Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1557726989

№52 Мектеп Гимназия
  • ru
  • kz
  • en
  • Название страницы

     

    БЖЗҚ жастарға есігін ашты

          

     2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Астана қаласындағы филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған 436  адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бірге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды.  Филиал директорының орынбасары А.Ниетов атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.  

    - «Қазір зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте бүгінгі оқушылар мен студенттердің зейнетақы көлемі негізінен олардың өздерінің аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуіміз керек», - дейді филиал жетекшісі. 

     Қор қызметкерлері Ашық есік шарасына келгендерге  зейнетақы қызметтері мен кеңес алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығымен және  кеңес алу жолдарымен танысты. 

    Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі.  БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын  уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді.   Республиканың бүкіл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Көшпелі қызмет тиімді  ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.

     Биыл көктемде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында жұмысқа кіріспек. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жетілдіру үшін барлық өңірлік филиалдарда терминалдар, 10 қалада ақпараттық дүңгіршіктер орнатылған. Сонымен қатар көптеген қызмет түрлері ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкімет сайты және биыл іске қосылған  telegram-бот арқылы да қолжетімді. Салымшыларға кеңес беру үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларға жолдауға болады.   

    - БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Осының арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы  немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», -деп атап өтті филиал директордың орынбасары.       

    Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар.   

    Қор қызметкерлері шараға қатысушыларға жеке кеңес беріп, оларды қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйретті. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Сайыста  МКҚК«Көпбейінді колледжі», «Менеджмент және бизнес колледжі »,  «Басқару Колледжі», «Казпотребсоюздың Сауда-экономикалық колледжі», Евразия университетінің Колледжі, АҚ «Астана» Медициналық Университеті озық нәтиже көрсетті. Филиал директорының орынбасары А.Ниетов жеңімпаздарды Неталиева Айнур, Бекберген Өмірнұр, Жұмағали Айдана, Айтжан Аяжан, Тұрғанбаев Ербол, Жалғасова Айгерім, Мейзбаева Мадина, Жанбосынова Асем, Куттыбек Бабыр, Есмагамбетова Айгерим, Юсупов Аскар, Қыдырәлі Нурмұхаммед-Алі, Оспанова Анель, Мырзабай Айнур, Аманхос Нурғиса, Кунхожаев Жанқожа, Бекжан Динара, Сабеков Айдар, Кошкинбай Талғат, Сапарбеков Ақсымбай, Кенесова Аяжан, Довгая Светлана, Черпитяк Николай, Сапарова Асель, Аманкелды Султанбек алғыс хаттармен марапаттады.

    - «Мен бүгін зейнетақы жүйесі туралы, Қор қызметтерін интернет арқылы қалай пайдалунға болатыны туралы көптеген қызықты мағлұмат алдым.  БЖЗҚ ұялы қосымшасын телефоныма жүктедім, енді ата-анамды оны қалай пайдалану керектігіне үйретемін», - дейді шараға қатысушы оқушы Черпитяк Николай.

    БЖЗҚ АҚ Ашық есік күнін екінші жыл қатарынан тоқсан сайын өткізіп келеді. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы біліп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт іаралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.   

             БЖЗҚ АҚ Астана қаласының филиалы  

    21.11.2018 ж 
    ------------------------------------------------------------------------------------------------------------

     

     

          ХАБАРЛАНДЫРУ (баспасөз аңдатпасы)

    «БЖЗҚ» АҚ алымшы/салушыларды, оқушылар мен студенттерді   «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады 

     

    «БЖЗҚ» АҚ-ның Астана қаласының филиалы 2018 жылдың 20 қарашасында өтетін «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады. Шараға салымшылармен қатар алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен колледждердің бірінші, екінші курс студенттері қатысады.  Шара барысында қор қызметкерлері қатысушыларды Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмысымен таныстырып, оған қалай қатысуға болатынын айтып береді, қор қызметтеріне  жүгіну , қордың салымшылар және алушылармен байланыс жасау тәсілдерімен таныстырады.  

    Ашық есік күніне келушілер қор қызметтерін  www.enpf.kz сайты, ENPF ұялы қосымшасы,  telegram-бот арқылы қалай қолдануға болатынын біле алады. Шараға қатысушы мектеп оқушылары мен студенттер арасында kahoot-викторина ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға алғыс хат табысталады.

     Барлық ниет білдірушілер мен БАҚ өкілдерін 20 қараша күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Астана қаласы Бигелдинов көшесі 12үй  бойынша күтеміз.

     «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласы филиалы

     

     

      Байланыс үшін   

      Телефондары 8 717 2 32 11 60

                            8 717 2 32 11 87

                            8 717 2 32 11 80

     

     






     

     

     

    БЖЗҚ баршаға қолжетімді

     

            2018 жылдың 20 қарашасында «БЖЗҚ» АҚ   Астана қаласының филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өткізіледі. Қор бұл шараны  екі жылдан бері дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы ол әдеттегіден ерекше болмақ – алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер арнайы шақырылып отыр. Бізге филиал директоры Шарипов М. әңгімелеп бергендей, Қор халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән береді. Оның айтуынша, бұл шараға жас ұрпақтың тартылуы кездейсоқ емес.  Таяу болашақта жоғары сынып оқушылары мен студенттер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса бастайды, ал олардың зейнетақылары қазіргі заманғы зейнеткерлер қамтылатын  мемлекеттік бюджеттен емес,  өздерінің аударған зейнетақы жинақтарына тікелей байланысты болады.   Ашық есік күні барысында Қор қызметкерлері оқушылар мен студенттерді зейнетақы жүйесінің негіздерімен таныстырып, олардың арасында викторина ұйымдастырмақ. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.   

          Сонымен қатар шараға келушілер Қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығын  біле алады. Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі.  БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын жетілдіруді уақыт талабына сай дамытуға ұмтылады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді.  Еліміздің  аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары, көшпелі қызмет жұмыс істейді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.

    2018 жылдың көктемінде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында енгізілмек. Үстіміздегі жылдың 9 айында 18 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 580 мың адам тартылды. 30 мыңға жуық адам әрбір тоқсан сайын барлық филиалдарда ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне қатысты.   

    - «БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Соның арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы  немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшыларға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді»,- дейді филиал директоры.       

    Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша   www.enpf.kz ресми сайты арқылы Қор төрайымының блогына сауал жолдауға немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне хабарласуға болады (Қазақстан бойынша барлық ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін).  Биыл БЖЗҚ танымал мессенджер Telegram арқылы өз ботын іске қосты. Бұл сервистің көмегімен тұрғындар өз жинақтары туралы шағын үзінді-көшірме алып, жеке кабинетінің құпиясөзін қалпына келтіріп, өзекті жаңалықтармен, қордың ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, Қордың ең жақын бөлімшесінің мекенжайын білулеріне болады.  Аталмыш ботты пайдалану үшін  іздеу жолына «enpfbot» деп жазу керек. 

    Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шотын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы да бар.   

    - «Зейнетақы мәселелері еліміздің барлық тұрғындарын толғандырады. Алайда барлық азаматтардың біздің бөлімшелерге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біз салымшылар мен алушылармен байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қолдануға тырысамыз», -дейді қор қызметкерлері


    18.11.2018 ж

    ------------------------------------------------------------------------------------------------------

     


    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «02» тамыз

    Үздік журналистік материалға байқау

     «БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға байқау өткізетіндігін жариялайды.

     Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады.

     Байқауға ұсынылған жұмыстар әр түрлі жанрда болуы мүмкін: мақала, очерк, сұхбат, репортаж, радио және бейнесюжет, талдамалы бағдарлама және т. б.

    Жұмыстарды 2018 жылдың 31 тамызына дейін (қоса алғанда):

    ¾   press@enpf.kz электрондық поштасына – материалдың сканерден өткізілген көшірмесін немесе сілтемесін (мысалы материал файл алмасу хостингіне орналастырылуы мүмкін)материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге;

    ¾   Қордың заңды мекенжайына (Алматы қ. Әуезов көшесі, 82) – материалдың түпнұсқасын немесе көшірмесін (оның ішінде материал электрондық тасымалдауыш: диск немесе флеш-жинақтауышта болуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге жіберу қажет.

     Бұдан басқа, қатысушы бекітілген нысанға сәйкес (өтінім нысаны ұсынылған) толтырылған өтінімді қосу тіркеуі тиіс.

     Байқау қорытындысы 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін шығарылып, Қордың www.enpf.kz ресми сайтында жарияланады.

     Қазылар алқасы «Үздік журналистік материал» санаты бойынша мемлекеттік тілде үш жеңімпазды және орыс тілінде үш жеңімпазды анықтайды.Әрбір аталымда жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады:

    -бірінші орын үшін – ноутбук;

    - екінші орын үшін – планшет;

    - үшінші орын үшін – диктофон.

    БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.   

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

    ӨТІНІМ

    «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға өткізілетін байқауға қатысуға арналған.

    «БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті»

    Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

    Әрине, барлығымыз да шартқа өзіміздің пошталық мекенжайымызды көрсеттік. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен бері салымшылардың көпшілігі өздерінің жеке деректемелерін өзгертуге асықпады. Қорға келіп, дерекқордан өздерінің мекенжайын, телефон нөмірін тексеріп те жатпады.    

    «Жұмыс беруші аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» - дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз әлі күнге дейін бұрынғы дағдылы әдіспен, жинақтарымыздың жай-күйі туралы деректерді пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бір орнында тұрмайды. Бүгінде адамдар өмір ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиі көшіп-қонатын болған.

    Сол үшін де көпшілігіміздің мұндай конвертті көрмегенімізге бірнеше

    жылдың жүзі болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.  

    БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша ішіне үзінді-көшірме салынған конверттерді жыл сайын жібереді. Бірақ, өкінішке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен кері оралады. 

    Ал енді ойланып көріңізші, осы конверттерді дайындап, салымшыға жеткізуде қаншама жұмыстар атқарылды, қаншама ақша шығындалды десеңізші! Міне осыдан барып, «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?» деген жауыр болған сұрақтар тағы да мазалай бастайды.  

    Егер бірінші сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті болса, екінші сұраққа  толығырақ тоқталайық.  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 4-ші тармағының 1) тармақшасына сәйкес

    міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.

    Нақты айтар болсақ:

    1. БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде немесе пошта байланысы арқылы хабарлауыңызға болады. Бұл ретте фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіліп, жеке куәліктің қосымшасы қоса беріледі. 
    1. (e-mail)» бойынша алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат беру тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісімде көрсетілген электрондық поштаны өзгерту туралы тек БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде барып хабарлай аласыз. 

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Заңға сәйкес атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етеді.

    Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта ақпарат беру тәсілін белгілемеген болсаңыз, БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп, БЖЗҚ-мен хабарлау тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісім жасау арқылы ақпарат беру тәсілін таңдай аласыз немесе өзгерте аласыз.   

    Хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісім жасау үшін және (немесе) Жеке деректемелеріңізге өзгерістер енгізу үшін, қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Онда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген болсын. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруді салымшы (алушы) таңдаған тәсіл бойынша жүзеге асырады. 

    Ал бұл:

    1) БЖЗҚ кеңсесіне келіп өтініш жасау;

    2) электрондық тәсіл –бұл ретте, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады;

    3) пайдаланушының логині ретінде тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпия сөзі (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы алу; 

    4) пошта байланысы арқылы алу.

    Жоғары технология заманында әрине, жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың ең қарапайым, ыңғайлы және үнемді тәсілі ол – ақпаратты интернет арқылы алу. Хабарлаудың осы тәсілін таңдау арқылы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет қана емес, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.   

    Бұл қосымша Google Play (Android), АppStore (iOS) и Windows Phone Marketplace (Windows Phone) ресми қосымшылар дүкендерінде орналастырылған. Оны тегін жүктеп алуға болады.

    Қосымша қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларда жұмыс істей береді.

    Сондай-ақ жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты ҚР электрондық үкіметі порталында (www.egov.kz) тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алған жағдайда осы сайттың «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімдеріне кіріп алуға болады. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясынан алуға болады.

    БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) онлайн тәртібінде өздерінің жеке зейнетақы шотының жай-күйін үзінді-көшірме арқылы көре алады.  Айтпақшы, Сіз үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық)таңдай аласыз. Үзінді-көшірмелерді онлайн сервистер (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкіметтің www.e-gov.kz сайты немесе ұялы қосымша) арқылы алу барысында салымшыға жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы маңызды деректерді онлайн тәртібінде – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкіндігі беріледі.  

    Осылайша, БЖЗҚ өзінің салымшыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілін ұсынады. Әрбір салымшы өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, жинақтарының жай-күйін біле алады.

    Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті бөлімшесіне (қазіргі таңда олардың саны республика бойынша - 231) бір рет барып өтініш білдірсеңіз болғаны. Сол жерде жеке деректемелеріңіздің өзгергені жайында немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлаудың өзіңізге ыңғайлы бір немесе бірнеше тәсілін таңдағаныңызды жеткізесіз. Барлық операция 10 минуттан аспайды, есесіне алдағы уақытта қаншама уақытыңыз үнемделеді! Бұл БЖЗҚ және пошта байланысы қызметкерлері үшін де қуанышты жағдай.

    БЖЗҚ анықтамасы енді eGov порталында қолжетімді

     Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы  ақпаратты ала алады.

     Анықтаманың жаңа түрінде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуі, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кіріс туралы ақпарат бар.

     Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бірақ онда инвестициялық кіріс көрсетілмеді. БЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның ішінде салымшы белгілі уақыттың ішінде қандай кіріс немесе шығын алғандығын көрсетеді.

     Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» тарауы – «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлімінде қол жетімді. Қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды.

     БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен электрондық үкімет порталын біріктірудің басты мақсаты – бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетімділікте алу мүмкіндігі. Енді әр салымшы өзінің зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады.

                       2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табыс ескерілген) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі іске қосылған сәттен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзінді көшірме берілген.

                 Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесін алу немесе салық декларациясын толтыру үшін қолданыла алады.

     «БЖЗҚ» АҚбаспасөз орталығы

    Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

    Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған.  

    «Олар салық төлемейді, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайды, қысқасын айтқанда олар көлеңкелі экономикада жүр. Мен бұл туралы кемінде бес жылдан бері айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Алайда мұнымен нақты ешкім айналыспайды», - деді өз сөзінде Президент.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кімдер және олардың саны қанша? Оларды  ел экономикасына тарту үшін істеу керек? Ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы анықтаманы зерделеп алайық. Халықаралық тәжірибелерге сүйенер болсақ, «өз бетінше жұмыспен қамтылу» дегеніміз – бұл жеке адамның жұмыс берушіге емес, өзіне жұмыс істеуі. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам – бұл әр түрлі бизнес саласында табыс табу үшін жұмыс істейтін және өз ісін өзі басқаратын адам.    

    Қазақстанның заңнамасында «өз бетінше жұмыспен қамтылу – сыйақы мөлшері тауарлар мен қызметтерді өндіруден (сатудан) түсетін табысқа тікелей байланысты болатын жұмыс» деп көрсетілген. Бұл ретте меншікті тұтыну - табыстың бір бөлігі ретінде қаралады.   

    Тағы бір анықтама: «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы – бұл табыс табу үшін тауарлар мен қызметтерді өндірумен (сатумен) дербес айналысатын жеке тұлға, өндірістік кооператив мүшелерінің, сондай-ақ отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілердің ақы төленбейтін жұмыскерлерінің бірі.

    Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Олар: жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер және жалдамалы еңбекті пайдаланатын жеке кәсіпкерлер. Бірінші топқа өзі үшін жұмыс істейтін адамдар, фрилансерлер, уақытша мердігерлік шарты бойынша жұмыспен қамтылған адамдар, жұмысқа орналастыру бойынша агенттіктердің мердігерлері және маусымдық жұмыскерлер жатады. Ал екінші топқа шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ микрофирмалардың иелерін, фирмалардың кәсіби тұрғыда қызмет көрсететін серіктестерін жатқызуға болады.  

    Адамдардың өз беттерінше жұмыс істеуіне әр түрлі жағдайлар себеп болады. Олар жағымды және жағымсыз сипатта болып келуі мүмкін. Жағымды себептердің ішінен өз ісінің иесі болуға, өзін бизнес саласында дамытуға, икемді жұмыс кестесі бойынша еңбек етуге деген құштарлықты атап өтуге болады. 

    Ал жағымсыз себептерге жұмыссыз қалу, таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмау секілді жағдайлар жатады. Қандай себеп болмасын, өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам өзінің қазіргі шағы мен болашағына, зейнет жасындағы өміріне өзі жауапты болатындығын түсінуі керек. Әрине, ертеңгі күнді ойламай, тапқан табысты бетіне қарамай бүгін жұмсай беруге де болады. Бірақ, өз уақтысында зейнетақы жарналарын төлеп, болашаққа сеніммен қарағанға не жетсін!   

    Егер бір шағын фирмада немесе шағын және орта бизнес субъектісінде жұмыс істейтін болсаңыз, еңбек шартын жасасуға ұмтылыңыз. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоластындағы қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істейтін мыңдаған жұмыс берушіні анықтады. Яғни, бұл жұмыскерлер жалақыны «конвертпен» алады деген сөз. Бұл жағдай оларды түптеп келгенде тығырыққа әкеп тіреуі мүмкін.

    Біріншіден еңбек шартын жасасу – бұл тұрақты түрде жалақы алып тұрудың, тиісті еңбек жағдайларын сақтаудың, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың дер кезінде төленуінің кепілі.

    Екіншіден, бұл еңбек өтілі мен жұмыскердің біліктілігін растаудың айқын жолы.   

    Егер жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленбейтін болса, онда ол зейнеткерлік жасқа толғанда зейнетақы жинақтары жоқ болғандықтан Қордан зейнетақы төлемдерін ала алмайды. Өкінішке қарай, кейбір отандастарымыз еңбек құқығы және әлеуметтік кепілдіктер туралы біле бермейді. Ниеті бұзық жұмыс берушілер мұны өз пайдасына пайдаланады.   

    Егер сіздің жұмыс берушіңіз зейнетақы аударымдарын жасамаса не істеу керек? Әрбір жұмыскер жұмыс берушіден бұл жарналарды Қорға қаншалықты толық көлемде және уақтылы аударып отырғандығы туралы мәлімет беруін талап етуге құқылы. Егер жұмыс беруші зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аудармайтын болса, жұмыскер салық органдарына шағына алады. Жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отыру жауапкершілігі осы салық органдарына жүктелген. Дейтұрғанмен, бұл мәселе бойынша еңбек инспекторына жүгінуге болады. Өз кезегінде еңбек инспекторы жұмыс берушіге келіп, оған ықпал ету шарасын қолдана алады. 

    Азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту – маңызды және стратегиялық мемлекеттік міндет. 

    Өткен жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген жұмыстардың нәтижесінде 560 мың жалдамалы жұмыскер өздерінің жұмыс берушілерімен еңбек шартын жасасқан. Одан басқа, шамамен 1 млн адам өздерінің жалдамалы жұмыскер екендіктерін мәлімдеген. Бірақ, олар өкінішке қарай зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды жасамаған.

    2018 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,12 млн бірлікті құрады. Бұл ретте тек 5,9 млн шотқа жарналар ең болмағанда жылына бір-ақ рет түседі. Ал бұл санның тек үштен біріне ғана зейнетақы жарналары жылына 9 реттен 12 ретке дейін түсетіндігін атап өткен жөн.  

    1991-2001 жылдар аралығында жұмыс орындарының қысқаруы салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 8,7 есеге өсті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың шамамен 71 пайызын, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 24 пайызын, жұмыссыздардың 5 пайызын құрайды. Салыстырып қарайтын болсақ, шет мемлекеттерде өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың пайыздық үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың: Австралияда – 10,3%,  Германияда – 10,8%, Канадада – 8,6%, Францияда – 9,7%, Жапонияда – 11,5%, Ұлыбританияда – 15,4%, АҚШ-та – 6,5 %-ын құрайды.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санының артып кетуі мынадай мәселелерді тудырады:

    - көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейі – 27% (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті);

    - бейресми жұмыстардың болуы;

    - табыстарды жасыру;

    - өзін-өзі қамтушы азаматтардың әлеуметтік қорғансыздығы.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие және Қазақстан экономикасының құрылымына тікелей байланысты. Сондықтан ол бір министрліктің немесе бір зейнетақы қорының өкілеттігі аясында шешілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты ұсынылатын бастамалар әлеуметтік және экономикалық саладағы министрліктер мен мекемелердің жұмысында көрініс табуы тиіс. Яғни, бұл жүйелік мәселе және ол жүйелі тұрғыда шешілуі тиіс. Ең алдымен еңбекке қабілетті азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тартудың тиімді мемлекеттік саясатын әзірлеу қажет. Сонымен қатар, жастарды және 40 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесін ескеру керек. Қазір тиісті ұсыныстар БЖЗҚ-да, депутаттық корпуста және Үкіметте әзірленіп жатыр. Бұл мәселедегі басты міндет – ынталандырушылық сипаттағы шараларды қабылдау. 

    БЖЗҚ өз кезегінде зейнетақы жарналары түспейтін жеке зейнетақы шоттарын өңдеу науқанын қолға алу туралы бастама көтерді. Осылайша, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жыл барысында жарна түспеген шоттар сәйкестендірілді. Ал өңірлік желі қызметкерлері осы шоттардың иелеріне жоспарлы түрде телефон шалу жұмысын бастады. Ондағы мақсат – оларға зейнетақы шоттарына зейнетақы жарналарының түспейтіндігін хабарлау және қолданыстағы зейнетақы заңнамасы, болашақ зейнетақыны жоспарлау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    Қазіргі уақытта әр түрлі қиын жағдайға тап болған адамдар үшін пайдалануға болатын бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Олар:

     - әлеуметтік жұмыс орны;

    - кәсіптік оқыту;

    - жастар тәжірибесі;

    - қоғамдық жұмыстар;

    - кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету;

    - ауылдар мен қалаларда азаматтарға шағын несиелер беруге кепілдік беру;

    - мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға бюджет тарапынан көмекқаржы бөлу.

    Жоғарыда келтірілген бағыттар бойынша толыққанды мәліметтерді  Қордың www.enpf.kzсайтының «Қызметтер» - «Жұмыссыздарға» бөлімінен оқып білуге болады.

    Бүгінде елімізде үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. 2040 жылдан кейін зейнеткерлікке шығатын қазақстандықтар ортақ зейнетақы төлемдерін алмайтын болады. Олар базалық зейнетақыға және Қордағы зейнетақы жинақтарына ғана үміт арта алады. Бұл ретте жалпы еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.  

    Сондықтан БЖЗҚ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі – тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    Қалай болғанда да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу - заман талабы.

     

     





    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «__» наурыз

    Мобильдік кеңсе

     Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ өзінің 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында салымшыларға көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, оларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.

    Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтерін алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.

    Осылайша, 2018 жылдың екінші жартысында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылады. Ондағы мақсат - шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

    Айта кетелік, Қор қазірдің өзінде тұрғындарға көшпелі қызмет көрсетіп жатыр. Егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. 2017 жылы 7 094 көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мыңнан астам операция жүзеге асырылды. 2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында мобильдік топтар 1 285 рет сапарға шығып, 30 мыңнан астам операцияны жүзеге асырды.

    Егер қазір мобильдік агенттер салымшыларға портативтік компьютер және  тиісті құжаттар бумасын алып баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталады.   

    Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен жарақтандырылған. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады.

    Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды. Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп.

    Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден жырақта орналасқан.

    «Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. 

    Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.

     

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                

        БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     

     




    «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген»

    Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі.    

    Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін:

    - зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар;

    - мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтағы мүгедектер;

    - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқылы.

    Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл төлем ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте мұрагерге төленеді.   

    Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

    Айырманы төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жіберіледі. Өз кезегінде БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сұралған мәліметтерді электрондық форматта ұсынады.

    «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляцияның деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының (МЗЖ, МКЗЖ) сомасымен салыстырып тексереді.

    Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы: - инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады; - инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан төмен болған жағдайда – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасын есептейді. Республикалық бюджет есебінен айырма төлемі алушының банк шотына аударылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша (Статистикалық бюллетень, «Секвестрленбейтін республикалық бюджет бағдарламалары») мемлекеттің зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдікті міндеттемелері 2016 жылы – 11 615 млн. теңге, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары үшін – 2589,0 млн. теңгені құрады.

    Толық ақпаратты «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 1414 тегін қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

    Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі

    Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақы активтері дамушы және дамыған елдердің облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексіне инвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретінде қолданады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес басқару аясында арнайы механизм әзірледі. Ол макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде инвестициялық жағынан тартымды елдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал бұл елдер JPMorgan және Merrill Lynch компанялары әзірлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексіне енген.      

    2017 жылы зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында жүргізілген талдау нәтижесінде тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштерге және кредиттік рейтингтерге ие 11 дамушы ел таңдап алынды. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарындағы мемлекеттер.

    2017 жылдың қарашасында Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және басқа да дамушы елдер Үкіметінің АҚШ долларында номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына кезең-кезеңмен инвестициялау шараларын қолға алды. 

    2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. Бұл ретте 849 млрд теңгенің қаржы құралдары (инвестициялық портфельдің 10,08 пайызы) рейтингтік бағаға ие емес. Соған қарамастан олардың эмитенттері алдыңғы қатарлы халықаралық агенттіктер тарапынан барабар кредиттік рейтингтерге ие немесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және олар бойынша қаржыны қайтару жөнінде мемлекеттік кепілдік бар.    

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz 



    «Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...»

    Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. Бірақ, жұмыста басқа тірлікке мойын бұруға уақыт табу қиын. Адам бұл кезеңде өзі үшін емес, әйелі, бала-шағасы үшін өмір сүреді. Сананы тұрмыс билейді: «Үй салсам екен, сол үйде бала-шағамаман болып, қарындары тоқ, уайымдары жоқ болып, қатарынан қалмай өмір сүрсе екен», - деп тілейсің. Оның үстіне ата-анаңды, туған-туыстарыңды, дос-жарандарыңды, әріптестеріңді  ұмытуға болмайды. Абыройыңды сақтай отырып, барлығымен лайықты қарым-қатынас жасағың келеді. Қолыңнан келсе, қамқор болуға, қолдау көрсетуге дайынсың. Ал өзіңе қарауға,тіпті уақтысында лайықты емделіп алуға да уақыт табылмай жатады. Бітпейтін күнделікті қу тіршілік өзіңді ұмыттырып жібереді... Ал демалыс күндері жаның қалайтын іспен айналысуға уақыт анда-санда табылса табылар, табылмаса ол да жоқ. Осылай өмір шіркін «Сіз бен бізге білінбей» өте береді, өте береді. Сөйтіп жүргенде шашқа ақ кіреді, бел ауырып, балтыр сыздай бастайды... Ал көңілдегі армандар қол жетпес сағымдай болып қала береді.

    «Сонда адам тек бала кезіңде және зейнет жасыңда ғана емін-еркін демалып, қалаған ісімен айналыса алады екен ғой» деген ой келеді. Тек бұл жерде баланың ата-анасы мен ата-әжесі тұрғанда ақшаның қайдан келетінімен ісі болмайды. Ал зейнет жасында сүйікті іспен айналысуға уақыт табылғанымен, оған ақша табыла қояр ма екен? Белгілі орысжазушысыВалентин Катаевтың «Кішкентай сыбызғы мен құмыра» деп аталатын ертегісін білесіз бе? Онда сиқыршы кішкентайқызға сыбызғы сыйлайды. Сол сыбызғыда ойнасаң, алаңқайда жапырақтардың астына жасырынған жидектердің барлығы көрінеді. Оларды еш қиналмай жинауға болады. Бірақ, жинауға ыдыс жоқ. Сонда жеткіншек қыз сиқыршыға өтініш жасайды. Сиқыршы сыбызғының орнына кішкентай құмыра береді. Қыз қуанып, алаңқайға жүгіріп шығады. Бірақ, жидектер сыбызғының әуені естілмеген соң көрінбейді. Мінеки, өмірде де солай, сыбызғы болса, құмыра жоқ, құмыра болса сыбызғы жоқ. «Әттең тонның келтесі-ай»! Жұмыс істеп жүрген кезде ақша бар, бірақ уақыт жетпейді, зейнетіңде уақыт бар, бірақ, қалтаң таяз.

    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: зейнеткерлікке шығып, қазыналы, қалталы қарт болып жүру үшін, сүйікті ісіңе қысылмай ақша жұмсау үшін ерте бастан қамданып, болашаққа қор жинағанабзал. Қаншалықты көп жинасаңыз, зейнет жасында алар зейнетақы да қомақты бола түседі. Яғни, «Не ексең, соны орасың». Әрине, қалта қалың болса, спортпен айналысуға, немерелерді ертіп, концерт, театрға баруға болады. Шипажайға барып демалуға,ел аралауға  мүмкіндік табылады. Жастық шақта тартқан бейнеттің қартайғанда зейнетін көру үшін болашақты бүгіннен жоспарлап, құрметті демалысқа қаржы жинаңыз. «Тарта жесең тай қалар, тартпай жесең не қалар!?», - деп ата-бабамыз бекерге айтпаса керек-ті. Демек, зейнетақы шотыңыз тұрақты түрде жарналармен толығып тұрса,ол  - қамсыз қарттығыңыздың кепілі! Бұл үшін ерікті зейнетақы жарналарының да тигізер септігі зор.«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, ерте бастан қамданып, болашағының іргесін бүгіннен бастап қалауға кіріскен жанның болашағы да жарқын бола түсері сөзсіз!

     «БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

     Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді

     2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды. 

    Сауалнама нәтижесі бойынша мынадай мәліметтерге қол жеткізілді: Қазақстан халқының отандық зейнетақы жүйесіне деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,9 баллды құраса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,7 баллды құрады. Тұрғындардың 58,2 пайызы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы базалық білімге ие болса, 24,7 пайызының бұл салаға қатысты сауаттылығы жоғары. Бұл ретте тұрғындардың көпшілігі (61%) зейнет жасында қаржылық дәулеттілік негізі -  зейнетақы жинақтары болатындығын құптайды, қазақстандықтардың жартысы(50,4%) болашақ зейнетақының қандай болатындығына өздері жауапты болатындығын түсінеді, ал 85 пайызы қолданыстағы зейнетақы жарналарының бірі туралы хабардар.

    Әлеуметтік-демографиялық сипаттама тұрғысынан жасалған талдау – 18-29 және 60-65 жастағы азаматтар арасында, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және үкіметтік емес сектор жұмыскерлері арасында сенім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.Сенім деңгейі Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Павлодар облысы, сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғындарының арасында жоғары. Гендерлік тұрғыда айырмашылық жоқ.  

    Алынған нәтижелер зейнетақы Қорына деген сенімді одан әрі нығайту және Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлығын (сауаттылығын) арттыруға негіз болады. 

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

     

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     




    Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді

    2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды. 

    Сауалнама нәтижесі бойынша мынадай мәліметтерге қол жеткізілді: Қазақстан халқының отандық зейнетақы жүйесіне деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,9 баллды құраса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,7 баллды құрады. Тұрғындардың 58,2 пайызы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы базалық білімге ие болса, 24,7 пайызының бұл салаға қатысты сауаттылығы жоғары. Бұл ретте тұрғындардың көпшілігі (61%) зейнет жасында қаржылық дәулеттілік негізі -  зейнетақы жинақтары болатындығын құптайды, қазақстандықтардың жартысы(50,4%) болашақ зейнетақының қандай болатындығына өздері жауапты болатындығын түсінеді, ал 85 пайызы қолданыстағы зейнетақы жарналарының бірі туралы хабардар.

    Әлеуметтік-демографиялық сипаттама тұрғысынан жасалған талдау – 18-29 және 60-65 жастағы азаматтар арасында, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және үкіметтік емес сектор жұмыскерлері арасында сенім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.Сенім деңгейі Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Павлодар облысы, сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғындарының арасында жоғары. Гендерлік тұрғыда айырмашылық жоқ.  

    Алынған нәтижелер зейнетақы Қорына деген сенімді одан әрі нығайту және Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлығын (сауаттылығын) арттыруға негіз болады. 

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «12» шілде

    Зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру

    Алматы, Қазақстан – Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп,  «бір терезе» қағидатына сай   қабылдау  үшін композиттік қызмет енгізу мақсатында 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерінің есебін жүргізу, аудару, қайтару мәселелері бойынша ықпалдастықты реттейтін баптарға бірқатар толықтырулар енгізілді.

    Қазіргі уақытта зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мемлекеттік бюджет есебінен еңбек зейнетақысын (1998 ж. 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі бойынша) және базалық зейнетақыны тағайындау үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталықтары), ал міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті өтінішпен және құжаттар топтамасымен жүгінетіндігі белгілі. Енді композиттік қызметтер қолданысқа енгізілген соң, аталған тұлғалар «Бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге – Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырады. Бұл ретте бюджет есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және Қордан берілетін зейнетақы жинақтары алушының өтінішінде көрсетілген бір банк шотына бір мезгілде аударылып отырады. Аталған өзгерістер зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр. Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу, есептен шығару, аудару жұмыстары және стратегиялық міндеттер сол тұрақты күйінде қалады. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында аталған қызметтерді жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары жүзеге асырылды.

    Қазіргі уақытта БЖЗҚ композиттік қызметті енгізуге дайын. Алайда бұл қызмет Қордан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң барып күшіне енеді. Бұл актілерді ҚР Үкіметі бекітеді. Нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін мемлекеттік бюджеттен және зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер ұсыну тәртібі өзгеріссіз күйінде қалады. 

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.   

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

    «Жұмыс берушінің жауапкершілігі»

    Еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жас мамандардың көпшілігі зейнетақыға қатысты мәселеге бас қатырып жатпайтыны рас. Бұл туралы сұрай қалсаң: «Қайдағы зейнетақы, не айтып тұрсыз?», - дейтіні сөзсіз. Өйткені олар үшін бүкіл өмір алда ғой!

    Бірақ, өмір заңы бар емес пе, аға ұрпақ секілді біз де өсеміз, есейеміз және қартаямыз.

    Иә, мойын бұрып қарағанша, қамшының сабындай өмірде зейнеткерлік жасқа жетіп қалғаныңды білмей де қаласың... 

    Бәрін айт та бірін айт, қазіргі таңда азаматтар болашақ зейнетақысы туралы жас кезінен бастап ойлануы керек. Бұл заман талабы.  

    Дегенмен бұл туралы қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер: «Мені үкімет асырайды, далада қалдырмайды», - деп ойласа, басқалар: «Дүниені балаларыңа жина, солардың біліміне жұмса. Сонда олар жақсы білім алады, жақсы қызметке тұрады. Сөйтіп ата-анасын да асырай алады», - дейді.   

    Ал енді біреулер тек өзіне ғана сенеді, жалақыларын конвертсіз, ашық түрде алады. Міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлейді. Тіпті ерікті зейнетақы жарналарын да төлеуді ойластырады.   

    Қазіргі таңда зейнетақы жүйесінің құрылымы үш мүдделі тарапты – мемлекетті, жұмыс берушіні және жұмыскерді біріктіреді.    

    Мемлекет зейнетақы жүйесін реформалап, оған жинақтаушы құрамдауышты қоса отырып, азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға шақырады.  

    Бұл жүйеде салымшы өзінің бүкіл еңбек жолында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қанша қаржы жинаса, зейнеткерлік жасқа толғанда сонша қаржы алады. Бұл ретте оның жинағына зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңі бойынша инвестициялық табыс есептеліп отырады. Егер зейнетақы жинағының жалпы сомасы инфляция деңгейінен төмен болатын болса айырма сомасы республикалық бюджеттен біржолғы төлем ретінде зейнеткерлік жасқа толған алушының банк шотына аударылады.     

    Бұл ретте қаржы жинақтауда салымшыға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Егер ол ресми түрде жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұратын болса, онда оның зейнетақы төлемдерінің мөлшері біріншіден:

    1) оның зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына;

    2) жүйеге енгізілген зейнетақы жарналарының саны мен сомасына; 3) жинақталған инвестициялық табысқа және

    4) айлық табыстың өсу қарқынына тәуелді болады.  

    Мемлекет ешкімді ескерусіз қалдырмайды. Керісінше олардың қамын ойлайды. Яғни, республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады және инфляция деңгейін ескере отырып зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді.

    Сонымен қатар жұмыс берушіге де үлкен жауапкершілік жүктелген. Ол міндетті зейнетақы жарналарын дер кезінде және толық көлемде аударып отыруы тиіс. Ал 2020 жылдан бастап өз қаражаты есебінен жұмыскерінің пайдасына жалақысының 5 пайызын оның шартты зейнетақы шотына аударуға міндеттенеді.   

    «Қазақстан Республикасында зейнетақмен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жұмыс берушілер салымшының зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады. Міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды және оларды жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімі жоғарыда аталған Заңмен реттеледі. 

    МЗЖ және МКЗЖ дер кезінде төлеу – жұмыс берушінің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар заңнама талабы.

    Жұмыс берушілер уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған МЗЖ және МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге жұмыскерлерінің пайдасына агенттер аударуға тиіс.

    Сондықтан БЖЗҚ азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін және жұмыс беруші аударатын жарналардың дер кезінде, тұрақты және толыққанды аударылуын жеке зейнетақы шотынан алынатын үзінді-көшірме арқылы бақылап отыруға кеңес береді.

    Үзінді-көшірмені алудың бірнеше тәсілі бар. Олар:

    Қор кеңсесіне өзі келу, электрондық және дәстүрлі пошта байланысы, Қордың сайты немесе «ENPF» ұялы қосымшасы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz электрондық үкіметі арқылы алу.   

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шартты-жинақтаушы құрамдауыш, яғни жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыскерлердің атына  шартты зейнетақы шоттары ашылады. Оларға барлық жұмыс берушілер еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың айлық табысының 5 пайызын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары ретінде аударатын болады. Бұл жарналардың артықшылығы сол, шартты зейнетақы шотындағы қаржы таусылып қалса да, бұл жарналардың есебінен зейнетақы төлемдері зейнеткерге өмір бойына төленеді. Бірақ, бұл үшін шартты зейнетақы шотына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 5 жыл, яғни кемінде 60 ай тұрақты түрде аударылуы тиіс. Шартты зейнетақы шотына аударылатын жарналар жыл сайын капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

    Алғашқы жарналар 2020 жылдан бастап енгізіле бастайды. Ал алғашқы төлемдер сәйкесінше 2025 жылдан бастап төленеді.

    Егер міндетті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына кәдімгі ақшалай қаражат жинақталатын болса, шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары тек белгіленіп отырады, яғни тіркеледі. Бұл шоттағы зейнетақы жинақтары жұмыскердің меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды: егер салымшы (алушы) жүйеден шығатын болса оның шартты зейнетақы шотындағы қаражат басқа қатысушылар арасында үлестірілетін болады. 

    Осылайша, зейнетақы жүйесінің бұл құрамдауышы ортақ және жинақтаушы жүйенің артықшылықтарын қамтиды.    

    Сәйкесінше бизнестің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі арта түседі. Ал бұл, бүкіләлемдік үрдіс.  

     «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

     «Ерікті зейнетақы жарналары»

    Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары  өзара оңтайлы үйлестірілген.

    Бірінші деңгей – бұл ортақ зейнетақы жүйесі. Онда зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджеттен жұмыс істеуші азаматтардың салық аударымдары және басқа да түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Бұл зейнетақы екі құрамдауыштан тұрады. Бірі – мемлекеттік базалық зейнетақы. Ол барлық зейнеткерге еңбек өтіліне немесе айлық табысына қарамастан өмір бойына тағайындалады. Екіншісі – еңбек өтіліне қарай төленетін жасына байланысты зейнетақы. Мұнда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте еңбек өтілі алты айдан кем болмауы тиіс.    

    Екінші деңгей – міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Мұнда Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың айлық табысының 10 пайызы міндетті зейнетақы жарнасы ретінде зейнетақы Қорына аударылады. Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы ретінде аударуға міндеттенді.  

    Бұл ретте зиянды өндірістер мен жұмыстардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

    2020 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Сәйкесінше Қазақстандағы барлық жұмыс берушілер (олардың ішінде зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын аударатын жұмыс берушілер де бар) еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен қызметкерлерінің пайдасына жалақының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударады.  

    Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтаушы жүйе. ЕЗЖ мөлшерлемесі, оларды зейнетақы Қорына аудару және зейнетақы төлемдері ретінде төлеу ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

    Сонау 1952 жылы қабылданған, Халықаралық еңбек ұйымының «Ең төменгі әлеуметтік қамсыздандыру нормалары туралы» Конвенциясына сәйкес орнын басу коэффициенті 40 пайызға тең болуы тиіс. Яғни, зейнетақы мөлшері жұмыскер жалақысының кем дегенде 40 пайызын құруы керек.   

    Алайда зейнеткерлікке шыққандардың барлығының бірдей зейнетақысы жоғалтқан жалақыларының 40 пайызына жете бермейді. Бұған зейнеткердің зейнет жасына дейінгі жалақысының төмен болуы, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілінің аздығы, зейнетақы жарналарының тұрақсыз аударылуы және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін.

    Бірақ, осы жәйттерге қарамастан, қалайша лайықты зейнетақы алуға болады? Бұл мәселені шешудің бір жолы – ерікті зейнетақы жарналарын төлеу.

    Ерікті зейнетақы жарналары – бұл, салымшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен аударатын ақшасы. Бұл ретте салымшы жарнаның сомасын өзі белгілейді және оны өзінің атына ғана емес, туған-туыстарының атына да аудара алады.  

    Заңды тұлғалар да жеке тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары болуға құқылы. Мысалы, жұмыс беруші осылайша қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын арттыруға әрекет жасауы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналары ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасалады.

    Шартта жалақы мөлшерін немесе жалақының Қорға аударылатын пайызын көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені, ерікті зейнетақы жарналарының сомасы салымшының мүмкіндігі мен ықыласына қарай ай сайын өзгеруі мүмкін.

    2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен барлығы 39,2 мың шот ашылған. Олардағы жинақтардың жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгені құрайды.  

    Ерікті жарналар да басқа зейнетақы жарналарымен қатар әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесінше оларға да күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Ерікті жарналар есебінен құралған зейнетақы жинағының басқа зейнетақы жинақтарынан айырмашылығы сол, оны зейнеткерлік жасқа толмай жатып алуға болады.

    Нақты айтар болсақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

    1) елу жасқа толған;

    2) мүгедек болып табылатын;

    3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

    Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

    Әлемдік тәжірибелерді зерделей келе, БЖЗҚ қазіргі таңда ерікті зейнетақы жарналары сынды болашаққа қаражат жинау құралын белсенді түрде пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қор мамандарының есептеуінше, аз мөлшерде тұрақсыз аударылған ерікті жарналары есебінен құралған зейнетақы жинағы зейнеткердің берекелі тіршілігін қамтамасыз етуге елеулі түрде септігін тигізеді.

     «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы



    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «23» сәуір

    БЖЗҚ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты белсенді жұмысы

    Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.

    2018 жылдың алғашқы жартысында 325 мыңдай салымшыны қамту жоспарланған болатын. 2018 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында 71 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Телефон арқылы хабарласу нәтижесінде сол салымшылардың 25 пайызы (ал бұл – 8 953 адам) қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Сондай-ақ, 9 789 жеке зейнетақы шотына жарна түсті. Ал бұл, байланыс орнатылған салымшылардың 14 пайызын құрайды. 

    Сауалнама жүргізу нәтижесінде байланыс орнатылған салымшылардың 68 пайызының жұмыссыз екендігі, ал 15 пайызының өзін-өзі жұмыспен қамтушылар екендігі анықталды. Оларға қолданыстағы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік әлеуметтік бағдарламалары бойынша ақыл-кеңес берілді. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту үшін осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. 

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы  БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     







    БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистері

     Алматы, Қазақстан –Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты.

    Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды жәнезаманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы.Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

    Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kzсайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.   

    Сайттың құрылымына өзгерістер енгізудегі басты мақсат – сайтты түсінікті және барынша қолжетімді ету. Сонымен қатармаңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару.  Сайт Қор мамандарының күшімен жасалды. Бұған қандай да бір қаражат жұмсалған жоқ.

    Порталды жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасуда: қазір БЖЗҚ қызметкерлері салымшылар мен алушылардың қажеттіліктеріне негізделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшірме нұсқалар») қызметі іске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлімшелерінде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшірме нұсқалары» берілді.

     Енді Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кіре алатын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтіне ие қазақстандықтар бұл қызметтерді қашықтықтан пайдалана алады.

     2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкіндігі жүзеге асырылады.   

    Естеріңізге сала кетелік, 2017 жыл барысында Қор сайтында бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Солардың көмегімен Қордың негізгі қызметтерін қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ:Қордың ресми сайтына кіріп, «Жеке кабинет» бөлімі арқылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру. Сол өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу және зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірмені электрондық поштаға жіберу мүмкіндігі.

     Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтерді дамытумен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат – абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафикті есепке алмай пайдалануға мүмкіндік беру.  

     Қазірдің өзінде Tele2 және Altel бірлескен компаниясының абоненттері өздерінің шоттарында теңгерімнің бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келісімдер жасауды жоспарлап отыр.

     БЖЗҚ электрондық қызметтерді деректерді талдау және дербестендіру негізінде көрсетеді. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистерді пайдаланушылардың қажеттіліктері ескеріледі.Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкіндік береді.

     Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту – БЖЗҚ қызметінің басты бағыттарының бірі. 

     Айта кетелік, қазіргі кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу жоспарланған.

     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

     

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

    БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйренді

    2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды.  

    «Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, БЖЗҚ-ның оң беделін қалыптастыру арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімді нығайту қажет. Сонымен қатар дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитін қалыптастыру және ерікті зейнетақы жоспарларын дамыту керек, - деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.

     2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбір салымшы үшін кәсіпқой кеңесшіге айналуы тиіс. Осы міндеттерді орындау үшін 2018 жылы сәуірде Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Осы қызмет аясында жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторы қолданылады.

     «БЖЗҚ» АҚ филиалдары екі апта ішінде (2-14 сәуір аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткізді. Бұл ретте консультациялардың басым бөлігі Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткізілді. 

     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     

    «БЖЗҚ» АҚ салымшылардыбелгісізтұлғалардыңҚоратынан телефон мен электрондықпоштаарқылыжұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлықұтысынұйымдастырғанытуралыжалғанақпараттаратыпжатқанынескертеді. АлаяқтарҚорсалымшыларынасыйлықтыалуүшінсілтемедекөрсетілгенөзгересурстарғакіріп, өзінің банк деректемелерінжіберудіұсынуда. Осылайша, зейнетақықорысалымшыларыныңжекедеректемелерітуралыақпараттардызаңсызиеленуәрекетіжасалуда. 

    «БЖЗҚ» АҚ барлықсалымшылардыҚорқандай да бірұтыстарұйымдастырумен, жекемәліметтердіэлектрондықәдіспенжинауменайналыспайтынытуралыжәнеөзатынанмұндайіс-әрекетжүргізугеөзгетұлғаларғақұзыретбермейтінінескертеді.

    Құрметтісалымшылар! Өздеріңіздіңжекемәліметтеріңіздіңқұпиялығынқамтамасызетуүшінмұндайэлектрондықхабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларғажауапбермеңіздержәнеэлектрондықжолдаудағысілтемелергекірмеңіздер. Алаяқтардыңалдауынатүспеуүшінмұқиятсақболыңыздар! Оларірікомпаниялардыңатынжамылыпәрекететеді. Сондықтанжекемазмұндағыақпараттардыбөтенадамдарғаашпаңыздар! Сыйлықтар мен ұтыстартуралыуәделергесенбеңіздер! Бұлтуралыжақындарыңыз бен таныстарыңыздыескертудіұмытпаңыздар! Өтініш: мұндайқоңыраулар мен жолдаулартуралыміндеттітүрде БЖЗҚ-ның 1418 байланысорталығынахабарлаңыздар!

    «БЖЗҚ» АҚ белгісізтұлғалардыңжоғарыдаайтылғанұтыстардыөткізугебайланыстыәрекеттерінежауаптыемесекенінескертеді.

    «БЖЗҚ электрондық қызметтері»

     «БЖЗҚ» АҚ алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – тұрғындарға әлемдік стандарттарға сәйкес сапалы зейнетақы қызметін көрсету. Қор зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әрбір азаматқа зейнетақы қызметіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету стратегиясын алдына мақсат етіп қойып отыр. Ал оған жету үшін тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелерін дамыту қажет. 

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында сандық технологияларды ендіру, инновациялық даму және қарқынды технологиялық жаңғырудың ел экономикасы үшін маңызды екендігін атап өткен болатын. 

    «БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және жаңғырту жолында салымшылар мен алушыларға жаңа, заманауи қызметтерді ұсынады. Айта кету керек, бұл қызметтер уақыт шығындап Қорға келіп, қағаз құжаттарды толтырудан құтқарады.

    БЖЗҚ 2017 жылдың 30 маусымынан бастап www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде мынадай сервистерді іске қосты. Олар:

    ¾   міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;

    ¾   зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру;

    ¾   берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.

    Ескере кеткен жөн, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мен мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген, 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектігі бар адамдар ғана жолдай алады.  

     Өткен жылдың үшінші тоқсанынан бастап тағы да жаңа сервистер іске қосылды. Оларды атап өтер болсақ, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және зейнетақы жинақтарының жай-күйі бойынша хабарлау тәсілін өзгерту туралы қызметтер.  

    Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу және зейнеткерлік жасқа толу немесе 1,2 топтардағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтініш беру рәсімі бірнеше минутты ғана алады.

    Осылайша, Қор онлайн тәртібінде салымшының жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңі барысында – жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап зейнетақы төлемдерін алғанға дейін оған ілеспе қызмет көрсетеді. Осы электрондық қызметтер іске қосылған сәттен бастап алты ай ішінде көптеген салымшылар мен алушылар Қор кеңселеріне келмей-ақ қашықтықтан барлық маңызды операцияларды жүзеге асырды.

    Атап көрсетер болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылар мен алушылар тарапынан жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде – 250, ал зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде – 48 электрондық өтініш келіп түскен. Сондай-ақ 1 181 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 500 салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі – сапалы консультативтік қызмет көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық байланыс арналарын дамыту. 

     БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 556 мыңнан астам адам қатысты. «БЖЗҚ» АҚ филиалдары салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйеде 6,3 миллионға жуық операцияны жүзеге асырған.      

     2017 жылдың наурыз айынан бастап Қордың сайтында «Төрайымның блогы» арнасы жұмыс істей бастады. Сол арқылы тұтынушылар Қордың Басқарма төрайымына тікелей сұрақ қоя алады.

    Одан басқа, Қордың байланыс орталығының 1418 телефон нөмірі, Қордың корпоративтік сайтының «Кері байланыс», «Онлайн-чат» нысандары, сондай-ақ Қордың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы Қорға хабарласуға болады.  

    Зейнетақы Қоры барлық салымшылар мен алушылар үшін ашық және қолжетімді. Қордың орталық аппаратына өтініштер қағаз жүзінде де келіп түседі. Сонымен қатар «Пікірлер мен ұсыныстар» кітабына пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға болады.  

    Қордың ресми сайтында өткен жылы маусым айында іске қосылған көптеген сервистерді 2018 жылы Қазақстан Республикасының электрондық үкімет және Қордың ұялы қосымшасы арқылы қолжетімді ету жоспарланып отыр.  

     

    «БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

     






    БЖЗҚ табыстылығы инфляцияны басып озды

    2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғаны белгілі.   

    Табыстылық деңгейі зейнетақы активтерін біріктіру кезеңінен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта орта есеппен инфляция деңгейінен жоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақы активтерінің табыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейі 41,76 пайызды құрады. Жылдарға бөліп қарайтын болсақ, табыстылық пен инфляция деңгейін былайша салыстыруға болады:   

     

    Жыл

    Табыстылық деңгейі

    Инфляция

    2014

    6,31%

    7,40%

    2015

    15,65%

    13,6%

    2016

    7,95%

    8,5%

    2017

    7,92%

    7,1%

    Қосымша айта кетелік, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, жаңа электрондық қызметтерді енгізу және олардың үлесін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар Қорға зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 

    Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады. 

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

     

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     



    «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы  

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына кемінде бір рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.

    Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таңдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:

    -  дәстүрлі пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;

    - электрондық пошта арқылы - үзінді-көшірме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;

    -  Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шектеусіз түрде;

    - интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) – онлайн тәртібінде – шектеусіз. 

    - ҚР электрондық үкіметі (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы үзінді-көшірме алуға болады. 

    2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, салымшылар мен алушылар арасында ақпарат алудың электрондық тәсілдері танымал бола түскен. Ал зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңселеріне келіп алу саны өткен жылдармен салыстырғанда елеулі түрде азайған. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша хабарлау тәсілі ретінде «Жеке өзі келіп өтініш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсілін таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.

    Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таңдағандар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 0,8 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдың басына қарай үзінді-көшірмені электрондық жолмен алу тәсілін таңдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.

    Электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілі Алматы мен Астана қалаларында танымал бола түскен. Яғни, бұл қалаларда кептелісте тұрғысы келмейтіндер саны бір жыл ішінде сәйкесінше 65 және 70 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 195 және 174 мың адамды құрап отыр. Ал бұл екі қаланың экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарының 22 және 36 пайызын құрайды.

    Ел өңірлерінде интернет байланысы бойынша жағдай мынадай сипатқа ие. Бірінші орында Алматы қаласы, екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, ал үшінші орында Қарағанды облысы келеді. Бұл қалаларда интернет байланысын пайдаланушылар саны өткен жылдың ішінде сәйкесінше 30, 35 және 33 пайызға өсіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 560 мың, 395  мың және 324 мың адамға жетті. Бұл осы облыстардағы экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың 63, 35 және 49 пайызын құрайды.

    Үзінді-көшірмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады. Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейін БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесі жылы үзінді-көшірмені оған жібермеуге құқылы. 

    Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе қандай да бір хабарлау тәсілі таңдалмаған  болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты жібермейді.

    2017 жылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндіктері жайында бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде түсіндіру науқаны жүргізілген болатын. Бірақ, соған қарамастан қазіргі уақытта 1,3 миллионға жуық адам үзінді-көшірме алмайды. Оған себеп – олар зейнетақы шотын ашарда хабарлау тәсілін белгілемеген.

    Қазіргі уақытта барлық дербес қызмет көрсету орталықтарында салымшылардың бұл санатымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қорға өтініш жасап келген кезде оларға зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу тәсілі ретінде интернет байланысы ұсынылады. Одан басқа, «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға тікелей хабарлау шараларын жүргізіп жатыр. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың электрондық поштасына e-mail-хабарландыру және ұялы телефондарына SMS-хабарландырулар жіберілу үстінде. Сонымен қатар БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында салымшалырға жеке деректемелерін өзектендіру қажеттігі туралы материалдар жариялай отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.         

    БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор кеңселеріне келіп өтініш жасау немесе өзекті электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен өзінің жеке деректемелерін өзектендіруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсілін таңдауға кеңес береді. Өйткені ескі деректемелер Қордың өз міндеттемелерін орындауына кері әсер етеді.  

    Ең танымал және заманауи хабарлау тәсілі – интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені онлайн тәртібінде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.

     

     

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы




    БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

     2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.

     Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі толық көлемде нәтижелі екендігін, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.

     Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негізінде Сапа Менеджменті Жүйесін енгізуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңінен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсетті. Бұл ретте IT-технологиялар ішкі бизнес-үдерістерді, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігін айқындау үшін де қолданылады.                

     Одан басқа, БЖЗҚ-ға әр түрлі байланыс арналары арқылы келіп түсетін өтініштерді талдауда заманауи бағалау әдістемелері қолданылатындығын айта кеткен жөн. Тәуелсіз аудиторлар бұл механизмді жоғары бағалады. Мысалы, 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары - байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларға 1-3 күн ішінде жауаптар қайтарылды.

     Аудит нәтижесі бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қатысты бірде-бір сәйкессіздік, ауытқушылық анықталған жоқ. Соның арқасында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды. 

     «Сертификат алғанға дейін Қорда сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру және енгізу бойынша қыруар жұмыстар атқарылды.   

     Халықаралық стандарттарға сәйкестігімізді растау – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді. Салымшылар мен алушыларға лайықты дәрежеде қызмет көрсете отырып, олардың ризашылығына ие болу біз үшін өте маңызды. Қол жеткізілген нәтижелер – бұл көрсетілетін қызметтерді дамыту және олардың сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі. Қолданыстағы Сапа менеджменті жүйесі бизнес-үдерістердің тиімділігін және Қордың ашықтығын арттырады», - деді өз сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.  

     TÜV Thüringen e.V. – сапа және қауіпсіздік саласында сертификация бойынша халықаралық орган. TÜV Thüringen-нің тарихы 100 жылдан асады. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары бұл ұйымның қызметі мемлекеттік техникалық қадағалау  қызметі ретінде жалғастырды. Тоқсаныншы жылдары TÜV Thüringen сертификаттау бойынша халықараолық орган мәртебесін алды. Сөйтіп, әлемдік аудит нарығында едәуір абыройлы қатысушыларының біріне айналды.  

    Бүгінде автокөлік жасау кәсіпорны - TÜV Thüringen халықаралық компаниясының маңызды мамаманданған маңызды салаларының бірі. 

     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

     БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     БЖЗҚ қашықтықтан ақпарат және кеңес береді

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акционері мен директорлар кеңесі Қор қызметінің барынша ашық болуына, Қордың салымшылары және зейнетақы төлемдерін алушыларымен тиімді коммуникациялық байланыс орнатуға айрықша мән береді. Қор өз кезегінде бұл үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды.  Ай сайын брифингтер, үш ай сайын баспасөз мәслихаттары өткізілді. Жазғы қаржы журналистикасы мектебі ұйымдастырылды. 2017 жылы Қор бастамасы бойынша республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мыңдай материал жарық көрді. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3 есе және оған дейінгі үш жыл ішіндегі көрсеткіштерден 2,3 есе артық. Сондай-ақ, БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 557 мыңнан астам адам қатысты. Осылайша, жарты миллионнан астам қазақстандық осындай кездесулер барысында өздерін мазалған сұрақтарға жауап алды. 

    Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды. Ал бұл, Қорға ел өңірлерінде жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бекітілген кестеге сәйкес жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге аудан орталықтарында журналистердің қатысуымен 283 кең көлемді таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 27,4 мың адам қатысты. Бұл ретте аудандарда, ауылдық округтарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілді. 

    Айта кетелік, 2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бірлікке немесе 66 пайызға артты. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бірлікті құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам  ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. Бір жыл ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 2,4 есеге артып, 1,2 млн бірлікті құрады.

    2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсілін пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Оның ішінде 823 мыңнан астам адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшін Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.   

    Сондай-ақ, БЖЗҚ қашықтықтан байланыс жасау арналарын белсенді түрде дамытып жатыр. Байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бірде-бір сұрақ жауапсыз қалған емес.

    \Әрбір өтініштің, әрбір операцияның артында Қор қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, нақты бизнес-үдерістер тұр. 2017 жылы бизнес-үдерістер тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін күшейту тұрғысында қайта қаралды.       

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

    БЖЗҚ: жеке қорлардың проблемалық мұрасына қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде 

     Еске сала кетелік, БЖЗҚ құрылмас бұрын зейнетақы нарығында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және бірқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Осы кезеңде салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуына және мемлекеттік қорда шоттардың автоматты түрде ашылуына байланысты «техникалық», яғни талап етілмеген және қосарлы шоттар пайда бола бастады.       

     2017 жылы Қор өзінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорындағы зейнетақы шарттарын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізді.Соның нәтижесінде сәйкестендірілмеген жеке зейнетақы шоттарының саны (жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ техникалық шоттар) 2017 жылы 72,5 мың бірлікке азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 326,4 мың шотты құрады. Осылайша, жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы шарттарын БЖЗҚ-ға өткізу үдерісі аяқталған сәттен бастап, соңғы 4 жыл ішінде 495 мың техникалық шарт немесе олардың 60 пайызы өңделді. Шарт базасын өзектендіру бойынша жұмыстарды 2020 жылға дейін аяқтау жоспарланған.  

     2017 жылы барлық проблемалық эмитенттерге қатысты белсенді жұмыстар жүргізілді. 2013 жылдың күзі мен 2014 жылдың көктемі аралығында жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру жұмыстары жүргізілген болатын. Осы кезеңде Қорға барлығы 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді. Олардың облигацияларының атаулы құны – 161,45 млрд теңге болды.

     Берешектерді қайтару бойынша жүргізілген кешенді шаралардың арқасында 2017 жылы зейнетақы активтері бойынша Қор алдындағы өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,25 млрд теңгені құрады. Бұл 2014-2016 жылдар аралығында өтелген берешектердің жалпы сомасына жақын. Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 19проблемалық эмитент қалды. Олардың атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы 37,3 млрд теңгені құрады. Бұл зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 0,5 пайызына жуық.

     Проблемалық эмитенттерге қатысты жұмыс бұл өте күрделі үдеріс. Ол көптеген факторларға байланысты. Қазіргі уақытта тағы бір эмитент: «АБДИ Компани» АҚ дефолтқа жол беріп отыр (атаулы құны бойынша 3,8 млрд теңге). Бұл эмитент Қорға қатысты өзінің облигациялары бойынша негізгі қарызының бірінші кезеңін өтеу бойынша 1,2 млрд теңге мөлшерінде дефолтқа (төлей алмау) жол берген. Қазіргі уақытта Қор осы эмитентке қатысты берешекті сотқа дейін реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

     Қор алдындағы міндеттемелердің орындалмау мүмкіндігінің жағымсыз салдарын азайтау мақсатында 2018 жылдың бірінші тоқсанында алдын алу шараларын жүргізді. Соның арқасында «Астана финанс» АҚ эмитентінің берешегі реттелді. Эмитент Қордың зейнетақы активтерінің портфеліндегі теңгелік ноталарды толық көлемде сатып алды. Сөйтіп, Қордың зейнетақы активтеріне шығын келтіру қатері жойылды. Нтәтижесінде салымшылардың шотына инвестициялық табыс ретінде 10,8 млрд теңге есептелді.

     Сондай-ақ, Қор атқару өндірістері мен эмитенттерді оңалту және олардың банкротқа ұшырау рәсімдері бойынша ілеспе қызмет көрсетіп жатыр.  

     «Қазақстан Қағазы» АҚ эмитентіне қатысты өткен жылдың соңында Лондонның Жоғарғы соты «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының Мақсат Әріп, Бағлан Жүніс және Шынар Диханбаеваның үстінен берген талап-арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бұл азаматтар «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының бұрынғы акционерлері және директорлары. Бұл талаптардың «Қазақстан Қағазы» АҚ пайдасына қанағаттандырылуына байланысты тиісті қаражат өндіріп алынып, «Қазақстан Қағазы» АҚ кредиторларының, оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ талабын қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін. Бұл ретте бұл эмитентке қатысты оңалту рәсімінің тоқтатылып, банкротқа ұшырау рәсімінің қозғалуына байланысты бұл мүмкіндіктердің жүзеге аспай қалуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл қауіп Лондонның сот талқылауы бойынша жауапкер ретінде қатысып жатқан тұлғалардың қарсы тұруына, сондай-ақ «Қазақстан Қағазы» компаниясына қатысты қолданылған банкротқа ұшырау рәсімінің салдарынан туындайтын қиындықтарға байланысты орын алып отыр.

     Сонымен, 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Қордың инвестициялық портфелінде 20проблемалық эмитент қалды. Олардың атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы – 41,15 млрд теңге.  

     Қазіргі уақытта Қордың бұған дейін зейнетақы активтері бойынша міндеттемелердің орындалмауына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша  жіберген арызы аясында 5 қылмыстық өндіріс қозғалды («Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «Астана Недвижимость» АҚ, «Астана Финанс» АҚ, «Имсталькон» АҚ және «РЭМИКС-Р» АҚ).

     Сондай-ақ, зейнетақы Қоры бірқатар эмитенттердің қызметін тексеру мәселесі бойынша Қазақстан республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық зерттеу қызметінің аумақтық бөлімімен бірлесе әрекет жасап жатыр. Ондағы мақсат – эмитенттердің өз құнды қағаздарын сатудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланған-пайдаланбағанын анықтау.

     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

     «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz  

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «23» сәуір

    «БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы

    Алматы, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2017 жылғы қаржы есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншікті капиталы 91,3 млрд теңгені құрап, есепті жылда 18,1 млрд теңгеге өсті. Өсім есепті кезеңде үлестірілмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есепті жыл ішінде салық салудан кейін қалған таза пайда - 18,2 млрд теңгені құрады.  

     2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 трлн теңгені құрады. Сөйтіп 2017 жылдың басынан бері 1,1 трлн теңгеге артты. Яғни, бір жыл ішіндегі өсім 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Жалпы ішкі өніміне қатынасы 15,1 пайызды құрады (2016 жылы нақтыланған дерек бойынша – 14,2%). 

    2017 жылы түсімдердің жалпы сомасы (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 757,7 млрд теңге болды. Зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 8 пайызға артты. 2016 жылы бұл көрсеткіш (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 700,7 млрд теңгені құраған болатын. 2017 жылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 жеке зейнетақы шотына орта есеппен 120 мың теңгеге жуық қаржы келіп түсті.

    2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғанын еске саламыз.   

    2017 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 211,12 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 26,06 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 169,69 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 22,69 млрд теңгені құрады. 2017 жылы орта есеппен 1 адамға берілген зейнетақы төлемдерінің сомасы шамамен 576,5 мың теңгеге жетті. 

    Сонымен қатар есепті кезеңде зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында электрондық қызметтерді дамытуға ерекше мән берілді.

    2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бірлікке немесе 66 пайызға артты. Хабарлау тәсілі ретінде интернет байланысы таңдалған зейнетақы шоттарының үлесі 30 пайыздан 49 пайызға өсті. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бірлікті құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам  ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. 2017 жылы олардың қатарына хабарлау тәсілін өзгерту туралы қосымша келісім жасау арқылы 1,3 млн салымшы (алушы) келіп қосылды.     

    Қор 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап салымшылар мен алушыларға Қор кеңселеріне келмей-ақ негізгі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерді енгізді. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толған кезде немесе 1,-ші және 2-ші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру мүмкіндіктерін атауға болады.

    Электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 2017 жылы 45 пайыздан 52 пайызға дейін өсті. Жоспар бойынша бұл 47 пайыз болатын.

    Салымшылар мен алушылар Қордың зейнетақы қызметтеріне өз бетімен қол жеткізе алулары үшін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалымен жұмыс істеу бойынша арнайы сервис әзірленді. 2017 жылдың 4-ші тоқсанында Қордың барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Осы заманауи технология арқылы салымшылар мен алушылар енді зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін тағайындауға дейінгі барлық дерлік электрондық қызметтерді пайдалана алады.   

    Зейнетақы Қоры халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, олардың ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөледі. Осылайша, 2017 жылы «Мобильдік кеңсе» жобасы аясында 2016 жылға қарағанда 6,5 есе көп операция жүзеге асырылды. 2017 жылы Қор қызметтерін тұтынушылардың тұрғылықты жері бойынша 7,1 мың көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мың операция жасалды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылы 1,1 мың көшпелі шара өткізіліп, 29 мың операция жүзеге асырылды. Оның ішінде жоба бойынша 13,5 мың салымшы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіліп, 38,7 мың операция орындалды. 2016 жылы осы санаттағы 15,7 мың адамға қызмет көрсетіліп, барлығы 47 мың операция жүзеге асырылған болатын.   

    БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18,1 мың көшпелі таныстырылымдық шара өткізді. Бұл кездесулерге 557 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және облыстық филиалдардың жұмысымен жете танысу үшін Қор басшылығы Қазақстанның барлық облыстарына іс-сапармен шықты. Іс-сапар барысында Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды.

    Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындармен арадағы байланысты нығайту мақсатында БЖЗҚ жанында Қоғамдық кеңес құрылған болатын. Ол Қор және салымшылар мен алушылар арасындағы тұрақты да тиімді ақпараттық-коммуникациялық арна іспеттес болды. 2017 жылы 6 отырыс және ҚР Ұлттық Банкі мен қаржы нарығының сарапшыларын тарта отырып, зейнетақы жүйесі туралы дөңгелек үстел өткізілді.

    Есепті кезеңде Қорға кері байланыс арналары бойынша азаматтардан 405 780 өтініш келіп түсті. Бұл 2016 жылға қарағанда (169 159) 2,4 есе көп. Өтініштердің 65 пайызы байланыс орталығы, 27 пайызы Қор сайтындағы онлайн кеңесші, 8 пайызы басқа арналар арқылы келіп түскен. Олардың ішінде Қор кеңсесі, кері байланыс сервисі, Қор сайтындағы Басқарма төрайымының блогы, Пікірлер мен ұсыныстар кітабы және Қордың әлеуметтік желідегі парақшалары бар.    

    2018 жылдың бірінші тоқсанында зейнетақы активтері 193 млрд теңгеге артып, 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 7,97 трлн теңгені құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі (98%) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты. Биылғы жылдың алғашқы үш айында 92,2 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Жеке зейнетақы шотына келіп түсетін бір зейнетақы жарнасының орташа мөлшері 15 700 теңгені құрады.

    2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде таза инвестициялық табыс 66 млрд теңгені құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың наурызы аралығында 8,00 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,6 пайызға жетті. Яғни, табыстылық инфляция деңгейінен жоғары болды.

    2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 72,4 млрд теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,9 млрд теңгені құрады.  Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 77,35 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 6,04 млрд теңгені құраған болатын.

    2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 20 мыңға жуық (нақты: 19 194) адам пайдаланып үлгерді. Олардың ішінде 2298 салымшы онлайн тәртібінде жеке зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш берген. Сондай-ақ 11 754 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 4155 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

    Одан басқа 2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда 4,8 мың таныстырылымдық шаралар өткізіліп, оларға 152 мыңнан астам адам қатысты.

    БЖЗҚ тұрақты түрде Ашық есік күні шарасын өткізіп тұрады. 2018 жылдың 27 наурызында кезекті шара өткізіліп, оған шамамен 4806 адам қатысты.

     2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсілін пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Оның ішінде 823 мыңнан астам адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшін Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.   

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

                                                                            

      «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы                  БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz




    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
    2018 жылғы «__» наурыз
    2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

     Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.  

    2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады. 

    Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.  

    Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.

    2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған.  

    Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.  

    2018 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдағандардың саны 5 млн адамға жетті. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

    2018 жылдың 1 наурызына қарай ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 1,4 млн бірлікті құрады, яғни жыл басынан бері 14 пайызға өсті. 

    «БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. БЖЗҚ 2017 жылы Қор қызметтерін оның кеңселеріне келмей-ақ  қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерін іске қосты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының жеке кабинеті арқылы жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдауға, олардың орындалу мәртебесін қадағалауға, сондай-ақ салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізуге және хабарлау тәсілін өзгертуге болады.

    2018 жылдың наурыз айында салымшылар мен алушылар Қордың барлық 18 өңірлік филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде терминал арқылы мынадай қызметтер қолжетімді: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу; жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу; міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру; жеке деректемелерді өзгерту; берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау. Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар: ЖСН және құпия сөз (пароль) немесе жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы алу. Одан басқа, таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторынан бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алу қызметі іске қосылады.

    Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздері келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                

        БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     

     




    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «13» шілде

    Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы

    Алматы, Қазақстан–«БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудің жаңа арнасын енгізгендігін хабарлайды.     

    Жаңа қызмет Қор бөлімшесіне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді.   

    БЖЗҚ пайдаланатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметінің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіруге және дамытуға мүмкіндік береді. 

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

       

     

     




    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «12» шілде

    Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі

     Алматы, Қазақстан – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. Бұл жарналардың мөлшері алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

     Айта кетелік, бұл тәртіп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар үшін күні бүгінге дейін міндетті негізде қолданылып келеді. Ал азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейін тек міндетті зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Енді жоғарыда атап көрсетілген түзетулер күшіне енген соң, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетінше аударулары тиіс.      

     Аударымдарды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жарналарды аудару Қағидаларымен[1] реттеледі. Осы Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта бұл Қағидалар жоғарыда енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес нақтыланып жатыр.  

     Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды екінші деңгейдегі банктің мына деректемелеріне қолма-қол ақшамен енгізеді:

     

    Бенефициар банкі 

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  

    Бенефициар БСК

    GCVPKZ2A

    Бенефициар ЖСК  

    KZ12009NPS0413609816 

    Бенефициар БСН

    160440007161 

    [1]Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен бекітілген, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері

    Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

     Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

     Аталмыш түзетулер міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен азаматтардың зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

     Бүгінде Қазақстанда үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Ол мемлекетті, жұмыс берушілерді және барлық жұмыс істеуші азаматтарды, олардың ішінде жалданып жұмыс істемейтін азаматтарды да қамтиды. Уақыт өте келе зейнетақы жүйесінің жинақтаушы бөлігі басымдыққа ие болады. Сондықтан жұмыспен қамтылған тұрғындарды зейнетақы жүйесімен барынша қамту қажет. Сәйкесінше міндетті зейнетақы жарналарын Қорға уақытылы және тұрақты негізде  аударып отыру - азаматтардың барлық санаты, оның ішінде азаматтық-құқықтық шарттар аясында жұмыс істейтін азаматтар үшін өте маңызды. Бұл зейнетақы жинақтарының сомасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшерін арттыруға да мүмкіндік береді. Өйткені 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу барысында 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.

     «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     




    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «28» ақпан
    2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

     Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.

     2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады. 

     2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.

     Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.

     2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

     Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейін жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткіштер сәйкесінше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.

     2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 48,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгені құрады.

     Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 

     2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Қазір сол электрондық сервистерді пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде электрондық өтініш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екінші жартысында, яғни электрондық сервистер іске қосылғаннан бері шамамен 250 адам осы қызметті пайдаланған. Яғни, бір айдың ішінде өсім 60 пайызды құрады. Ал өздерінің деректемелеріне өзгерістер енгізген салымшылардың саны бір ай ішінде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екінші жартысында 1 180 адам осы сервисті пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

     Айта кетелік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 64 пайызға артты.

     БЖЗҚ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ерекше көңіл бөледі: «Мобильдік агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелі қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 125 бірлікке артық. Яғни, өсім 27 пайызды құрады.

     Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелі тыныстырылымдық шара өткізілді. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп.

     Қазіргі уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бірақ бірде-бір жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат – бұл салымшылардың деректерінің мәртебесін айқындау.

     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

     «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz





    «
    БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

     «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  

     Осы Меморандум аясында зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай елдімекендерде Қазпошта бөлімшелері арқылы көрсету жоспарлануда.

     Трансферагенттік қызметтерді көрсету үшін елдімекендерді таңдағанда ең алдымен экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындары аз, аудан орталықтарынан алыста орналасқан шағын елдімекендерге басымдық беріледі.  

     Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жоспары әзірленген. Техникалық мәселелер шешіліп, «Қазпошта» АҚ қызметкерлер құрамы оқытылған соң, трансферагенттік қызметтер ең алдымен кезең-кезеңмен тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 24 елдімекенде, кейін биылғы жылдың соңына дейін тұрғындары 2 мыңнан 5 мың адамға дейін болатын 70 елдімекенде көрсетілетін болады. Осылайша, 2018 жылы БЖЗҚ қызметінің көрсетілу деңгейі республика бойынша 43 пайызға артады.

     2019 жылы тұрғындарының саны 2 мыңға жетпейтін 125 елдімекенде трансферагенттік қызмет көрсету жоспарланған.  

      БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

     «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     5 сұрақ 


    5 сауал

    5 сауал

     
    1. Зейнетақы активтерін кім басқарады
     
    «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерін сенімді басқару туралы келісім жасалды. Басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін  салатын қаржы құралдарының тізімін белгілеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган  - ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес.  БЖЗҚ зейнетақы активтерін сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтері қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепілдік береді деп айтуға толық негіз бар.
     
     
    2. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланады?  
    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекітілген бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бірге, инвестициялық шешімдер, соның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес қабылданады.  
     
    ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақ мерзімді перспективада табыстылықтың үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету үшін  активтер   теңгемен де, шет елдік валюталармен номиналданған түрлі қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдерді барынша төмендету үшін зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.  
     
    Қазіргі кезде зейнетақы активтері мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне және сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына салынған.  Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz  ресми сайтында («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы») бөлімінде жүйелі түрде жарияланып тұрады.  
     
     
    3. Зейнетақы қаржылары қайда инвестицияланады?
     
    «БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтері есебінен жасақталған  инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жарияланып, эмитенттің атауын, қағаздардың көлемін, қаржы құралдарының есепті датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетіледі. 
     
    2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері   8, 263 трлн теңге болды.
     
    Портфельдің негізгі бөлігін- 45,94% - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағаздары құрайды.  МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.
    Инвестицияланған зейнетақы активтерінің ішінде екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары тұр, олардың портфельдегі үлесі  -  14,71%, ал ағымдағы бағасы - 1 215,58 млрд теңге.
     Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:
    - шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары   (11,71%);
    - Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары   (8,86%);
    - банктердің депозиттері: қазақстандық (3,84%) және шетелдік (5,58%);
    - тәуекел мен портфельдің табыстылығын қамтамасыз ететін басқа да құралдар.
     
    Қаржы құралдарының   инвестициялық портфеліндегі  валюталардың үлесі: 
    • Ұлттық валюта – 68,63%
    • АҚШ доллары – 31,16%
    • Ресей рублі – 0,41%
    • Басқа валюталар – 0,10%
     
    Инвестициялық қызметтің бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты   есептелген инвестициялық табыстың көлемі 2018 жылдың басынан   251,41 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың басынан БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерінің табыстылығы   2,98%-ды құрады.
     
    4. Мен ресми жұмыс істемеуіме байланысты зейнетақы жарналарын төлемеген  уақыт болды.  Маған бұл кезеңге инвестициялық табыс аударылмайды ма?   
    Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзінде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрі аударыла береді. 
    Жинақтардың жай-күйі туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді-көшірмесінен алуға болады. Ол ақысыз беріледі, ал хабарландыру тәсілін салымшы (алушы) өз бетінше таңдайды. Үзінді-көшірме алудың келесі тәсілдері бар: 
    ¾      Пошта байланысының көмегімен – жылына бір рет; 
    ¾      Электрондық пошта арқылы  – таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);   
    ¾      БЖЗҚ кеңсесіне өзі бару арқылы  – шектеусіз;
    ¾      Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) – шектеусіз;   
    ¾      enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы («Әлеуметтік қамсыздандыру»  айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» - (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлімінде) порталда тіркеліп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда. 
     
    5. Инвестициялық табысқа салық салына ма?  
    ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның ішінде есептелген инвестициялық табысқа,  Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады. 
     
     Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексі) зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық ұсталатын табысқа жатады.
     
     ҚР Салық Кодексінің 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемі ретіндегі табыс түрлеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салық төлеушілердің келесі зейнетақы жарналары есебінен жасалатын төлемдері жатады: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары. 
     
     Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алғанда салық төленетін табыс көлемін азайтатын салық шегерілімдеріне қақысы бар.  Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнің барлығына емес, оның бір бөлігіне ғана салынады. Салықтың түпкі мөлшерін есептеу үшін «бір жылдық зейнетақы төлемінен» «бекітілген салық шегерілімі» сомасын алып тастау керек. 
     
    Сонымен қатар кейбір азаматтар ҚР Салық кодексінің 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгі айлық жалақысының 75 еселенген шегінде түзетуіне болады.

    ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

     

    Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ақпараттарды ұсынамыз. 

    1. Саламатсыз ба! Зейнетақы жинақтарымның жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?

    Жауап: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды. Шоттан үзінді-көшірме алудың мынадай тәсілдері бар: 

    ¾     пошта байланысы арқылы  – жылына бір рет;

    ¾     таңдап алынған төлем кестесіне сәйкесэлектрондық пошта арқылы – (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);

    ¾     БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде – бұған шек қойылмайды;

    ¾     интернет-хабарландыруарқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) – онлайн режимінде – шектеусіз;

    ¾     enpf.kz сайтына тіркелу жолымен оның «Жеке кабинет»арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар болса egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы -  шектеусіз. 

    Егер Сіз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы үзінді-көшірмені дәстүрлі пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы алып келген болсаңыз және ол келмей қалса, бұған тұрғылықты мекенжайыңызды немесе электрондық поштаңызды ауыстырғаныңыз және осы өзгерістер туралы Қорға дер кезінде хабарламағаныңыз себеп болуы мүмкін.    

    Егер Сіз зейнетақы шотыңыз жайында үзінді-көшірме алу тәсілін таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегі Қор кеңсесіне келіп, хабарлау тәсілі туралы қосымша келісім жасай аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

    Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бірнеше минутты алады.  

    Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу  - қазіргі уақытта өте танымал. Ол үнемді әрі зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртібінде бақылап отыруға мүмкіндік береді.     

     

    2. Саламатсыз ба! Мен Ресейге көшіп кетіп едім. Бір айдан соң, Алматыға қайтып ораламын. Сондықтан зейнетақы жинақтарымды алудың қандай жолы бар екендігін білгім келеді.  Бұл қанша уақытты алады?

    Жауап: Зейнетақы төлемдерін алушы ҚР аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін Қорға жеке өзі келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жағдайлар көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

    2) алушының банк шоты туралы мәліметтері.

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы аясында қызмет атқарады. Сондықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті қараған кезде мына Қағидаларды басшылыққа алады. Ол:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары».

    Соған сәйкес, егер Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам шетелге көшетін болса, онда ол бірінші кезекте елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдейді. Бұл не үшін керек? Бұл Қазақстанда орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет. 

    Бұл үшін ол ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) аумақтық бөлімшелеріне немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) барып өтініш жасайды. 

    Айта кетейік, Қазақстаннан кетуді рәсімдеуге арналған ақпараттардың барлығын ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына жіберіп отырады.

    Бұдан кейін шетелге көшетін азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш жасайды. Өзі келіп өтініш жасайтын болса: шетелдік паспортының түпнұсқасын, зейнетақы жинақтарын аударатын банк шоты туралы мәліметті ұсынады және өтініш жазады.  

    Айта кетелік,  құжаттарды үшінші тұлға (сенім артылған) немесе пошта байланысы арқылы да ұсынуға болады.

    Зейнетақы Қоры құжаттарды тексеруге алған соң, өтініш берушінің шетелге көшетіндігін растау үшін Мемлекеттік дерекқорға сауал жібереді. 

    Құжаттарға қатысты оң жауап алынса, ескертпелер болмаса, Қор құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлемдерді алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Ал егер құжаттарға қатысты жағымсыз жауап алынса немесе ескертпелер болса, зейнетақы Қоры өтінішті орындаудан бас тартып, алушыға бұл жайында ескертіп, себебін түсіндіреді.   Өкінішке қарай, бүгінде шетелге көшкен немесе көшетін кейбір азаматтар құжаттарды дұрыс рәсімдемейді. Алдымен шетел азаматтығын алып, кейін Қазақстанның азаматтығынан айрылады. Бұл дұрыс емес.

               Ең алдымен, Қазақстанға келіп, белгіленген тәртіпте елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеу қажет. Кейін Қазақстан азаматтығынан бас тартуға болады. Бұдан кейін егер зейнетақы жинақтары болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына келіп өтініш жасай алады. 

    Құжаттардың барлық тізбесін, оларды рәсімдеу талаптарын, сондай-ақ, өтініш бланкалары мен толтыру үлгілерін «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан мына сілтеме бойынша таба аласыз:

    https://www.enpf.kz/kz/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php

     
    3. 
    Саламатсыз ба! Мен өзіме зейнетақы шотын ашуым керек еді. Бұған ақша төлеу керек пе? Қандай құжат керек?

    Жауап: Зейнетақы шоты тегін ашылады. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт  (қосылу шарты) Заңда көзделген құқықтарды, міндеттерді және жауапкершілікті, сондай-ақ  БЖЗҚ мен салымшы (кейіннен зейнетақы төлемдерін алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да ерекшеліктерін бекітеді.

    Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған болсаңыз, жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу жөнінде өтінішті толтыруыңыз қажет.

    Жеке зейнетақы шоты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты.

    Салымшы ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін Қор бөлімшесіне өзі келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

    - жеке өзі келгенде – жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); - сенім білдірілген тұлға өтініш жасағанда – сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа), нотариат куәландырған сенімхат не оның нотариат куәландырған көшірмесі, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

    Сонымен қатар Сіз ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті мына сілтеме бойынша онлайн тәртібінде рәсімдей аласыз: 

    https://www.enpf.kz/kz/uslugi/budushchim-pensioneram/otkrytie-individualnogo-pensionnogo-scheta-ips-za-schet-obyazatelnykh-pensionnykh-vznosov-opv.php

    Бұл үшін қолыңызда электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті (ЭЦҚ) болуы керек немесе Қор сайтының Жеке кабинеті Сіз үшін қолжетімді болуы қажет.     


    4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғанда оның жинақтары мұрагерлерге қалай беріледі?

    Жауап:Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 31-33 – баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда алдымен оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (биыл ол: 2405*52,4 = 126 022 теңге) жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс.

    Мұрагерлікке құқығы бар тұлғалардың толық тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген. Қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажетті негізгі құжаттардың бірі - мұрагерлік құқығы туралы куәлік.

    Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша, мұрагерлікті қабылдау туралы өтініш, мұраға қалдырушы қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кешіктірілмей берілуі тиіс. Егер уақыт өтіп кетсе, онда сотқа жүгінуге тура келеді.

    Барлық зейнетақы шоттарындағы жинақтар мерзімсіз сақталады. Салымшылар қайтыс болған жағдайда мұрагерлеріне беріледі. Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тізімі Қопрдың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлімінде орналастырылған.

     
    5. 
    Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй үшін бастапқы жарна төлеу үшін алуға бола ма? Біз жас отбасымыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға үй алуға мүмкіндігіміз бар. Қазір пәтер жалдап тұрамыз.    

    Жауап: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тек заң аясында ғана қызмет атқарады. Сәйкесінше «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгiленген жандарға төленеді. 

    Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

    Яғни, ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені өтеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндіктері қарастырылмаған.

    Жалпы, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі тұрақты түрде дамып келеді. Салымшылардың сауалдары мен өтініштеріне сараптама, ал зейнетақы жарналарына мониторинг жүргізілуде. Актуарлық есептемелер жасалып, әлемдік тәжірибелерге талдау жүргізіліп жатыр. Сондықтан Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы әңгіме қозғауға әлі ерте.
     
    25.08.2018 ж

    --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



     

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт ұнайды ма?

    Дауыс беру

    Document

    Полезные ссылки