрмұханова Сая             

     Көктем

    Көктем табиғатты жайнатады,

    Көктем күнді ысытады.

    Бара жатыр қыс көшіп

    Тау басына қарлы мұз.

     Қардың астын су кеулеп,

    Пысынап тұр, жер терлеп.

    Көктем деген мезгілде

    Кім қуанбас жүгіріп.

     Әне, тұр бұлбұл сайрап,

     Міне, жүр жылқы жорғалап.

     Жануарлар да, құстар да қуанып жүр далада,

     Өсімдіктер жайнап тұр, күнге қарап шаттана.


    3 Г сынып оқушысы Тасболат Галина

    Көктем

    Көктем келді жадырап,

    Күн нұрына бөленді.

    Бүршік атты ағашта,

    Қызғалдақтар өсті енді.

    Жадырап атқан көктемді,

    Асыға күтті балалар.

    Айнала гүлге толады,

    Жасыл бақтар нұрлана.

     Көктем қандай тамаша!
     
     Көркем,сұлу, айбатты.
     
     Жылынады дала нұрланып,

     Күн шуағы жанатты.

     

    3 Г  сынып оқушысы Қанатқызы Жанель

                  Көктем

    Көктем келді құлпырды

    Құстар қайтып оралды

    Күн жылынды шуақ шашты

    Бәйшешек гүлдеп,

    Ағаштар бүршік атты. 

    3 Г сынып оқушысы Қамбарова Ұлпан

         
















    Көктем

    Қар еріді далада

    Көктем келді далаға.

    Құстар келді бақшаға

    Сайрады бұлбұл бақшада.

    Шаттыққа толы балалардың көздері

    Менде жүрмін шаттанып

    Түн қысқарды, күн ұзарды

    Көктем қандай керемет!

     Көктем келді жадырап

     Нұрын шашты біздерге

     Күннің көзі күлімдеп

     Нұрын шашты сіздерге.

     3 Г сынып оқушысы Кенесбек Жаңыл

    Көктем

    Көктем келді шуақты

    Жылғалардан су ақты.

    Жасыл желек жамылып,

    Жердің жүзі жаңарды.

     

    Жердің жүзі әдемі,

    Көктем қандай тамаша!

    Құстар келді ұяға,

    Жердің жүзі жаңаша!

    3 Г сынып оқушысы Жандаралы  Бауыржан 














    Көктем

    Көктем келсе,

    Бәрі қуанар!

    Тоқтамай жаңбыр жауып,

    Адамдар бақытты болар.

    Көктем шашқан шуақты

    Күн арқылы жіберер,

    Әжем айтқан құстарды

    Ән арқылы жіберер.

           Патшабай Амина 

      Көктем

    Көктем келді жадырап

    Құлпырып кетті кең дала.

    Көктемде келген береке

    Құстар үшін мереке!

     

    Таң тамаша табиғат,

    Жарқырайды күн көзі.

    Кең дала қайта жайнады,

    Балалар қуана ойнады.

        3 Г сынып оқушысы Төртбай Нурила

     Көктем

    Сансыз құстар сұңқылдап,

    Көктем келді ертелеп.

    Нәзік үнмен сылдырлап,

    Бұйра бұлақ еркелеп.

    Алды дала бір түлеп

    Көкте бұлттар күркіреп.

    Көктем келді жадырап,

    Жаңбыр жауды сіркіреп.

    Өзен болып аралап

    Көктем келер құлпырып.

    Нұрын шашып біздерге

    Жарқырады күн нұры.

      3 Г сынып оқушысы Құтымбай  Икрам 

      Көктем

    Көктем келді қыс кетті

    Жылы жақтан құс келді.

    Қалың қардың  астынан

    Бәйшешектер  гүлдеді .

     

    Күн жылынды далада

    Қуанды әке, балада.

    Қар су болып жағада

    Ағады су сай –салаға.

     Жетекшісі:   Касымбаева Эльмира Нұралықызы     (бастауыш сынып мұғалімі)

    Жас тілшілер қауымы өз кезегінде барша аруларды, аналарды, күллі нәзік жандылар қауымын 8 Наурыз – Халықаралық  әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Көктемнің жайма шуақты күндері көңілдеріңізді жарқын нұрға бөлесін! Әрдайым жаздай жадырап, көктемдей күлімдеп жүре берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!

     

                         Асыл ана

      Бұл өмірде теңдесі жоқ қымбатсың,

      Жылағанда бөбегіңді жұбаттың.

      Аяулы анам, түн ұйқыңды төрт бөліп,

      Тал бесікті таянумен түн қаттың.

      Мәпеледің, аяладың, өсірдің,

      Жан дүниесін тентегіңнің түсіндің.

      Құлақ аспай ренжітсе балаңның

      Ауыр тиген бар қатесін кешірдің.

      Ауырады балаң үшін жүрегің,

      Бар бақытты балаңа тек тіледің.

      Өміріме алтын арай, нұр шашқан,

      Асыл анам, бір өзің деп білемін!

                                                 Саида

                           Асыл ана

       Анам менің –аялаған ақ гүлім,

       Анам менің –бақытым  мен  шаттығым.

      «Анашым»-деп балаң жырын арнаған ,

       Неге ғана естімеген  тәтті үнің.

       Анам менің –өмірдегі  тірегім,

       Анам менің – кеудемдегі  жүрегім

       Егер менің қасымда сен болмасаң,

       Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

       Өмірдің иесі сен,ғазиз ана,

       Келтірген дүниеге нелер дана.

       Анасыз ақын да жоқ ,батыр да жоқ ,

       Өмірдің алтын кілті сонда ғана

                                       Темір Назерке

                                Ана

       Теңеймін сені анашым әсем айға

       Сылдырлаған тап-таза  бұлақ ,сайға

       Сәбиінің болашағын ойлауменен

       Отырсың таңды-батып терең ойға!

       Сіз,мен үшін анашым асқар таусыз

       Ұрпағына шектеусіз сен жыраусыз

       Біз үшін тұрақсыз биікте сіз,

       Шыңын аппақ қар басқсн Алатаусыз!

      Анаң мене әкең сенің қос шынарың ,

      Тікен саған шуақты шапағатын

      Екеуіде айтсақ тағы қос сыңарың

      Төгер саған шексіз таза  махаббатын

                                Маратжан Асыл 

                       Анам

    Мен де бір перзентімін паң даланың,

    Қазақтың қара сөзі – қонбағаным.

    Анамның аппақ сүтін ішкендіктен,

    Адамдық адал жолға  тоқтағаным.

    Анам менің жарыққа

    Сәуле шашар шоқ жұлдыз

    Үлгі тұтып анамның

    Айтқан сөзін ұғынам

    Мәңгі мақтан етемін

    Анамды мен құрметтеп.

                            Кенжболат Инабат

                  Анама

    Анам менің шаттанам,

    Жүрегімде самсаған.

    Түн ұйқысын төрт бөлген,

    Төзіміне тамсанам.

    Әлдилеп мені өсірген

    Ілтипатты білдірем.

    Сізден асқан адам жоқ,

    Бұл өмірде мен білем.

    Өмірге мені әкелген

    Жарық пен бақыт көрсеткен

    Аяулы менің анашым,

    Қарызым көп менің өтелмеген.

                                  Ихсан Айдана

     

    Анашым

        Анаңды бәрің бағала!

       Ардақты да , аяулы, анашым, сіз мені дүниеге алып келгелі  бері  менің қасымдасыз. Мен қуансам қуанып, мен ауырсам жабығып қаласыз. Сіздің маған деген сүйіспеншілігіңіз-менің жүрегімде…

              Мен сізді  ешқашан ұятқа қалдырмаймын. Сіздің берген мейіріміңізбен, махаббатыңызды ақтаймын. Мені осы күнге жеткізіп мәпелеп, кірімді жуып, тамағымды дайындап, отырғаныңызға мың алғыс. Менің есім де қыстың бір күні түсіп отыр. Сол кезде қараңғы болып қалған еді.Үйіміз мектептен алыс болған соң, сіз  мені аялдамадан күтіп алған едіңіз. Қолыңызда маған деген ыстық бәлішіңіз бар. Мені «тоңып қалды ғой»деп бәлішті суытпай, әбден орап алып шыққаныңыз әлі есімде.  Мен сізді әрдайым алақаныма салып ардақтап өтемін.

                                                                               Ақылбек  Жасұлан

     

    9 «В» сынып оқушысы

    Ниязбекова Айым

    Балауса қиялымнан туған өлеңдерім

      Ана тілі

    Ана тілді құрметтейік балалар,

    Еліміздің мәртебесі саналар.

    Ана тілі анамыздың сүтімен,

    Нәрлі болып бойымызға таралар.

     Ана тілді дәріптесек қашан да,

    Мәртебесі өрге оның баса ма?!

    Жоғарыдан көрсем егер тілімді

    Көңілім меніңқуаныштан тасама?!

     

    Ұстазым

    Ең алғаш рет сен маған,

    Қалам бердіңқолыма.

    Сәттілік саған тілеймін,

    Ақ жол сенің жолыңа.

    Егерде сен болмасаң,

    Білімді мен болам ба?!

     Туған жерім-Семейім,

    Туған жерім Семейімніңқаласы.

    Маған қымбат оныңдархан даласы,

    Абай,Мұхтар,Шәкәрімдер туылған.

    Мен боламын сол бабалар жалғасы.

     

    Туған жерім Семейім тамсанғаным,

    Қуанып,шырқап жүріп ән саламын.

    Кешегіден керемет табиғатың,

    Күш бередіқасиетің,шапағатың.

     Қазаққызы

    Қазаққызы әрқашан да өзгеше,

    Еңбектеніп, талаптанар төзгенше.

    Қасиеттің бәрін жиар бойына,

    Өз деңгейін жоғарыдан көргенше.

     Қазаққызы жан-жақты боп келеді,

    Өмірдің бар қаймағын ол тереді.

    Елі үшін,жері үшін және де,

    Намысы үшін кеудесін отқа береді.

     Қазаққызы инабатты,сымбатты,

    Дүйім елге нәзік  үнін тыңдатты.

    Жаңа ғасыр талабына сай болып,

    Білімін де тереңдетіп, шыңдатты.

     Мен де қазаққызымын жалындаған,

    Дархан елдіңқасиетін қабылдаған.

    Туған жерім әрқашан да мақаныш,

    Қазақтан артық  маған ел  табылмаған

     

    Жас тілшілер қауымы тақырыпты талқылау барысында



    Ғаламтордан мәлімет іздеу үстінде

     

     

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки