Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы


    22/12.2016ж   «БҰҰ Конвенциясы – Балалар Конституциясы»

    «МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫ» негізінде

    «Менің елім – менің мақтанышым»

     маршруттық ойын- сайысы

     8 сыныптардың арасында  өтті.

     

    Мақсаты: «Мың бала» жобасы  ойын – сайыс:  «Атамекен», «Әдебиет – мәдениет бастауы», «Табиғат, өлкетану, туризм», «Адам және әлеумет», «Салауатты өмір салты» аялдамалары арқылы оқушылардың құқықтық білімдерінің және оны қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.

    Ойынға әр сыныптан  10 оқушыдан топ құрап,  өз топбасын, формасы, ұраны, төсбелгісін дайындады.Үй тапсырмасын  «Зорлықсыз балалық шақ» тақырыбымен қорғады. 8а,ә,б,в,г  сынып оқушылары өте белсенді және қызығушылықпен ат салысты.Қолдарына маршруттық парақ алған топтар тез іске кірісіп кетті. Бірінші болып 8Б сыныбы келді.


     
     
     Іс-шара тәрбие ісі орынбасары Л.Аппазованың ұйымдастыруымен өтті.

    «Мың бала» тәжірибелік – алаңының 2015-2016 оқу жылында атқарған жұмысының е с е б і

     «Мың бала» тәжірибелік - алаңындағы жүргізілетін жұмыстың жоспары

    Іс-әрекет мазмұны

    (шаралар)

    Іс-әрекеттің әдісі мен түрлері

    Жауапты

    жетекшісі

    Кімдер қатысады, тартылады

    Мерзімі

    Есеп түрі (қалай, қашан)

     

     

    1.  

    Ғылыми жобалар

    Ғылыми жобалар сайысы

    С.Жұрымбаева

    5-11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Ақпарат

    жоспар

    1.  

    Дарындыға дара жол

    Пән олимпиадалары

    С.Жұрымбаева

    8-11 сыныптар(10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар

    1.  

    Дарынды оқушыларды олимпиадаға дайындау

    Пән олимпиадалары

    Пән  мұғалімдері

    5-11сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар Ақпарат

    1.  

    Тіл көркемдігі - ой көркемдігі

    Диспут, дөңгелек стол, лекция

    Қ.Кенішбаева

    И.Болат

    Саяхат жүргізушілер

    (10 бала)

    Жыл бойы

    Ақпарат

    1.  

    Халықтық  мұра физикадан

    Диспут, дөңгелек стол, лекция, сайыстар

    Ж.Боранбекова

    8-11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Ақпарат

    жоспар

    1.  

    Компьютер әлемінде

    Сайыс бағдараламасы

    М.Өкей

    1-4 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар

    1.  

    Астанатану

    Экскурсиялар ұйымдастыру

    Б.Нәбиева

    8 – 11 сынып оқушылары

    (10 бала)

    Жыл бойында

    Бағдарлама, анықтама

    1.  

    Литературный клуб «любителей русской словесности»

    Диспут, дөңгелек стол, лекция

    А.Мухтарова

    5-11 сыныптар(10 бала)

    Жыл бойы

    Анықтама

    Буклеттер

    1.  

    Занимательная грамматика

    Диспут, дөңгелек стол, лекция

    Л.Касенова

    5-11сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар Ақпарат

    1.  

    Улица,по которой идешь каждый день

    Диспут, дөңгелек стол, лекция

    А.Аяфова

    5- 8 сыныптар жетекшілері  (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар Ақпарат

    1.  

    Орыс тілі

    Пән олимпиадалары

    Е.Загипарова

    5-6 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар

    Ақпарат

    1.  

    Этномәдениет

    Экскурсиялар ұйымдастыру

    Г.Аманбаева

    5-8 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Ақпарат

    жоспар

    1.  

    Тарих

    Пән олимпиадалары

    Г.Молдраимова

    5-11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар Ақпарат

    1.  

    Оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту

    Пән олимпиадалары

    П.Таубай

    1-4 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар

    Ақпарат

    1.  

    Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастыру, жоспарын бекіту

    Ұйымдық жұмыстар

    Л.Аппазова

    1 – 11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Жарғы

    Ақпарат

    1.  

    Педагогикалық-психологиялық орталық

    Тренинг

    Б.Наурзбекова

    1 – 11 сыныптар

    Жыл бойы

    Анықтама

    1.  

    Пікір сайыс  клубы

    «Сөз қадірі – өз қадірің»

    Пікір сайыс

    М.Уктаева

    5- 8 сыныптар жетекшілері (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар

    Ақпарат

    1.  

    Сахна тілі-сырлы сөз

    Тәрб. шаралар

    М.Жақыпова

    9-11 сын.жет (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар

    1.  

    Қыздар-қызғалдақ клубы

    Тәрбие сағаттары

    Б.Смаилова

    1-11сынып

    оқушылары  (10 бала)

    Жыл бойы

    Ақпараттық анықтама

    1.  

    Мәнерлеп оқу

    Сайыстар

    С.Шәйкенова

    Клуб мүшелері (10 бала)

    Жыл бойында

    Бағдарлама, анықтама

    1.  

    Сөз маржанын терейік

    Диспут, дөңгелек стол, лекция, сайыстар

    Ш.Әбдікәрімқызы

    5-9 сыныптар (10 бала)

     

    Жыл бойы

    Жоспар Ақпарат

    1.  

    Табиғатты қорғау

    Диспут, дөңгелек стол, лекция, сайыстар

    Р.Орынбасарова

    9-11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Анықтама

    Буклет

    1.  

    Жасыл ел-жасыл әлем

    Диспут, дөңгелек стол, лекция, сайыстар

    Қ.Ахметова

    5-11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Анықтама

    Буклет

    1.  

    Тарихи кешендер

    Экскурсиялар ұйымдастыру

    С.Рыспеков

    5-9 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойында

    Анықтама

    Сценарийлер

    1.  

    «Волейбол» командасы

    Жарыстар

    Б.Ноғайұлы

    9-11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Анықтама

    1.  

    «Баскет»баскетбол командасы

    Жарыстар

    Қ.Қантеев

    5-11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Анықтама

    Буклеттер

    1.  

    СӨС денсаулық кепілі

    Диспут, дөңгелек стол, лекция, сайыстар

    Б.Ордабаев

    5-11 сыныптар (10 бала)

    Жыл бойы

    Жоспар Ақпарат

    2.«Мың бала»жобасы жобасы бойынша жүргізілетін жұмыстың жоспарындағы мәселелердің

    орындалуының қаралуы

    Қайда қаралды

    Мерзімі

    Тақырыбы

    Шешімі

    ДЖК

    Қазан

    «Мың бала» тәжірибелік – алаңы жұмысының тиімділігі.

    «Мың бала» жобасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге атқарылатын жұмыстың мазмұны таныстырылып, тақырыптары бекітілсін.Оны бақылау С.Жұрымбаева, Л.Аппазоваға жүктелсін.

     

    Лездеме

    Желтоқсан

    «Мың бала» тәжірибелік – алаңының басым бағыттары.

    «Мың бала» тәжірибелік – зерттеме жобасының тұжырымдамасы бойынша мұғалімдерге  көмек ретінде, әдістемелік нұсқаулар беру жұмыстары жүргізілсін.

     

     

     

    Сынып жетекшілердің отырысында

    Қаңтар

    «Мың бала» тәжірибелік – зерттеу жобасаның күтілетін нәтиже.

    «Мың бала» тәжірибелік – зерттеме жобалық  бағдарламасы тұжырымдамасы бойынша оқушыларды ұйымдастыру, жеке оқушылармен жұмыс,  жеке тұлғаны зерттеу, ата-аналармен жұмыс жүйесі және мұғалімнің құжаттары, қызметі туралы ақпарат беру жұмыстары жүргізілсін.

     

    Әдістемелік кеңес

    Наурыз

    «Баланың басты ұстазы-ата-ана» сауалнама алу.

    «Мың бала» тәжірибелік – зерттеме жобалық  бағдарламасының тұжырымдамасы бойынша атқарылған жұмыстары туралы әр сыныптың ата-аналарынан сауалнама алу, оның қорытындысын  баяндау.Сынып жетекшілерге жүктелсін.

     

    Әдістемелік кеңес

    мамыр

    Ата-ана,оқушы,мектеп ұшбұрышының тиімділігі.

    «Баланың басты ұстазы-ата-ана» демекші, біз тәрбиелеп отырған жеке тұлғаны ата-анасымен қалай жұмыс істеу керек және ата-ана, оқушы және мектеп үшбұрышының тиімділігі туралы көптеген қосымша материалдармен ата- аналар жиналысында көрсету, жұмыс атқаратын мұғалімдерден есеп алу.

     

    2013-2014 оқу жылы  мектеп психологының

    «Мың бала» эксперименттік алаңындағы психологиялық орталықтың оқушылармен атқарылған жұмысы.

    2013-2014 оқу жылы «Мың бала»эксперименттік алаңында психологиялық орталық өз жұмысын атқарып келді.Орталықтың жоспарланған жұмыстарының барлығы түгел орындалып келді.Жыл бойы оқушылардың танымдық процесстері зерттелініп ,анықталған ауытқушылар мен кемшіліктерді түзету жұмыстар арқылы реттелініп отырды. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында « Менің сыныбым» атты тренинг жүргізілді. Тренинг барысында «Дос іздеймін», «Геометриялық пішіндер», «Екі әлем» және тағы басқа ойын-жаттығулар өткізілді.5-ші сынып оқушыларының жаңа буынға  бейімделулерін, қалыптасу деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. Филлипс тесті алынып қорытындысы шығарылды. “Кел, танысайық!”, “Бесінші сынып дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жоғары деңгейді көрсетті. 5-сыныптарда жене мектепке жанадан келген оқушылардың жаңа жағдайға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді.Олармен сөйлесу, әңгімелесу, тренинг жүргізілді. Психологиялық орталық  оқушыларға,мұғалімдерге  кеңестер беріп келді,ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстарын өткізді,содай-ақ бала тәрбиесіне қатысты басқа да қоғамдық орындармен бірлесе әрекет жасады.Барлық мұғалімдермен,мамандармен қарым-қатынас өзара теңдік негізінде және бірін-бірі толықтыру позициясында жүзеге асты. Жас мамандармен кәсіптік құызығушылығын арртыруда тренинг өткізілді және тест,сауалнама алынып отырды.Мектеп түлектері ҰБТ-ға  дайындық барысында, арнайы жоспар құрылып, бағыттау, яғни ҰБТ кезінде оқушылардың психологиялық дағдарысқа түспеуінің алдын алу шаралары жүргізілді.Сұрау бойынша оқушылармен, ата-аналармен, сынып жетекшілерімен жеке кеңес жұмыстары жүргізілді.   Психологиялық дайындық барысында 11 сынып оқушыларының  «репрезентативті жүйе» тесті бойынша қабылдау ерекшеліктері анықталып берілді. Тестке дайындық барысындағы көңіл-күйлерін анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, бүгінгі күні оқушының ой-пікірімен санаса отырып жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ бойларындағы үрей, қорқыныш сезімдерінен арылту мақсатында тренингтер, аутотренингтер жүргізілуде.Оқушылардың ұстаздармен қарым-қатынасын,кәсіптік шеберлігін,этикасын ,киім үлгісін анықтау мақсатында,ата-аналардан мектеп ұстаздары жайлы пікірлерін анықтау үшін сауалнама алынды. Коммуникативті дағдыны дамыту , өзін-өзі бағалауын көтеру мақсатында ойындар мен жаттығулар жүргізілді.Суицид дертінің алдын алу мақсатында «Отбасылық қарым-қатынас» сауалнамасы, «Мен өзіме сенемін», «Өмір, сен қымбатсың маған», «Өмірге жағымды көзқарасты қалыптастыру» атты тренингтер, социометрия әдісі, «Сіздің суицидке бейімділігіңіз» атты проктивті тест, «Аяқталмаған әңгімелер» әдістемесі жүргізіліп, қорытындысы хаттамаға тіркелді. 7-11 сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне  «Суицидтік мінез-құлықтың ерекшеліктері»атты  тренинг өткізілді.9-11 сынып оқушыларынан «Оқушылардың білім алудағы қызығушылықтарын анықтау» атты саулнама алынды, темперамент типтері анықталып, Мотоллиннің Айзенк тестінің негізіндегі типтік түрлері де анықталды. Кәсіби – тұлғаліқ типті бағалау, тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау мақсатында Голланд әдістемесі, Е.В.Климов тесті алынды. 10-сынып оқушыларының темперамент типтері анықталып, математикалық ойлау әдістемесі жүргізіліп, Мотоллиннің Айзенк тестінің негізіндегі типтік түрлері анықталды. Қорытындысымен сынып жетекшілері танысты. Анықталған кемшіліктер бойынша жеке коррекциялық жұмыстар жүргізілді. 9,11 сынып оқушылардан мамандыққа бағытталған таңдау мотивациясын анықтау мақсатында «оқушылардың қызығушылық картасы» атты сауалнама жүргізілді.Педагогтарға «Үлгермеушілермен жұмыс», «Оқу барысында дарынды баланы айқындау және оны тани білудің критерилері» атты семинарлар, «Мен қандаймын», «Оқушы мәртебесі» тақырыбында тренингтер, дарындылықты анықтауға арналған  Торренс тесті, «Мұғалімнің жеке басының дамыту деңгейін анықтау» атты сауалнама өткізілді.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруды үлкен жауапкершілікпен қарастырамыз. Өнер үйірмелерден басқа мектептегі спорт секциялары да жоғары деңгейде жұмыс істейді. Баскетбол, волейбол, «тоғыз құмалақ» үйірмелері көптеген балаларды баурап алуда.

    1. "Мың бала” жобасы аясында  “СӨС – денсаулық кепілі” бағытының  есебі:
    2. жұмысымен  етене таныса отырып, мына ұстанымды нысанаға алды: “Оқушыларды салауатты өмір сүріп, жат қылықтардан аулақ болып, денсаулықтарын дәріптеу арқылы заман талабына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру”. Бұл орайда болашақта адам жанының арашасы – ақ халатты абзал жандар – дәрігер болмысын дәріптеп, оны болашақ  кәсіби мамандық ретінде таңдауға бет бұрған оқушыларды қолдап, өмірге дайындауды мақсат пен міндет етіп қойдық. Әрине, ол сабақ үрдісінен туындаған, одан тыс жұмыстармен үнемі үндесіп отырды.
    3. 15 оқушы тізімі алынып, ата-аналарымен де байланыс жасалып, аптасына екі рет кәсібидайындық мазмұнында арнайы күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалып, бекітілді.
    4. Денсаулық кодексі”,   “ҚР Денсаулық Заңы”, “СӨС күлтесі” атты негігі құжаттық-құзыреттілік материалдарымен танысып, оны іске асыруға арналған бағдарламаларға орайғы кешенді жұмыстармен танысты, олар үндеулер, сараптаулар, мониторингілік болжамдар, тренингілер және бағдарламалық арнайы интерактивті дәрістер.
    5. топ оқушылары  Д.И.Менделеев  атындағы  халықаралық  олимпиадаға  арналған ғылыми - тәжірибелік   конференцияда   “Химия  және  өмір”   атты   интерактивті-слайдтық   сабақтар өткізіп, қалалық деңгейде жоғары баға алды.
    6. өткізілетін “Астана – есірткісіз қала”  акциясы  аясындағы СӨС насихаттау  бригадалары  сайысына   қатысып,  осы  топ  жеңімпаз  атанып,  мақтау қағазына  болды.
    7. арналған “Денің сау болсын десең – жат қылықтардан аулақ бол !” атты сайыс сабақтың тренингілерін осы жобаны іске асырушы – болашақ дәрігер мамандығын таңдауға бет бұрған оқушылар өткізе алды.Бұл - болашаққа шынайы дайындық көрінісі – деген бағаға ие болды.Сонымен, аталған жобаның оқу және тәрбие үрдісінде берері мол, теориялық білімді іс жүзіне асырып, болашақ пен шынайы өмірге дайындалуда әр мамандықтың кәсіби жағын алдын-ала сезіне білуден осындай жетістіктерге қол жетті. Келесі оқу жылында аталған бағыт одан әрі толығып, өз нәтижесін жақсарта беретініне сенім мол.

     

             Осы жүргізілген жұмыстар аясында мектеп оқушыларының табыстары да аз емес.

     Жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада  өткізіледі.

    І кезең-мектепішілік

    ІІ кезең-аудандық

    ІІІ кезең –қалалық

    ІҮ кезең-Республикалық

    Олимпиаданың мақсаты:

          Талантты және дарынды оқушыларды табу және олимпиада резервтерін толықтыру және аудандық, қалалық,республикалық олимпиадаға оқушыларды қатыстыру.

          №52 мектеп-гимназиясында 2013 жылдың 28 тамыз айында өткен №1 әдістемелік кеңесте 2013 -2014 оқу жылындағы мектепішілік пәндік олимпиадасын өткізу мәселесі қаралған.

         І. Мектеп басшысының бекіткен 16 қазан 2013 жылғы № 205 бұйрығы  негізінде мектепішілік олимпиада 16-29 қазан аралығында өткізілді.

          8- 11 сыныптардан негізгі 11 пәннен қатысқан оқушылар саны: 292

         Мектепішілік олимпиаданың қорытындысында  әр пән бойынша жеке –жеке орындар беріліп,  44 оқушы І орын, 52 оқушы ІІ орын және 63 оқушы ІІІ орындарға   ие болды.

      ІІ.2013 жылғы желтоқсан айының  20-21-і күндері  аудандық  олимпиада  өтті.Олимппиада қорытындысы бойынша мектебімізден   физика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Бестыбаев Алам ІІ орын, құқық пәні бойынша 11-сынып оқушысы Әлібекова Әйгерім ІІІ орын, тарих пәні бойынша 8-сынып оқушысы Ермек Дидар ІІІ орын және  10 –сынып оқушысы Шарбек Бекзат ІІ орын, математика пәнінен 9-сынып оқушысы Абжалиева Камила ІІІ орынды  иеленсе, 8 оқушы мақтау қағазымен марапатталды. 

       Қалалық олимпиада бойынша:

    2014 жылғы қаңтар айының 8-9-ы күндері қалалық олимпиада № 6 және №66 мектеп базаларында өтті.Мектептен  физика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Бестыбаев Алам , құқық пәні бойынша 11-сынып оқушысы Әлібекова Әйгерім, тарих пәні бойынша 8-сынып оқушысы Ермек Дидар  және  10 –сынып оқушысы Шарбек Бекзат қатынасты.

    Олимпиада қорытындысында құқық пәні бойынша 11-сынып оқушысы Әлібекова Әйгерім ІІІ орын иеленді.

    2014 жылғы қаңтар айының 8-9-ы күндері қалалық олимпиада № 6 және №66 мектеп базаларында өтті.Мектептен  физика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Бестыбаев Алам , құқық пәні бойынша 11-сынып оқушысы Әлібекова Әйгерім, тарих пәні бойынша 8-сынып оқушысы Ермек Дидар  және  10 –сынып оқушысы Шарбек Бекзат қатынасты.

    Олимпиада қорытындысында құқық пәні бойынша 11-сынып оқушысы Әлібекова Әйгерім ІІІ орын иеленді.       Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңінен 11-сынып оқушысы Үсенова Диана  І орын алып,    ІІІ кезең республикалық кезеңге қатысып,жүлдегер атанды.

           Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылғы 28 ақпан күні біздің мектебіміздің базасында  «Ғасырдан ғасырға» атты қалалық интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа біздің мектептен: Шарбек Бекзат-10 «А»,Телеуов Мухамед -9 «А», Төлендина Мадина- 8 «А» сынып оқушылары қатысты.

    Сайыстың алғашқы  шарты бойынша оқушылар «Қолөнершілер,сауда –саттық қалалары» атты тақырыпта 5 минуттық сахналық қойылым қойды. Интеллектуалды топ «Ежелгі Қазақстан мифтері» бойынша викторина,«Блиц- турнир» капитандар сайысына, сиқырлы сандықтағы затты сипаты бойынша анықтау жарыстарына қатысып, білімдерін шыңдады. Қойылымға мектебіміздегі театр өнеріне қатысып жүрген 10-сынып оқушылары қатынасып, шынайы өнер көрсетті. Әділ-қазылар шешімі бойынша біздің мектептен қатысқан команда ІІ дәрежелі Дипломмен  марапатталып,интеллектуалды топ мүшелеріне бір-бір ұялы телефонды сыйға тартты.

      

         «Полиглот» қалалық гуманитарлық олимпиадасында 5-сынып оқушысы Смаилова Дилназ ІІІ орын иеленді, жетекшілері орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Серикбаева Рая Мутановна, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жақыпова Майра Нұсқабайқызы және ағылшын тілі пәні мұғалімі Кусаинова Назира Жаксылыковна жетекшілік етіп дайындады.

    5-8-сынып оқушылары арасында «Жас математик» қалалық олимпиадасында 5-сынып оқушысы Жақсыбай Архат ІІ орын иеленді,жетекшісі Алимбекова Баян Рахымжановна, 6-сынып оқушысы Асетхан Жансая грамотамен марапатталды,жетекшісі Шайменова Бағжамал Советхановна .

    Қалалық Ясауитану байқауынанІ орын иемденіп, республикалық  кезеңіне жолдама алып,жетекшісі Юсупова Зульфия Аманғазықызы осы Республикалық жарысқа баратын оқушыларды дайындап апару мәртебесіне ие болды.

    4-сыныптар арасындағы олимпиададан 3 пәннен де І орын иеленді. Жетекшілері  математика пәні П. Таубай,қазақ тілінен З.Қожахметова және дүниетану пәнінен Ұ.Орынбасарова болды.

    Бүгінгі күні 2-6 сәуір аралығында өтетін  «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық конференциясы мектебімізден 4 оқушы қатысып, ІІІ орынды жеңіп алды.

    Мамыр айында Москва қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық жарыстан  11-сынып оқушысы Халибек Перизат сертификат иеленді.

    Жалпы алғанда осы  2013-2014 оқу жылында «Мың бала» тәжірибелік – алаңы бойынша барлығы 96 мұғалім жұмыс істеді. Жобаға 1000 бала қамтылды.

     Анықтама жазған  :  С.Жұрымбаева

     



    «Мың бала» жобасы

     "Мың бала" жобасының мақсаты:

    Әлеуметтік мақсаты:

    • Оқушылардың әлеуметтік жағдайын, қарым- қатынасын зерттеу арқылы қолайлы орта қалыптастыру.

    Классикалық мақсаты:

    • Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, уақытын тиімді пайдалануын қадағалау арқылы қызығушылығын ояту.

    Креативті мақсаты:

    • Оқушы бойындағы жеке қабілетін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу.

     "Мың бала" жобасының міндеттері:

    • Жас ұрпақтың өзінің рухани – адамгершілік, интеллектуалдық , өмірі мен өз денсаулықтары үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
    • Жас қазақстандықтарды құндылықтар, келісімдік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
    • Балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу , әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау.

     «Мың бала» жобасы бағдарламасының мақсаттық ұстанымдары:

    • Қазақстандық патриотизм- «Өз елін сүймеген адам,ештеңеніде сүйе алмайды». Өлкетану жұмысы, саяхаттық сағаттар,тарихи кешендер,мұрағаттар мен мұражай жұмысы.
    • Ұша білген қанатқа дүние кең-  Дарындыларды таныту,ғылыми жобалық жұмыстар.
    • Атамекен -  Ұлттық педагогика,салт дәстүр,тарихи этнографиялық тәрбие.
    • Жас ұлан -  ертеңгі ел болашағы». Рухани парасаттылық, елжандылық, әскери-патриоттық  тәрбие
    • Өнерлі өрен - «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй». Саз-әуен әлемін зерттеу,талапты талант көзін ашу.
    • Әдебиет – мәдениет бастауы; «Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы», шешендік сөздер арқылы тәлімдік тәрбиелік өнегесін енгізу
    • Мен және әлеумет - «Бала сезімінің әлемі,бала және кеңістік» Өзін өзі тану, қоршаған кеңістік,ақпараттық орта.
    •  Табиғат - Ғаламшар тынысы, экология,табиғатты қорғау.
    • ҚАЗАҚСТАН:2050 СТРАТЕГИЯСЫ ЭКСПО- 17   Құрастыру,     бейнелеу  қол өнері арқылы     өзгермелі экономикалық қоғамға бейімдеу 
    • Денсаулық  - басты байлық Салауатты өмір салтын қалыптастыру

     Күтілетін нәтиже:  Әр оқушының бағарламалық тұжырымдама бағыттары бойынша дарындылық, шығармашылық, қабілеттілік ерекшеліктерін айқындау.

    Ұлттық сана-сезімі, азаматтық көзқарасы, қазақстандық патреотизмі, Заң мен құқық тәртібі және ішкі еркіндігі мен ар-намысты сезімі толық қалыптасқан жас ұрпақ тәрбиелеп шығару.

     Тұжырымдаманың құндылығы

    Әрбір жеке тұлға мақұлдайтынжәне ортақтасатын жақсылық, әділеттілік, патриотизм деп бағалайтын қоғамдық мәнді әлеуметтік бірлік. Ол барлық балаларға идеалдық қызмет көрсетеді. Ұрпаққа ата-бабасынан қалған өз халқының мәдени мұрағаттарын сақтап, зерттеп білуі. Адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы тілді әдеби-мәдени құндылық ретінде сақтау.



    Үйірменің үйретері көп...

                         «Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол»

    Оқу жылының басынан 9 секция, 27 үйірме   үйлестіріліп, талапқа сай кесте бойынша кабинеттерде өтіп отырады.  Түсінік хаты,  үйірме жоспарлары жасалған, арнайы журналға толтырылады.

    2013-2014 оқу жылынан бастап эксперименттік  «Мың бала» жобасы аясында алынған үйірмелер:

    -           Драма;

    -           Өнер;

    -           Ұлттық ойын;

    -           Ұлттық таным;

    -           Адам тану бағыттарымен   әр мұғалім қарамағына 10 баладан бөлініп берілді.

    «Шахмат» үйірмесінің мақсаты:

    Оқушылардың ми қабілетінің белсенділігін арттыру, ақыл-ойын дамыту, интеллектісін қалыптастыру, жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету

    №52 мектеп-гимназиясының «шахмат»үйірмесінде 16 оқушы қатысады.

    3 сәуір күні 8-10 сынып оқушылар арасында 7 мамыр ұландар күніне арналған турнир өтті. Турнирге әр сыныптан 2 ұл, 1 қыздан 1 команда құрылып, 12 команда қатысты.

    Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды  10 «А» сынып оқушылары Әмірхан Әли, Кенжеғұлов Олжас, Шаймарданова Камила, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушылары Дүйсенбаев Рауан, Жаныбеков Нұрсұлтан, Рахым Бекжан иеленді. ІІІ орынды 8 «А» сынып оқушылары Қаймазы Ерен, Сағындықов Қантемір, Зұлқайнар Жібек иеленді.

    Жүлде алған оқушылар мектеп директорының Мақтау қағаздарымен марапатталды.

     

     

    «Балаларға өнер-білім берілсін,

    Сұлу мінез өнерменен өрілсін»-

    деп Ж.Баласағұн айтпақшы,

    «Мың бала»жобасы бойынша «Өнер» бағытында  3 «Ә»сынып оқушыларының

    «Айтыс-асыл мұрам»атты  сабағынан көрініс

     

    Қыз бен жігіт айтысын көрсетіп,сөз маржанын төккен Тәңірберген Жігер мен Байзекенова Сабина 

     

    «Жаңылмай айтам жаңылтпаш» атты байқауда жақсы өнер көрсетіп, сыйлыққа ие болған

    3 «Ә»сынып оқушылары Айтжанова Маржан мен Дәуіт Арайлым

     

    «Сөздің көркі – мақал» байқауы бойынша терең ой қозғап,талдау нәтижесінде «Мақалшы» атына лайық болғандар:  Сәруар Мадияр,Көкенова Айгерім,Маханов Мирас

     

    Бәріміз мақал-мәтел,нақыл сөздер жаттап,мағынасына үңіліп,тіліміздің  тереңділігі мен қасиетін түсініп,сөз маржанын терейік-дейді жеңімпаздар

     

    «Жұмбақ – ойды қозғайды» атты байқауда оқушылар жұмбақ жасыру мен шешуін бейнелеу өнерімен байланыстыра отырып аша білді.

    Өз ойларын айтып, сурет салуда белсенді  болғандар:Серік Мұратхан,Дәуіт Арайлым, Құдайбергенова Аружан,Бакирамбек Абылайхан, Қожакелді Нұрсұлтан.

    06 қараша 2013 жылы №52 мектеп-гимназияда Алматы, Сарыарқа аудан мектептері тәрбие ісі орынбасарлары алдында  мектеп-гимназия тәрбие жұмысы, оның ішінде үйірмелер арқылы практикалық тәжірибелер жинақтап,  өз алдына мақсат қоя білуге және болашақта  өзгермелі экономикалық қоғамға  бейімдеу  мақсатымен АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өтті.  Салтанатты ашылу рәсімін мектеп-гимназия директоры Ұ.Б. Байтасова ашып,  мектептің  өткен жылғы жетістіктерін саралап, биылғы оқу жылында   тәрбие жұмыстары бойынша /тәрбие ісінің орынбасары Л.С. Аппазова/  қала көлеміне  төртінші рет беріліп отырған іс-шараға сәттілік тілеп,   келушілерді қызу құттықтады. Ашық есік күніне Астана қаласы білім басқармасының маманы  Г. Қ. Байшукова     қатысып, қатысушыларға табыс тіледі.

    Сағат 9.00-ден  тіркеу жүргізіліп, қала мектептерінің №56,40,54,15,51,62,65,38,41,50,53,37,55,68,39,58,25,17,8,23,7 тәрбие ісі орынбасарлары  24 үйірме бойынша №52мектеп-гимназиясының 1,2,3,4 қабаттарында үйірме сабақтары ұсынылды.

    Үйірме жұмысының нәтижесі бір күнмен өлшенбейтіні анық.

    «Жас талант» үйірмесінің жетекшісі Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Қайрат Жәйірбек жеке сурет студиясын ашқан, шәкірттері  қала көлеміндегі іс-шараларға үнемі қатысып, марапатталып келеді. «Алтын оймақ» үйірмесінің жетекшісі Р.М. Болаткулова  жетекшілігімен оқушылардың тіккен қазақы көйлегі,  ою- өрнек, әр түрлі  әшекейлері, тоқыма, бисермен жұмыстары  жайлы үйіме мүшелері әңгімелеп айтып беріп, қатысушылардың қызығушылығын да туғызды. «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі А.Муканова жетекшілік жасайтын «Жас екпін» оркестрі  республикаға танымал, жақында «халықтық оркестр» дәрежесін қорғады. Үйірме үш жасерекшеліктік: 1-4 сыныптар, 5-7 сыныптар және жоғары  буында жүргізіледі.  Ақшагүл Мұқанқызы алдынан шыққан шәкірттердің алды өнер ордаларында қызмет етуде.  Қыздармен жүргізілетін «Сымбат» сырласу клубы жетекшісі С.Асқарова «Іздегенде табылатын қасыңнан..» тақырыбында кезекті тренинг-сабағы  оқушылардың көңілінен шықты. «Салауатты өмір – салтымыз!» ұранымен спортшылар шеруіне қатысқан оқушыларымыз бен олардың  спорт жетекшілеріне Б.Әділбеков/футбол/,Б.Ордабаев/күрес/,А.Илясова/волейбол,қыздар/Қ.Кантеев/баскетбол/,Д.Алданов/каратэ/еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.  Мектеп жылыжайына Қ.Асхатова жетекшілік жасайтын  «Мектеп флорасы» үйірме мүшелері қарсы алып, қонақтарға  мектеп флорасының тыныс-тіршілігінен хабар беріп, көріністерін тамашалатып,  барша жұртты  жасыл әлемді сақтауға шақырды.

    Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын басқарып отырған С.С. Жұрымбаеваның ұйымдастыруымен бірнеше ғылыми жобалар: «Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері», Г.Ә. Дүйсенова, «Қарлығаш – біздің досымыз» З.Ә. Қожахметова, «Қара сабынды қалай брендке шығарамыз» П.Таубаймен орындалып, әр жобаның өзектілігі көпшіліктің назарын аударды.

    Мектептің үшінші қабатына көтерілгенде  қайта үйірме жұмыстарына ойысып,  «Шахмат» турнирі жетекшісі Г.Молдраимова 6-7,8-9  сыныптар арасында өз мәресіне жетіп те қалды. Ұлттық ойындарымыздың бірі-   «Тоғызқұмалақ» үйірмесі, жетекшілері Ә.Ібікен және Ж.Жахина кезекті сабақ көрсетті. Қонақтар әрі қарай   «Вокал» үйірмесі, жетекшісі А.Сүлейменова, «Хор» үйірмесі  жет. Ж. Маманова,  «Баян сұлу» би үйірмесі жетекшісі  Ж.Уздымбаева, «Театр» студиясы  А.Каленова еңбектеріне айрықша ризашылық білдірді. Кітапхана залында А.Торғаевамен өткізілген «Жас оқырмандар» конференциясы 3 «ә» сынып оқушылары /сынып жетекшісі Қ.Кенішбаева/ «Батырлар жыры»  тақырыбында hас батырларды нәшіне келтіре  «жас батырладың» сомдағандары көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі.

    Екі жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан  «Жас тілшілер» келген қонақтарды қарсы алып, бірге жүріп, реті келген жерде мектеп тілшілері №40 мектептің тәрбие ісі орынбасары С.Байдрахмановадан  сұхбат та  алды. Үйірме жетекшілері Б.Индира, М.Уктаева арқылы өткен жылғы «МЕКТЕП ЖАРШЫСЫ» газеттер жинақтамасы көрсетіліп, айдарлары таныстырылып, газеттің кезекті санына дайындық жұмыстарынан    хабарлама жасады.

     2013-2014 оқу жылынан халықтық педагогика негіздеріне сәйкес құрылған «Әкелер кеңесі»,  үйірмесі жетекшісі Х.Өрендик студиға жиналған әкелер ортасына ситуациялы көріністер көрсетіп барып,  ойға шақырды.  Пікір білдірген ата-ана Оралғазы Асқаров, «Ескендір» қайырымдылық мекемесі ұстаздары тұжырымды ой түйіндеді, соныңда  ата-ана  Бейсембек Ахмадиев  өз шығармашылығынан «Әкеге арнау» өлеңімен қорытындылады. Келген қонақтар үйірме жұмыстарын қорытындылап алған соң, мәжіліс  залында көркемөнерпаздардың күшімен қойылған концертті  тамашалады.

    Соңғы,  қорытындылау бөлімінде Білім басқармасынан  маманы Г. Қ. Байшукова      сөз алып,  мектептегі тәрбие жұмысының жақсы жолға қойылғанына  шексіз алғыс білдіріп, болашақта табыс тіледі. Сөз соңын алған мектеп директоры келушілерге рахмет айтты. Қатысушылардың бәрі ескеркішке фотоға түсті.

    Шешім:

    1. 1 тоқсан бойынша үйірме жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
    2. АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ орай «Үйірменің үйретері көп...» іс-шарасы туралы  ақпарат БАҚ жариялансын.
    3. «Мың бала» жобасы аясында қамтылмаған бағыттар жұмысын жоспарлы жүргізіп, келесі қалалық іс-шараға дайындалсын.
    4. Оқушы компонентіне берілетін материалдар жинақтамасы жасалсын

            

                         Тәрбие ісі орынбасары                                                 Л.С.Аппазова

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки