Меню KDT
МЕНЮ
//отключение моб версии

logo.jpg?_=1557726989

Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия
 
  • ru
  • kz
  • en
  • Все новости

    Категории

    Мектепке қабылдау ережесі


    Мектепке қабылдау ережесі 
    немесе http://school.nursultan.e-orda.kz/ru порталы арқылы қабылданады.

    Типтік ережелерге сәйкес, білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша сыныптарды толықтыруға жол берілмейді, ал бір сыныптағы оқушылар саны 25-тен астам болуы тиіс емес.

    Бастауыш білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық жеті жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

    Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

          1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);

          2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

          3) "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

          4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

           5) 3x 4 көлеміндегі фото - екі дана.

          Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

    Жұмыс  күндері :     09.00-18.00

    Сенбі, жексенбі-демалыс күндері.




    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Б.Майлин  атындағы №52 мектеп-гимназия  жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын дәстүрлі форматта мектепке баратын  бастауыш сынып оқушылары  «кезекші сыныптардың» қандай тәртіпте оқитыны  туралы хабарлайды.

    Әлемде болып жатқан індетке байланысты  мектептерде «Бір мұғалім – бір сынып» қағидаты енгізілді  Жаңа оқу жылында оқыту үрдісі қалай жүргізілетіні туралы таяуда ғана шешім қабылданды. Жаңа оқу жылының  І тоқсанында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

    Білім және ғылым министрінің шешімінен кейін  №52 мектеп-гимназия директоры Байтасова Улбосын Бекмурзаевна бастауыш сынып оқушыларын  дәстүрлі форматта оқытуға Б.Майлин  атындағы №52 мектеп-гимназияның   бастауыш сынып  ұстаздары  дайын екенін хабарлайды.

    Жаңа оқу жылында қолдануға берілген 625 орынды мектебімізден 39 сынып  «кезекші сыныптар» ашылып отыр.

    Бастауыш сыныпта (1-4 сынып) оқитын баласы бар ата-ана баласын дәстүрлі түрде мектепте оқытуға өтініш бере алады.

    Мектеп қабырғасында дәстүрлі оқу барысында нақты шектеу шараларын есте сақтаймыз. 

    1. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы керек. Ата-аналарының өтінішімен І тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын сыныптағы кабинетте 10-15 баладан артық отырмауы керек. Яғни бір сыныптың өзі топтарға бөлінеді.
    2. Осы сыныптарға қоңыраулар әртүрлі уақытта соғылады.
    3. Дене қызуы тұрақты түрде өлшеніп, балалардың денсаулығы қатаң бақылауға алынады. Ата-аналарға мектеп аумағына кіруге тыйым салынады.

    Әдетте ағылшын пәнін оқытарда басқа мұғалім келеді. Алайда бұл жерде ондай болмайды. Тек негізгі пәндер ғана оқытылады. Бастауыш сыныптың мұғалімі ғана сабақ өткізеді. Дәстүрлі форматта оқытуға болады деген күннің өзінде сабақтың жартысын біз қашықтан оқыту форматына ауыстырамыз. Ағылшын тілі мәселен қашықтан оқытылады.  Мектеп басшысы І тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын балалар үшін мектептегі асхана жұмыс істемейтінін жеткіземіз.

     


    11.08.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру