Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

    Астана қаласы Білім басқармасының
    №52мектеп-гимназиясының

     сынып жетекшісінің  Лауазымдық нұсқаулығы

    1.Жалпы ережесі 

    1.Бұл лауазымдық нұсқау ҚР нормативті заңы мен мектеп жарғысының негізінде өңделген.

    2.Білім беру ұйымының сынып жетекшілері Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» заңдарын,Бала құқықтары туралы Конвенция,Адам құқықтары туралы Декларация және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жұмысына қатысы бар барлық басқару ұйымдарының жарлықтарын, техника қауіпсіздігі,өрт ережелерін және мектепішілік еңбек тәртібін,барлық басқару ұйымдарының жарлықтарын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.

     3.Білім беру ұйымының қызметкерін сынып жетекшілік қызметке білім беру ұйымының басшысы тағайындайды және босатады.
    4.Білім беру ұйымының сынып жетекшісі білім беру ұйымының басшысына және оның орынбасарларына бағынады.

                                                                              2.Қызметі

    2.1.Сынып жетекшінің қызметін ұйымдастыру

    2.2.Бәсекеге қабілетті дарынды оқушылардың құзіреттілігін қалыптастырушы,шығармашылық әулеттерін дамытушы орта құру.

    2.3.Сынып ұжымының оқу ісін,сыныптан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру.

    2.4.Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну,әлеуметтік тұрғыдан қорғау.

    2.5.Ата аналармен жұмысты ұйымдастыру.
                                                                   3.Лауазымдық міндеттері

     3.1.1 аусым сынып жетекшілері оқушыларды таңертеңгі сағат 7.45 қарсы алу

    3.2.2 аусым сынып жетекшілері оқушыларды түскі сағат 13.30 қарсы алу

    3.3.Оқушылардың мектеп формасын,екінші аяқ киімін қадағалау.

    3.4.Оқу құралдарын тексеру жұмыстарын ұйымдастыру
    3.5.Сынып журналын пән мұғалімдеріне түскі бірінші сабақта тапсыру.

    3.6.Оқушылардың ата анасымен тығыз байланыс орнату.

    3.7.Оқушылардың асханаға баруын қадағалау.

                         І ауысым 8-11 сыныптар  уақыты 10.30-10.45   

                         ІІ ауысым 5-7 сыныптар  уақыты 15.40-15.55

    3.8.Сыныптан тыс іс шараларды ұйымдастыру және оқышыларлың толық қатысуын ұйымдастыру.

    3.9.Сынып бөлмесін көгалдандыру және әдістемелік оқулық,әдебиеттерімен жабдықтау.

     3.10.Сынып бөлмесіндегі мектеп мүлкін сақтау,сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

    3.11.Кезекші сынып жетекшілер аусым соңында сынып журналын толық оқу ісінің орынбасарларына өткізу.

     3.12.Пән мұгаліміне сынып  журналын жеке өзі алу ескертілсін.

     3.13.Қабілетті және нашар оқушылармен жұмыс жоспары бекітіп, жүзеге асыру.

     3.14.Сабақ уақытында бөге адамдармен  \ата-ана, мұғалім\ сұқбаттасуды тоқтату

    3.15.Оқушылардың қоңырау кезіндегі тәртібі \жүріс –тұрысы, өзін-өзі ұстауы, асханадағы тәртібі туралы ережелермен таныстырып, қадағалау.

    3.16.Сыныпқа байланысты барлық құжаттар \оқушылардың жеке іс-құжаты, журнал, табель,\ уақытылы тексеріп, оқу ісінің орынбасарына өткізілсін.

     3.17.Оқушылардың ақыл-ой қызметін ұйымдастыру үшін, психологпен бірлісіп жұмыс атқару

    3.18.Оқушылардың сабақтан соң үйге қайтуын ұймдастыру.

    3.19.Келесі аусындағы мұғалімге сынып бөлмесін тапсыру.

                                                           4.Сынып жетекші білуге тиіс:
     «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Бала құқықтары туралы» Конвенция, «Адам құқықтары туралы» Декларация, педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамаларын, еңбек қорғау нормасы мен ережесін, әдістемелік – бағдарламалық құжаттарды, оқыту әдістемесін, мектеп гигиенасын, физиологиялық, әлеуметтану негіздерін, техника қауіпсізігі және өртке қарсы қорғаныс ережесін, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін     білуге тиіс.

     

     

     

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки