Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    8.09.2015ж
    Мектебімізде «Өмірлік жолда-спорттық адыммен» атты денешынықтыру  онкүндігінің ашылуы және денсаулық күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс –шараға мектеп оқушылары,сынып жетекшілер және пән мұғалімдері ат салысты.

    Жарыстың ашылуына мектеп директоры Ұлбосын Бекмырзақызы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Идилов Алдияр жарыстың ашылу салтанатына мерекелік ән шашуын сыйлады.  6 «г» сынып қыздары флешмоб  ұйымдастырып, Мұрат Ақерке көркем гимнастика биін мың бұралып билеп, өз өнерлерін көрсетті. 

     5-6 сынып оқушылары арасында

    «Халық добы» ұлттық ойын өткізілді.

    Оқушылар белсенді ат салысып

    мықты екендіктерін көрсетті.

    1 орын 6 «Г»

    2 орын 6 «В»

    3 орын 6 «Б» жеңіп алды.

    -8 сынып оқушылары арасында

    Волейбол ойыны өткізілді.

    1 орын  8 «Ә»

    2 орын  7 «Г»         

    3 орын  7 «Б» жеңіп алды.

    9-11 сынып оқушылары арасында Футбол ойыны өткізілді.

    1 орын  11 «Ә»

    2 орын   9  «Б»

    3 орын  8  «Б» жеңіп алды.                                                

    Аскатов Фархат, Сағынтаев Ерсін, Құдайбергенов Үмітәлі секілді оқушылар Үздік ойын көрсетті.

    Мұғалімдердің арасында жас айырмашылығына байланысты Кросс жүргізілді. Мұғалімдер белсенді түрде ат салысты. 20-30 жас айырмашылығы арасында 1 орынды жеңіп алған ағылшын пәні мұғалімі Төребекова Айдана, 2 орынды биология пәні мұғалімі Қайыркен Фариза , 3 орынды математика мұғалімі Насен Гүлжаз иемденді.

    30-40 жас арасында 1 орынды информатика пәні мұғалімі Аубакирова Гүлдана, 2 орынды қазақ тілі мұғалімі Уктаева Маржанай, 3 орынды Гүлзира Мұратқызы жеңіп алды.

    40-тан жоғары кросста 1 орынды Гулайым Амирзадановна мен Өкей Маржанкүл, 2 орынды Гүлімжан Тұтқабайқызы, Баян Рақымжанқызы еншіледі.

    «Спорт – денсаулық кепілі» оқушыларды спортпен айналысуға шақыруымыз керек. Спортпен шұғылданған әрбір бала болашақта денсаулығы мықты азамат болып өсетініне сенейік.




    22 қараша күні ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Үздік мәдениеттілік -  ол  спорт, шынығу мен денсаулық!» акциясына байланысты мектебімізде спорттың әр түрінен жарыстар өтті. Жарысқа барлық сынып жақсы ат салысты.
    1.Эстафеталық ойын.


    Эстафеталық ойынға  барлық сынып жақсы ат салысты. Орын алған сыныптар марапатталды.

     2.Бес тас ойыны



    Бес тас ойыны оқушыларға өте жақсы әсер қалдырды. Мұғалімдердің де арасында өткіздік, ойынға деген оқушылардың да мұғалімнің де қызығушылығы  артты. Орын алған оқушылар марапатталып, мадақталды.
    3.Толағай (ата-аналар сайысы)

    4.Асық ату

    1. спорт  жолы» атты 5 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Баяр Ноғайұлы Елбасының спортпен айналысқаны жайлы ой толғады.
                                                            

    Өмір жолында – спортпен бірге болайық. Оқушылардың  спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін ерінбей еңбек ету қажет. Болашақ бүгіннен басталады. Біздің болашағымыз, елдің болашағы. Алдымыздағы міндет өте маңызды,ел болашағы үшін еңбектенеміз.



    25 қазан күні 4 сыныптар арасында «Саламатты Қазақстан-2050» бағдарламасы аясында «Алғырлар! Мықтылар! Күштілер!» спорттық эстафета өтті

    Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.

    4 сынып оқушылары топтық жұмыстарға жұмыла кірісіп, аса белсенді дайындықпен келген екен.Топтар өз командаларына ат қойып,ұран дайындап, эмблема және біркелкі форма киіп шығуларымен ерекше көзге түсті.

    Спорттық сайысты ұйымдастырушы Пернегүл Таубайқызы және дене шынықтыру пәні мұғалімі Жахина Жанна Нигматуллаевна командаларды ортаға шақырып, эстафетаны салтанатты түрде ашу үшін келген қонақтармен таныстырды. Құттықтау сөзін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Аппазова айтты. Жас спортшыларға жеңіс тілей отыра, сайысымыздың қызық, тартысты әрі әділ болатынына  сенім білдірді.

    Эстафетаға 6 топ қатысты. Топтар өздерін төмендегідей таныстырды:

    4 «А» сыныбы «Ақ барыс» тобы- жетекшісі Жетібаева М.Е.

    4 «Ә» сыныбы «Тұлпар» тобы-жетекшісі  Кенішбаева Қ.Д.

    4 «Б» сыныбы «Қыран» тобы-жетекшісі  Сарсенова Д.Ү.

    4 «В» сыныбы «Батырлар» тобы-жетекшісі  Махамбетова Г.А.

    4 «Г» сыныбы «Толағай» тобы-жетекшісі  Касымбаева Э.Н.
    4 «Ғ» сыныбы «Жасұлан» тобы-жетекшісі  Жырғау Э.

    Эстафета 5 кезеңнен құрылды:
    1.Қаппен жүгіру.
    2.Секіртгішпен жүгіру.
    3.Мақал –мәтел  құрастыру.
    4.Шар жару.
    5.Допты аяқтың арасына қойып жүгіру.
    6.Шынжыр құрау.
    Осылайша жарыс жолын тартамыз,  Барлығымыз көңілді қайтамыз.  Балаларды шынықтырған, жаттықтырған,  «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына

    Рахметімізді айтамыз!-деп сайысымыздың мәресіне де жеттік. Мәре сызығына кесіп, жеңістің жалауына бірінші болып жеткен «Ақ барыс» тобы БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды.

    Құттықтаймыз!


    «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік аясында өткен «Есірткісіз салауатты өмір салты» атты дөңгелек үстел өтті.

    Мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру.

    Дөңгелек үстелге 9-сынып оқушылары қатынасып, өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Жасөспірімдердің бойында қандай адамгершілік қасиеттерінің жоғары болуын көрсете отырып, салауатты өмір салтының жолдары атап өтілді.


     «Бекітемін»
    Мектеп-гимназия директоры
    -----------------  Ұ. Байтасова
     
    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған
     мемлекеттік бағдарламасы негізінде жұмыс жоспары 

    Жұмыс жоспары

    Мерзімі

    Жауапты

    1

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау

    саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және Бб тарапынан келген кіріс құжаттарды басшылыққа алып, жоспар жасау

    қыркүйек

    Мектеп әкімшілігі

    Л.Аппазова

    2

    «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл!»сынып сағаттары /1-11 сыныптар/

    қыркүйек

    Л.Аппазова

    Сынып жет бірл

    Сынып жетекшілер

    2

    Мектеп Парламенті: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы насихаттау      «Есірткісіз салауатты жарқын болашақ!» семинар – тренинг   /9а,ә,б,в,г, ғ/

    Мектеп оқушыларымен жұмыс: /6,7,8,9,10,11/

    -          Мектеп Жарғысымен таныстыру;

    -          Құқықбұзушылықтың алдын алу,

    -          Мектепішілік СӨС насихаттау;

    -          «Тең-теңімен » қағидасы –еріктілерді дайындау; /КВН, үгітбригада т.б./

    қыркүйек

     

     

     

    тоқсан сайын

    Л.Аппазова

    Х.Өрендик

    Ә.Ібікен

    Мектеп психологы

    Мектеп инспекторы

    Мектеп инспекторы

    Сынып жетекшілер

    3

    «ШЫҒЫС» ОРТАЛЫҒЫМЕН ЖҰМЫС.

    Республика бойынша белгіленген Денсаулық күнін атап өту: /1-11 сынып/

    жыл бойы

    Л.Аппазова

    Б.Ноғай

    П.Таубай

    4

    Асханада берілетін тағамдардың дәрумендік  жұғымдылығы. Рейд.

    мерзімінде

    Әлеуметтік педагог

    медбике

    5

    Санитарлық бекет  құру:

    -          ақпараттық –анықтамалық стенд рәсімдеу:

    -          Вирустық, жедел ішек инфекциясы аурулардың алдын алу;

    -          Тұмау, ЖРВИ, туберкулез

    -          Ішімдік, энергетикалық сусындар, насыбай, темекі;

    -          4-8 сыныптар арасында «Бәз денсаулықты таңдаймыз!» сурет, газет  конкурсы

    -          Алғашқы медициналық көмек көрсету

    жыл бойы

    Медбике

    Мүшелері

    АӘД мұғалімі

    тәлімгер

    5

    СӨС насихаттау:  №7 «Шаңырақ» денсаулық орталығымен байланыс, біріккен жұмыс жоспары:

    Тренинг:Оқушылар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу

    Лекция: «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алдын алу», «Репродуктивті денсаулықты қорғау»

    жыл бойы

    Л.Аппазова

    №7 емхана

    Б.Ноғай

    А.Аханова

    6

    1-желтоқсан – Дүниежүзілік /АҚТҚ, ЖҚТБ/ СПИД-пен күресу күні. «СПИД- 21 ғасырдың дерті». «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні» /радиохабар тарату/

    желтоқсан

    Биология-химия бірл

    «Мың бала» жобасы аясында

     

    7

    Ата-аналар жиналысы: «Жасөспірім: психологиясы, имиджі және азаматтық бейнесі» /1-11 сыныптар/

    қараша

     

    Сынып жетекшілері 

    8

    «Денсаулық» бюллетенін шығарып отыру

    жыл бойы

    медбике

    9

    Қалалық іс-шараларға қатысу

    жыл бойы

    Л.Аппазова

                 Тәрбие ісі орынбасары                                                                                    Л.Аппазова

     

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау

    саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған

    «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

    жүргізілген жұмыстар бойынша

    анықтама

    Мақсаты:Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған басымдықтарын ескере отырып, денсаулық сақтауға мән беру  және нығайту.

     «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп келеді.

    Ақпараттық-жылжымалы стенд 1 қабатта орналастырылды.

    Мектеп медбикесімен бірлескен бюллетень, сыныптарға рейд, ауру көрсеткіштерінің алдын алу, анықтау, екпе жұмыстары, тамақтану, спорттық іс-шаралар жоспарлы жүргізіліп келеді.

    Қыркүйек айында 1-11 сынып мектеп оқушылары мектеп жанындағы алаңда  денсаулық күнін атап өтіп, әр түрлі спорттық, ұлттық ойындар ойнап, қаланың құрметті азаматтары шақырылып, мектеп-гимназия директоры Ұ.Байтасова  құттықтап, ашып, «бұқаралық спортты жандандыру, салауатты өмір салтын ұстану әрбір адамның күнделікті әрекеті болуға тиіс» деп қорытындылады. Мерекеге мектеп бітіріп кеткен түлектер келіп, командалық топта доп ойнап, мектеп оқушыларына сәттіліктер тіледі.

    Мектеп спорт жарыстары және іс-шараларға қатысу бойынша қала мектептері арасында 26 орында тұр, бұл – үлкен жетістік.

    Мектеп медбикесі,  психологы және №7 «Шаңырақ» орталығымен байланыс жыл бойы тұрақты жұмыс істеп келеді. Әсіресе, қыз балалармен жұмыста 5-6 сынып қыз балаларына «Жыныстық жетілу» тақырыбына лекция, «Жатыр папилломасының алдын алу» лекция оқылып, ата-аналарына түсінік жұмыстары жүргізілді.

    Ата-аналарға жиналыста «Отбасы болып дем ала білеміз бе?» тақырыбы талқыланды, демалудың бала тәрбиесіне әсері айтылып, әрбір бала мемлекеттің болашағы, капиталы болатындығы жеткізілді.

    Қорытынды:

    Осы бағыттағы істелініп жатқан жұмыстарды жалғастыру үшін ұжым барлық бағытта алға жылжуы тиіс, нәтижесінде оқушылардың денсаулығы жақсарып, әр түрлі аурулардың алдын алады.

    Ұсыныс:

    1. Әр оқушы ертеңгі күнін таңертеңгі жаттығудан бастауға қалыптастыру.
    2. Интернет, компьютер алдында отыру ережесін сақтау.
    3. Тиімді тамақтануға көңіл бөлу.
    4. Спорт бұқаралық сипат алуға көшу.

    Тәрбие ісі орынбасары                                                                  Л.Аппазова

    Құттықтаймыз!

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Document

    С заботой о детях

    Полезные ссылки