Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

     
     №52 мектеп-гимназиясының 2014- 2015 жылғы негізгі мектеп бітірушілер туралы мәліметтер

     
    мектеп атауы Негізгі мектеп бітірушілердің саны Емтихан тапсыратын оқушылар саны  Негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа үміткерлер саны
        қазақ тілінде қазақ тілінде қазақ тілінде
    1 №52 мектеп-гимназия 136 136 2

                                                           Оқу ісінің орынбасары:  М.С.Сейтенова
    Ата- аналарға психологиялық дайындық.

    Тақырыбы: Ата-аналарға психологиялық дайындық бойынша көмек-кепілдемелер. Ата-аналарға кеңес: ОЖСБ-ға дайындалуда оқушығақалай көмектесуге болады? Тестілеуге балаңыздың алатын  ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөгеқарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынғанұпай саны оның нағыз мүмкіндігініңөлшемі емес екендігін ескертііңіз. Тестілеу тапсыраралдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсеретуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды  «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз. Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді көбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сізғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс. Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. мидың жұмысын жақсартады. Балаңызға тақырыптарға дайындықты әркүнге бөлуге көмектесіңіз.  Балаңызды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз.  Материалдың жаттанды мәнін түсінбей, ең негізгі сәттерін қарап, материалдың логикасы мен мәнін ұғып алуға кеңес беріңіз. Қарап жатқан материалды жоспар бойынша тәртіпке келтіріп, қысқасыз балық жазбалар мен кестелерді жасаудың пайдалылығын көрсетіңіз. Егер балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Негізгі формулаларды және анықтамаларды бөлек бетке жазып, жұмыс үстелінің үстіне іліп қойсын. Алдын ала тестері бар кітаптар сатып алып, балаңызды жаттықтырыңыз. Мұнда балаңыз тәжірибе жүзінде тестерді орындауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді. Бұл балаңыздың барлық тестілеу барысында зейінін  бір жерге шоғырлантуға дағдыландырады, ал бұлөз кезегінде салқынқандылыққа баулиды және артық алаңдаушылықты алыптастайды. Емтихан   кезінде балаңыздыңқолына сағат тағуғаұмытпаңыз. Емтихан болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн. Балаңызға беру уақытында мыналарға назар аударуына кеңес беріңіз: Алдымен барлық мәтінді, олардағы тапсырмаларды бір көзбен жүгіртіп шықсын, ол балаңыздың жұмысқа деген ынтасын жоғарлатады; Сұрақты бар зейінінқоя оқып, оның мәнін түсінсін, себебі көп жағдайда балалар тестінің бірінші сөзінғана оқып, сөйлемді соңына дейін қарамай, жауапты таңдай салады; Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе күмәндансаң, оны белгілеп қой да, кейін, барлық тапсырмаларды орындағанан кейін сол сұраққа оралып, қайтадан істеп көр; Егер берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмай жатсаң, ең мүмкін деген жауапты таңда не интуицияңа жүгін. Есіңізде болсын: ең бастысы — бұл балыңыздыңқажуы мен алаңдатуын түсіру және сабақ оқуға жақсы жағдай жасау.

     

    Жарқын болашақтың жалынды жастары

    Не ексең, соны орасың демекші, жастар егіндік сияқты. Жастайынан жақсы істер жасап, пайдалы білім алғандар, ертеңгі күні өзінің өнімін береді. Сондай жастарымыз мектебіміздің 9- сынып оқушылары деп айтуға болады. Балалар жылда өткізілетін ОЖСБ – ға дайындықтарын қарқынды жүргізуде. Жоспар бойынша аптаның екі күні 9-сынып оқушылармен ОСЖБ – ға дайындық жұмыстарына арналған. Мұғалімдер дайындықты әр түрлі формада өткізеді: сұрақ – жауап, тест, дәріс, практикалық жұмыстар арқылы өткізіледі. Осы оқу жылында өткізілген төрт сынама ОЖСБ -  ның қорытындысы төмендегі нәтижелерді беруде:




                                                  

    2013-2014 оқу жылында № 52 мектеп-гимназиясында оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылауды  (ОЖСБ) ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары.

     

    Атқарылатын жұмыстары

     

    Мерзімі

    Жауапты

    1

    ОЖСБ- ды өткізу мен ұйымдастыру сұрақтары бойынша нормативті-құқықты, құжаттарды педагогикалықұжыммен таныстыру.

    қыркүйек

    Оқу ісінің орынбасары

    2

    Оқушылар, педагогтар, ата-аналар үшін ақпараттыққабырға үлгісін жасау

    қыркүйек

    Оқу ісінің орынбасары

    Пән мұғалімдері

    Сынып жетекшілері

     

    3

    ОЖСБ – ға дайындық кестесін құру

    қыркүйек

    Оқу ісінің орынбасары

    4

    Негізгі пәндерден тестік жұмыстар құрастыру (бірнеше нұсқада)

    Қыркүйек
     наурыз

    Пән мұғалімдері

    5

    Оқушыдан тест алу

    Аптасына 1 рет

    Сын. жетекшілері

    6

    Жіберілген қателер бойынша мониторинг жүргізу

    әрбір тестік бақылаудан кейін

    Пән мұғалімдері

    7

    Жіберілген қате бойынша түзету жұмыстарын жүргізу

    Қыркүйек
    наурыз

    Пән мұғалімдері

    8

    Ортақ балды есептеп мониторинг жасау арқылы салыстырып отыру

    Қыркүйек  наурыз

    Пән мұғалімдері

    Сынып жетекшілері

    9

    Ата – анаға баласының жағдайынан хабардар етіп отыру

    Қыркүйек
    наурыз

    Пән мұғалімдері

    Сынып жетекшілері

    10

    Жауап парағымен жұмыс істеуге дағдыландыру

    Қыркүйек
    наурыз

    Сынып жетекшілері

    11

    Психологиялық тұрғыдан қолдау (тренинг өткізу)

    Қыркүйек
    наурыз

    Психолог

    12

    Әрбір пән мұғалімінің

    бағдарламадан қиын тақы

    рыптармен жұмыс істеу

    үнемі

    Пән мұғалімдері

     

                                                                     Оқу ісінің орынбасары:        Қ.Ө.Нұртаева

     

    2013-2014 оқу жылының І  жартыжылдығы  бойынша өткізілген  9 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сыныптарының ОЖСБ-ға дайындық  барысындағы байқау сынақтарының қорытындысы  туралы

    Мақсат:

    1. ОЖСБ-ға  сапалы дайындықты  ұйымдастыру;
    2. Оқушыларды  100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
    3. ОЖСБ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

      2013-2014 оқу жылында 9 – сыныптардан ОЖСБ-ға дайындық барысында І жартыжылдықта 4 рет байқау сынағы өткізілді. Байқау сынақтары  айына 1 реттен, әр аптаның  сенбі күндері  3 сабақтан  соң өткізіліп тұрды. Өткізілген сынақ тесттеріне қорытынды жасалып, мониторингі шығарылып отырылды.  Тапсырған  сынақ тесттерінің нәтижесі бойынша  пән мұғалімдері оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізіліп жатыр. ОЖСБ-ға дайындық  кестесі құрылып, дайындық сабақтары  уақытында өткізілуде.  Оқу жылының басында ең алғашқы  19.10.13.  күні  жазылған байқау  сынағынды 9-сынптар бойынша ең  жоғарғы ұпайды (80 ұпай) алған  9 «А» сынып оқушысы Алтынбекова Әдемі. Ең  төменгі ұпайды  (23) көрсеткен  9 «Г» сынып оқушысы Ақылбеков Қ.А.

         25.11.13. күнгі жазылған  байқау сынағының  нәтижесі бойынша  ең жоғарғы ұпайды көрсеткен  9 «А» сынып оқушылары  Алтынбекова  Әдемі (80 ұпай),  Хадылбек Бақытжан (79), ең төменгі ұпайды көрсеткен  9 «В» сынып оқушысы  Раджапов Марс (27 ұпай),  9 «Г»  сынып оқушылары Мамбетерзин Рустам  (27 ұпай), Сайлаубаев Биназар (26) ұпай.

      Осыған дейінгі жазған тест жұмыстарында жоғары ұпай көрсеткішімен  төмендегі  оқушыларды атауға болады.  9 «А» сыныбы  бойынша  жоғары ұпай  көрсеткіші тұрақты оқушылар  Хадылбек Бақытжан, Алтынбекова Әдемі, Катаева Диляра , 9 «Ә» сыныбы бойынша Төлеубаев Олжас,  Жәлелов Мәди,  Абжалиева Камила.90-80 ұпай  аралығында көрсеткіш көрсетіп жүр. 80-70 ұпай аралығында  көрсеткішімен тұрақты 9 «А» сыныбынан Абсаматова Айгүл, Дүйсенбай Рауан,  Мухитова Томирис, Сүлейменова Зарина, 9 «Ә» сыныбынан Әлкенова Жанэля, Магзумова Әсел, 9 «Б» сыныбынан Сапарова Сания, Төлеуова Зарина, 9 «В» сыныбынан Алдақиярова Нұрия, Ниязбекова  Айым.  50-60  ұпай аралығында ұпай  жинап  жүрген  оқушылар 9 «А» сыныбынан Сагиндыкова  Айгерим, Арыстанбек Райымбек, Тасбулатова Раш, Ахмадиев Ұлан, Ахметова Нұрай, Өмірбаев Абзал,Телеуов Мұқаммед, 9 «Ә» сыныбы бойынша Абуов Ермек, Адаев Арман, Бақтыбай назгүл, Қазбекова Дариға, Таласбаев Мұқхаммед, 9 «Б» сыныбынан  Сағатбек Айжан, Абдыкадыр Алина, Молдабаев Сұңғат, Сәлім Қуаныш, Скакова Рената.

      9- сынып оқушыларының  байқау сынағы бойынша   жекелеген  пәндерден қазақ  тілінен  ғана  «2»  деген алған алған оқушылар жоқ. Математика, Қазақстан  тарихы , орыс тілі пәндері бойынша  тұрақты көрсеткіш көрсете алмай  келеді. Математика пәні  бойынша  Хадылбек  Бақытжан, Алтынбекова Әдемі, Өмірбаев Абзал, Телеуов Мұқаммед, Төлеубаев Олжас, Скакова Рената, Серікқұл  Айдана,  Ниязбекова Айым,  Алдақиярова  Нұрияда көтерілу бар. Тестте жіберілген қателіктерімен жұмыс жасау қосымша сабақтарда талданып, қорытындыланады.  Таңдау пәні бойынша   география, химия, биология  пәндерінен  сынақтар тапсырды. География пәні бойынша 28,6 көрсеткіш есебі , химия пәні  бойынша  30,5 көрсеткіш есебі, биология пәні бойынша   24,1 көрсеткіш есебін көрсеттті. Алдағы байқау сынақтарын  әр оқушының жеке таңдау пәні бойынша  алу жоспарлануда.

      Барлық жазылған байқау сынағында  9- сынып оқушыларының  қазақ  тілі, математика, орыс тілі, Қазақстан   тарихы  пәндері бойынша әр байқау сынағынан     + 6 –ға оқу динамикасының артып  отырғанын көрсетіп отыр.Төмендегі мониторинг әрбір  оқушыларының  ОЖСБ нәтижесінің көрсеткіші

      Қорытынды:

      1. 9- сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест  құрастырылады.
      2. Әр тарауды оқып бітргеннен кейіг тест өткізіледі.

      Ұсыныс:

      -         Оқушылардың қосымша сабаққа уақытылы келуін сынып жетекшілерінің қадағалауын ескерту;

      -         Төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылардың ата-анасымен  бірге  жұмыс жасау;

      -         Байқау сынағын жазуға сыныптағы барлық оқушыларды жұмылдыру;

      -         Мектеп психологы  оқушылармен  тренингтер жүргізу керек.

                                                          Орындаған оқу ісінің орынбасары :              Қ.Ө. Нұртаева

       2013-2014 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша

               4- сыныптардың ОЖСБ – ға дайындық жұмыстары

         Оқушылардың білімдерін жетілдіріп, оқу сапасын арттыру үшін әр ай сайын негізгі үш пән бойынша тест жұмыстары алынып, талданып және түзету жұмыстары жасалынды. Жеке пәндер бойынша , дүниетану пәнінен тест сұрақтары мына тақырыптарды қамтыды .

    -          Пайдалы қазбалар;

    -          Кенді пайдалы қазбалар;

    -          Түсті металл кендері;

    -          Тас көмір, мұнай және газ;

    -          Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

             Осы  тест тапсырмаларының дүниетану пәні бойынша салыстырмалы ең жоғарғы көрсеткіші 17 балл, ең төменгі көрсеткіш 5 балл. Ең жоғары көрсеткішті үш оқушы көрсетті.

               Қазақ тілі бойынша мына тақырыптар көлемінде жұмыстар жасалынды.

    -          Сөз тіркесі. Сөйлем және сөйлем мүшелері;

    -          Жай сөйлем және құрмалас сөйлем;

    -          Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері;

    -          Сөйлем мүшелері;

    -          Бірыңғай сөйлем мүшелері;

    -          Қыстырма сөздер және оның тыныс белгілері;

    Осы тест тапсырмаларының қорытындысы бойынша, ең жоғарғысы 18 балл көрсетсе . ең төменгісі  7 балл болды.

            Математика пәні бойынша қамтылған тақырыптар:

    -          Мыңдар класы.Миллиондар класы;

    -          Масса және оның өлшем бірлігі;

    -          Ұзындық және оның өлшем бірлігі;

    -          Уақыт және оның өлшем бірлігі;

    -          Аудан және оның өлшем бірлігі;

    -          Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық.

    -          Параллель және перпендикуляр түзулер

    Бұл  тест тапсырмасында ең жоғарғы көрсеткіш 16 балл болса, ең төменгі көрсеткіш

     2 балл. 

    Қазақ тілі

           4 сыныптар арасында қазақ тілінен жалпы ортақ балл  бойынша ең жоғарғы балды

    4 А, 4 Ә сыныптары көрсетсе, ең төменгі балды 4 В сыныбы көрсетті.

     

     

    Сынып

    Оқушы саны

    Ең жоғарғы

    Ең төменгі

    4 А

    25

    18

    7

    4 Ә

    25

    18

    7

    4 Б

    27

    17

    8

    4 В

    26

    12

    3

    4 Г

    28

    15

    5

    Жалпы

    131

    16

    6

    Математика пәні бойынша оқушылардың ешқайсысы толық 20 сұраққа жауап бере алмады. Ең жоғарғы көрсеткіш 19 балл ,4 Ә сыныбында анықталса, ең төменгі балды 4 А, 4 В сынып  оқушылары көрсетті. Жалпы ортақ сапаға келетін болсақ, ең жоғарғы көрсеткіш 16,8 балл, ал ең төмен балл 3,4 болды.

     

    Сынып

    Оқушы саны

    Ең жоғарғы

    Ең төменгі

    4 А

    25

    16

    3

    4 Ә

    25

    19

    4

    4 Б

    27

    16

    4

    4 В

    26

    18

    3

    4 Г

    28

    15

    4

    Жалпы

    131

    16,8

    3,4


      Дүниетану пәні бойынша да 20 сұрақтан құралған тест алынды. Оқушылардың жалпы ортақ көрсеткіштеріне қарайтын болсақ, ең жоғарғы көрсеткіш 17,6 балл, ал ең төменгі көрсеткіш 4 балды көрсетті. Ең көп сұраққа жауап берген 4 В сыныбындағы оқушылар болса, 2,3 балл алған оқушылар 4 Б,4 В   сыныптарында  кездесті.

     

    Сынып

    Оқушы саны

    Ең жоғарғы

    Ең төменгі

    4 А

    25

    17

    5

    4 Ә

    25

    17

    5

    4 Б

    27

    18

    3

    4 В

    26

    19

    2

    4 Г

    28

    17

    5

    Жалпы

    131

    17,6

    4

            Қорытынды: Жалпы оқушылардың  дайындығы қанағаттанарлық. Оқушылардың көбі тақырыптарды қаншалықты меңгергенін тест жұмысы арқылы көрсетті. Барлық тест жұмыстары бойынша Ниязбекова Аруана, Куралова Диляра, Байболова Меруерт, Бекен Алем, Байшурин Нұрбақыт жақсы көрсеткіштер көрсетіп жатса, математика пәнінен Ермекбай Ілияс, Өмірзақ Әліби, Идрисов Аминдердің дайындықтары жеткіліксіз, төмен көрсеткіштер көрсетті. Ал Мәдихан Бағлан, Алпысбай Тимур деген оқушылар мүлдем барлық пәндер бойынша үлгермеді. Олардың ата – аналары шақырылып, әңгімелер жүргізілді.       

    Ұсыныс: Әр пән бойынша төмен балл көрсеткен оқушыларға үнемі қолдау көрсетіліп, қосымша дайындық жұмыстары ұйымдастырылсын.

       Оқушылардың ата – аналары мен пән мұғалімі тығыз ынтымақтастықта болып, оқу сапасын  арттыру жұмыстарына тікелей жауаптансын.

      Орындаған: Қожахметова З.А



     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки