Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

                                     
    Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
                
                                                 «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОҚУ КАБИНЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ                   
                                                                             1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
     
    1. Осы ережелер ҚР «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 25 маусымдағы №570 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2003 жылдың 4 тамызында келісілген «Жалпы білім беретін мекемелерде оқытуды ұйымдастыру, мазмұны және жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға», Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандартына сәйкес әзірленген.
    2. «Өзін-өзі тану» оқу кабинеті – бұл қолданыстағы мемлекеттік білім стандарттарына, оқу жоспарлары және бағдарламаларына сәйкес оқушылармен оқу, факультативтік және сыныптан тыс жұмыстар, сол сияқты білім үдерісінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында пән бойынша  әдістемелік жұмыстар жүргізілетін, көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһаздармен және техникалық құралдармен жабдықталған мектептің оқу өткізетін орны.
    3. Оқу кабинетінің жабдықтары Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау министрлігінің 2003 жылғы 25 маусымдағы №570 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2003 жылдың 4 тамызында келісілген «Жалпы білім беретін мекемелерде оқытуды ұйымдастыру, мазмұны және жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес келуі керек және өзін-өзі тану мұғалімінің түрлі әдістемелік тәсілдер мен педагогкалық міндеттерді тиімді және жайлы оқыту үшін мүмкіндік беруі керек.  
    4. Оқу кабинеті меңгерушісінің міндетін атқару «Өзін-өзі тану» кабинеті меңгерушісінің қызметтік нұсқаулығына сәйкес мектеп директорының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.  

                    2.«Өзін-өзі тану» оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптар

        2.1 Оқу кабинетінде мынадай заңнамалық және нормативтік құжаттамалар болуы керек: 

      • ҚР 1999 жылғы 7 маусымдағы №389-1 «Білім туралы» Заңы;
      • Білім мекемелері туралы типтік ереже (қажет болған жағдайда осыған ұқсас типтік ережелер);
      • Жалпы білім беру мекемелерінде оқыту жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар (Сан ЕН №1.01.004.01);
      • Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарты;
      • «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бағдарламалар, оқу-тақырыптық жоспарлар;
      • Оқушыларға арналған тәртіп ережесі;
      • Оқу кабинетінің оқу жылына және болашаққа құрылған жоспары;
      • Кабинеттің төлқұжаты, онда:
      1. толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт;
      2. жиһаздар тізімдемесі;
      3. ОТҚ тізімдемесі;
      4. құрал-жабдықтар, құрылғылар мен саймандар тізімдемесі;
      5. дидактикалық материалдар тізімдемесі;
      6. рухани-адамгершілік білім бойынша оқушылар мен мұғалімдерге арналған көркем шығарманың тізімдемесі;
      7. өзін-өзі тану мұғаліміне арналған әдістемелік құралдар каталогі;
      8. рухани-адамгершілік білім бойынша кезеңдік баспалап каталогі;
      9. оқу құралдарының каталогі;
      10. сабақ өткізуге рұқсат-актісі;
      11. еңбекті қорғау туралы нұсқаулық;
      12. техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық;
      13. кабинеттің жұмыс кестесі (тоқсанға);
      14. кабинетті қабылдау ведомосты болуы керек. 
    2.2.Оқу кабинеті Сан ЕН №1.01.004.01 санитарлық-гигиеналық талаптарға (өңдеу материалдары; жиһаздың құрамы, көлемі және орналастырылуы; ауа-жылу режімі; табиғи және жасанды жарықтандыру режімі), «Өзін-өзі тану» сабағын өткізу Стандарты мен әдістемесіне сәйкес болуы керек. 

    2.3.«Өзін-өзі тану» оқу кабинеті өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен және алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін дәрі-дәрмек қорабымен қамтамасыз етілуі керек.

    2.4.«Өзін-өзі тану» оқу кабинетін жабдықтау эстетикалық ұстанымдарды ескере отырып, бір стильде жүзеге асырылуы керек. «Өзін-өзі тану» оқу кабинеті жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал етуі керек.

    2.5.Оқу кабинетінде өтетін сабақтар:
    • адамзаттың әлемге деген эмоциялық-құндылық көзқарасына негізделген әлеуметтік-мәдени тәжірибесін меңгеру;
    • танымдық және тұлғалық мәселелерді шешу және олардың рухани-адамгершілік саладағы белгілі бір білімділік деңгейіне қол жеткізуі бойынша  оқушылардың жеке тәжірибесін қалыптастыру;
    • жеке тұлғаның дамуын, оның жеке тәжірибесі мен тәлім-тәрбиесінің баюы, әлеуметтік және жеке тәжірибелерінің өзара байланысы, әлеуметтік қызметтің барлық түріндегі жеке дара шығармашылық мүмкіншіліктерін  ашу;
    • тұлға үшін маңызды мәселелерді адамгершілікпен таңдау негізінде таңдай білу тәжірибесін қалыптастыру  мақсаттарда арнайы ұйымдастырылған рухани-адамгершілік үдерістері.

    «Өзін-өзі тану» оқу кабинетінде өткізілетін сабақ әр оқушының өзіні ішкі жан-дүниесін сезінуіне және жеке тұлға екендігін түсінуіне, үйлесімді қалыптасуына ықпал етуі қажет. Ол мынадай аса маызды біліктіліктер арқылы жүзегеасырылады:

    • өзіні өмірлік айқындамасын анықтау;
    • түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларына сәйкес сындарлы түрде шешу;
    • өзіне, өзге адамдарға және қоршаған ортаға ізгі көзқараспен қарау;
    • адамдарға қоршаған ортаға қолынан келгенше көмек беру, туыстары мен жақын адамдарына қамқор болу;
    • өз-өзімен үйлесімдікте өмір сүру: пейілі, сөзі және іс-әрекетінде шынайы болу;
    • жасампаздық белсенділік, азаматтық және елжандылық таныту;
    • адамгершілікпен таңдау жасауға дайын болу және өз сөзіне, пейіліне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау;
    • қоғамға қызмет ету дағдысын іс жүзінде көрсете білу.
                        3.«Өзін-өзі тану» оқу кабинетін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге    
                                                                          қойылатын талаптар 

    3.1.Оқу кабинеті Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарты мен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті оқу және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі керек.

    3.2.Оқу кабинеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен тізімдемеге сәйкес Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарты мен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті оқулықтар, дидактикалық және үлестірме материалдармен қамтамасыз етілуі керек.

    3.3.«Өзін-өзі тану» оқу кабинетінде  рухани-адамгершілік мазмұндағы материалдар қол жетерлік жерде болуы керек. 
    3.4.«Өзін-өзі тану» оқу кабинеті білім стандартының базалық және типтік деңгейлерінің талаптарын орындауды саралау үшін типтік тапсырмалар, тестілер, бақылау жұмыстары жиынтығымен қамтамасыз етілуі керек. 
    3.5.«Өзін-өзі тану» оқу кабинетінің стендінде:

    • рухани-адамгершілік білімі жобасының вторы С.А. Назарбаеваның қоғамдық қызметтері туралы материалдар;
    • «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнын ашатын материалдар;
    • Оқушылардың шығармашылық жұмыстары;
    • Балалардың суреттері, туған жер суреттері;
    • Оқу-тақырыптық жоспар бөлімдері бойынша шешендік сөздер мен дәйексөздер орналасуы керек. 
    3.6. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың, сол сияқты мұғалімдердің жұмыс қабілеттілігін және көңіл күйін арттыру мақсатында жайлы психологиялық климат тудыру үшін «Өзін-өзі тану» оқу кабинетін көгалдандырып, интерьер заттарын (кілем, жұмсақ жиһаз, шамдал (люстра) және т.б.) қою керек. Мектепте «Өзін-өзі тану» оқу кабинетінің: мектепалды және бастауыш мектеп оқушыларына; 5-9-сыныптар оқушыларына және 10-11-сыныптар оқушыларына арналған 3 типі болуы керек. «Өзін-өзі тану» пәнінің Стандарты мен бағдарламасына сәйкес сынып оқушылары шағын топтарға бөлінеді, сондықтан да оқу кабинетінің ауданы 10-15 адамға шаққанда 36 м2-тан кем болмауы керек. «Өзін-өзі тану» оқу кабинеті 2-3 ұйғарымдық бөлікке: белсенді жұмыс жүргізетін,  пікір аламасатын және шығармашылық (жобалық, жазу-сызу жұмыстарын) жұмыс жасайтын орындарға бөлінуі керек. Бөлмені таңдау, оны оңтайлы жоспарлау Сан ЕН №1.01.004.01 санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай анықталады.«Өзін-өзі тану» оқу кабинеті орналасқан бөлме оқушылардың жетістік деңгейіне қойылатын талаптарды орындауға қажетті техникалық құралдармен жабдықталуы керек.  «Өзін-өзі тану» оқу кабинетінде арнайы жиһаздармен (оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқыту әдістері ескерілген) болуы; мұғалімнің әдістемелік материалдарды орналастыратын орны; -рухани-адамгершілік білім бойынша кітапхана қорына арналған орын және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастыратын жер болуы керек.
                       4.Мектепалды және бастауыш сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану
    бойынша   білім беру  үдерісін жабдықтауға қойылатын талаптар.

     Бұл талаптар «Өзін-өзі» тану пәні бойынша Қазақстан Республикасы Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде дайындалған.

    Талаптар «Өзін-өзі» тану пәні бойынша Қазақстан Республикасы Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын оқу тәжірибесіне ендіруге байланысты «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мектепалды және бастауыш мектептегі оқу үдерісін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етуге қатысты  ұсыныстарды қамтиды. 

     Талаптар:

    • кітап-баспа өнімдері (өзін-өзі тану бойынша оқу-әдістемелік кешен, анықтамалар және бағдарламалық-әдістемелік материалдар)
    • құралдар (кабиентті жабдықтауға арналған көрнекі құралдар және т.б.)
    • ақпараттық-байланыс құралдары (мұғалімнің сабаққа дайындығын толықтыратын көрнекі құралдарды жинақтаған компакт-дискілер, көрнекітаспалар, аудиотаспалар)
    • бейнелік-дыбыстық құралдар
    • оқытудың техникалық құралдары
    • жиһаз және басқа да құралдарды қамтиды.

    «Өзін-өзі» тану пәні бойынша Қазақстан Республикасы білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты оқушылардың өз мүмкіндігін түсініп, оны толыққанды іске асыруға, білім беру үдерісін пәндік және жалпы оқу жетістіктерінің дамуына жол ашатын тұлғаға бағдарлау әдісіне басымдылық береді.

    Мектепалды және бастауыш мектептегі «Өзін-өзі тану» кабинетін кешенді жабдықтау өзін-өзі тану оқу үдерісін көрнекілікпен қамтамсыз етуге,  сонымен қатар оқушылардан күтілетін нәтиже ретіндегі рухани-адамгершілік қасиеттерге қол жеткізуіне де бағдарланған. Бастауыш мектеп бітіруші:

    - алдында оқылған құндылықтар туралы (өмір, отан, денсаулық, адам, отбасы, достық, табиғат, білім,ойлар, сөз, іс, әлем, шындық) және еңбек, қызмет ету, ақиқат, үйлесімділік, әдемілік, руханилық, адамгершілік құндылықтары секілді жаңа ұғымдардан мағлұматының болуы;

    - өз сезімдері туралы жеткізе алуы және басқа адамдардың сезімдері мен эмоцияларын түсініп қабылдай алуы; жағымсыз әрекеттер мен эмоцияларын тежей алуы;

    - әдеп ережелерін білуі және оны қолдана алуы; өз сөзі мен іс-әрекетіне жауап бере алуы;

     - адамдардың жағымды және жағымсыз сезімдері мен іс-әрекеттерін айыра алуы, олардың себептерін саралай алуы;

     - физиологиялық дамуының қажеттілігін түсініп, денсаулықты қорғайтын сауықтыру әдістері мен қауіпсіздіқ шараларын қолдана алуы;

     - өз ойы мен алған әсерін шығармашылықпен жеткізіе алуы;

    -өзіне және басқа да адамадарға сыйласымдылық танытуы, үйде, сыныпта, топта және басқа да адамадармен достық қарым-қытынаста болуы;  

    - өзінің туған-туысқандары мен жақындарының кәсіптері мен еңбектерін сыйлау;

    - өмірдің қайнар көзі ретінде табиғаттың маңызын түсінуі;

    - табиғаттың тазалығын қорғау, қоршаған ортаға қамқорлық жасай алуы; 

    - оқитын кітабын саналы түрде таңдай алуы, әдеби кейіпкерлердің әрекеті арқылы өзінің мінез-құлқын бағалай алуы;

    - өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі, елдің, қаланың, ауылдың, мектептің өміріне өзінің қатысы бар екенін түсінуі; қоғамға қызмет етудің маңызын түсінуі тиіс.

    Талаптар оқытудың материалдық-техникалық құралдарын кешенді қолдану, жаттанды оқу әрекетінен өзіндік, іздену-зерттеу жұмыстарына ауысу, оқу әрекетінің сараптау бөлігіне мән беру, оқушылардың түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей алу білігін дамыту мен қатысымдық мәдениетін қалыптастыру міндетінен туындайды.

    Оқу үдерісін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету аталған  міндеттерді тиімді шешуге  жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан ұсыныстар бүгінгі күні осы бағытта жасалған жұмыстарды ғана емес, сонымен қатар болашақта «Өзін-өзі» тану пәні бойынша Қазақстан Республикасы білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын енгізуге байланысты жасалатын шараларды да қамтиды. 

     Талаптарды дайындау барысында «Бөбек» ҰҒПББСО-ның Алматы және Астана қалаларындағы және Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны мен әдістемесін эксперименттік байқаудан өткізу нәтижелерінің жетістіктері ескерілді.

    Бұл талаптар белгілі бір білім беру мекемелерінің ерекшелігіне, қаржыландыру деңгейіне сай және сол оқу мекемесінің материалдық-техникалық базасының дайындалуы мен жинақталуына қарай нақтыланып, толықтырылуы мүмкін (соның ішінде мультимедиялық өнімдер, электронды кітапханалар және т.б.).

    Талаптарда оқу құралдарының саны бір оқу кабинетіне есептелген. Көрсетілген техникалық құралдардың басым бөлігі пәнаралық міндеттермен қатар жалпы оқу міндеттерін шешуге  де пайдаланылады. «Өзін-өзі тану» кабинетін оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау сол білім беру мекемесін жалпы материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етудің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Көрсетілген материалдық-техникалық жабдықтау құралдары мен нысандарының нақты саны сыныптың орташа толықтығына қарай есептеледі  (10-15 оқушы). 

    Ұсыныстарда сандық көрсеткіштерді білдіру мақсатында сандық белгілер және төмендегідей символдық белгілер жүйесі қоданылады:

    • Д – көрсетілетін данасы (1 дана, аранайы келісілген жағдайдан басқа),
    • Т – толық жиынтық (сыныптың толықтығына байланысты),
    • К – бірнеше оқушындан (6-7 дана) тұратын топтың жұмыс істеуіне қажетті комплект,
    • М  - мұғалімге арналған дана

     

                                                                                   

             

                    



     
     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Document

    С заботой о детях

    Полезные ссылки