Қашықтықтан оқытуды енгізу үшін сізге:
§ Интернетке кіру мүмкіндігі бар кез-келген электронды құрылғы (смартфон, планшет, ноутбук, компьютер) болуы керек;
§ Сынып жетекшісінен мектепте қашықтықтан оқытудың электронды порталы туралы ақпарат алыңыз (Zoom, GoogleClassroom, Hangouts, Moodle, Skype);
§ Сынып жетекшісінен бекітілген сабақ кестесін алыңыз;
§ Оқушылар өздерінің логин және паролімен Kundelik жүйесіндегі жеке кабинетке кіре алады, тапсырмаларды жүктеп алады, содан кейін мұғалім белгілеген мерзімде үй тапсырмасын жүктей алады;
§ Кестеге сәйкес қашықтықтан оқытуға уақытылы қосылуын, сабақтарға, тапсырмаларға қатысуын бақылау;
§ Сұрақтар туындаған жағдайда сынып жетекшіге хабарласыңыз.