Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия
2020 жылғы 13 шілде -  Қазақстан Республикасында  Жалпыұлттық аза тұту күні
  • ru
  • kz
  • en
  • Все новости

    Категории

    «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»

    «Оқушыларды  Қорытынды  аттестаттау емтиханына психологиялық тұрғыда   дайындау»

    Ата-аналарға ұсыныс:

    - Ата-ана алдымен балаға қолдау көрсету, сенім білдіруден бастау керек.

    - Қазіргі ел басымыздың “Білімді жастар – ертеңгі білікті маман” екенін көрегендікпен бақылай отырып, қолдауды кеңейтіп жатқанын баса түсіндіру, барлығы өз мүмкіндігінде екенін дұрыс түсіндіру.

    - Сен үлкен жолдың алдында тұрсың сен есей -өзіңе жауапкершілік ал деп қарайтын жақсы ниеттегі сөздерді басып айту.

    - Бұл өмір жолы бұл алғашқы жолың - әлі сан түрлі жолдар сені күтеді, сондықтан жақсылық пен жамандық бірге жүретінін, одан қашпай түсініп, алдын алу үшін жақсы дайындық, білім керек, өзіңді басқару қажет деп барлық тақырыпты қамтуды да негізге алыңыз.

    - Түсінбейтін жайттар байқалса,кәсіби мамандармен кездесіңіз. Кез-келген жайтты алдын-ала бақылай отыру қажет, себебі бұл сын сәті, сол үшін ата-ана сіздерге де өз өмірлеріңізге қайта қарауға, отбасы татулығына аса назар аударуға тура келеді.

    - Кәсіп таңдауда баланың өзіне таңдау жасатуды да ұмытпаған жөн, себебі ертеңгі өмір сол балада болады.


    Балаларға емтиханға  дайындалуға қалай көмектесу қажет?

    *Емтихан қарсаңында баланы көп мазаламаңыз-бұл емтихан қорытындысында теріс әсер етуі мүмкін.

    *Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі.

    Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса,жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаңызды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.

    *Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін сізден артық ешкім түсінбейді.

    *Баланың қатты шаршап, қажуына жол бермеңіз.

    *Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.

    *Үйден баланың дайындалуына қолайлы орын беріңіз, үйдегілердің ешқайсысы бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз.

    *Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз, баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді, әрі әртүрлі витаминді тағамдар жеуі керек.

    *Балаларыңызға дайындық тақырыптарын әр күнге бөлуге көмектесіңіз.

    *Негізгі формула немесе анықтамаларды керуерттің  басына, үстел қасына,асүйге іліп қоюға болады.

    *Емтиханға дайындалу кезінде баланы алдын-ала уақытты бағдарлау мен оны үнемдей білуге үйретіңіз.

    Сонда ғана бала қобалжымай, уақытты пайдалануда тәжірибесі мол болады.

    *Емтихан қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.

    *Есіңізде болсын, ең бастысы-баланы қобалжу мен қорқудан арылтып,оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.

     

    Ата-ана сіздердің түсініктеріңіз бен күнделікті мейірімділік, бақылау жасап қолдау көрсетулеріңіз – балаңыз үшін шексіз көмек болып табылады. Мейірім, кешірім және әрбір күнге қуану сіздерде де жүрсін, баламен бірге тыныстай алыңыздар.

     

    Бәрі сіздердің балаға деген махаббаттарыңызда!

     

    Педагог-психолог: Беркимбаева У.К.

    16.04.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки