![]() |
Ата-аналардың назарына! 2019-2020 оқу жылы Астана қаласының Білім басқармасы Сіздердің назарларыңызға қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынады. Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді: 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 10-11(12) сыныптарда, коледждерде (1-2 курс оқушылары) үшін -35 градустан төмен болғанда; Сонымен қатар, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда, ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).
Сабақты тоқтату туралы ақпарат - «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ» арналарының жүгіртпе жолында сағат 6.45-тен – 7.00-ге дейін (I ауысым) және 12.15-тен – 12-30-ға дейін (II ауысым), «Алма ТВ, Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпаратттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі; - «Нетринг сервис» кабельдік жзүйесіне қосылған болсаңыз , «31-арнаның» жүгіртпе жолында сағат 6.45-7.00-ге дейін (I ауысым) және 12.15-12.30-ға дейін (II ауысым) беріледі; - «Хабар», «Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» сағат 6.45-7.00-ге дейін (I ауысым) және 12.30-ға дейін (II ауысым) беріледі; - «Радио-Астана», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-Радио», «Шалқар» радио толқындарынан хабарлама сағат 6.45-7.00-ге дейін (І ауысым), және 12.15-12.30 –ға дейін (ІІ ауысым) беріледі. - 118-01 (8.00-ден- 18.00-ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарынан қоңырау шалуға болады. - Астана қаласы әкімдігінің https://bilim.astana.kz/ сайтынан 6.45-тен (І ауысым), 12.15-тен (ІІ ауысым) бастап ақпарат беріледі; - Білім басқармасының www.bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген; - Ата-аналар үшін балары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады;
Ескерту: Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат жаднамада көрсетілген уақытта беріледі. Сабақты тоқтату туралы ақпарат берілгенше күтіңіздер, өйткені ақпарат беру мекемелердің жұмыс кестесіне байланысты. Қыс мезгілінде ауа райының суықтығын ескеріп, балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.
|
Иә (209) | 209 |
Жоқ (106) | 106 |