Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия
2020 жылғы 13 шілде -  Қазақстан Республикасында  Жалпыұлттық аза тұту күні
  • ru
  • kz
  • en
  • Все новости

    Категории

    Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі ата-аналар!

    Жаһан жұртшылығын дүр сілкіндірген оқиға білім беру саласы қызметкерлерін де айналып өткен жоқ. Біздің негізгі  мақсатымыз қандай жағдай болса да, оқушыларға үздіксіз білім беруді қамтамсыз ету. Осы орайда  Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен аз уақыт аралығында  қашықтан оқыту технологиясының мүмкіндіктерін оқып үйрендік.


    Қашықтан оқыту – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы. Қашықтан білім беру технологиялары қашықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, итернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

    Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқыту құра­лы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Біз «Bilimland», «Kundelik.kz», «Google Classroom», «Daryn.online» сынды жақсы жүйе­лерді қолданамыз. Сондай-ақ оқыту барысында «ZOOM» сервисін ақысыз қолдануға мүмкіндік болады. Қашықтан оқытуға “Balapan” мен “Еларна” телеарнасы да атсалыспақшы. Оқушыларымыз  осы телеарна сабақтары арқылы өз білімдерін кеңейтіп, түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік алады

    Құрметті ұстаздар! Бүгіннің күннің талабына сәйкес қашықтан оқыту форматында әр сабқтарыңызды әдістемелік тұрғыдан сауатты жоспарлап, ұтымды ұйымдастыратыңызға сенемін. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз бұл ауыр сыннан  да сүріндірмей алып шығады деген ойдамын.

    Қымбатты біздің шәкірттеріміз! Бүгін көптен күткен  ІҮ тоқсан өз жұмысын қашықтан оқыту форматында бастады. Бұл мектеп ұстаздары үшін де, сіздер үшін де үлкен жаңалық, алғашқы тәжірибе. Қазіргі XXI ғасыр ғылым мен технологияның жетік дамыған кезеңі. Бүгінгі жастар – ертеңгі еліміздің болашағысыздар. Ертең сіздер сапалы білім алып, мемлекетіміздің дамуына өз үлестеріңізді қосатындары­ңыз­ға сенімдімін. Ол үшін үздіксіз ізденіп, білімімізді тереңдету керек.

    Қадірлі ата-аналар! Сіздермен біздің ортамызды байланыстырып тұрған басты тұлға- ол балалар, сондықтан біздің барлық жұмысымыз балаға арналады. Біздің міндет –ел сенімін ақтап, оқушыларымызға бүгінгі күн талабына сәйкес білім беру. Біз біргеміз! Мақсатымыз бір, мүддеміз ортақ, жоспарымыз анық. Сіздер сабырлы болыңыздар, мүмкіндігінше жанұяның жылылығын сақтап, балаларға жағдай жасап, қолдап отырыңыздар. Бұл кезең біздің балаларымыз бен әр отбасының мектеппен ынтымағының берік екенін көрсететін сын сағаттар. Балаларымыз сапалы білім алып,  оқу жылын табысты аяқтауға бірге ат салысайық. Балаларымыздың болашағы сіздер мен біздің қолымызда.

                                                    Құрметпен, Б.Майлин атындағы №52мектеп-гимназия директоры         Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы



    08.04.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки